Қолданыстағы ред. 26.03.2007 (Редакция 32992_306005.kaz)

Аудан әкімиятының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы» №104 қаулысының №3 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы от 26.03.2007 г. № 124 (Аудан әкімиятының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы» №104 қаулысының №3 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудан әкімиятының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы» №104 қаулысының №3 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы
Аудан әкімиятының 24.04.2005ж «Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы» №104 қаулысы әділет басқармасында 12.05.2005ж №7-2-5 санымен тіркеуден өтіп, күні осы уақытқа дейін аудан халқының экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылмаған бөлігін жұмыспен қамтуға жылма жылғы жалақы төлеудің мөлшері «Республикалық бюджет» Заңына сәйкес қолданыста болып келген қаулыға, аудан прокурорының Заңға сәйкестендіру бағытында 21.03.2007ж №7-322-07 наразылығын қарап, «Қазақстан Республикасының «2007 жылғы Республикалық бюджет туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Көрсетілген Қаулының №3 қосымшасының үшінші бағанындағы көрсетілген «7000,9200,10000,12000» цифрлар алынып тасталсын.

1

1) №3 қосымшаның үшінші бағандағы цифрлардың орнына, «әр жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңдарында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен бастап, атқарылатын жұмыстың күрделілігіне қарай 1,3 есеге дейін» болып белгіленсін.

2

2. Алынған қаулының әділет органдарында тіркелуі қамтамасыз етілсін.

3

3. Қаулының бір данасы аудан прокурорына жолдансын.

4

4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

5

5. Орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.М.Бақмановқа тапсырылсын.