2005 жылғы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2005 жылғы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылғы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/190-IV
- Қабылданған күні
- 11.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2008 · қолданыстағы 40893_387518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VM000047
- ЭКБ идентификаторы
- 40893
- Редакция идентификаторы
- 40893_387518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:07
0 2005 жылғы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2005 жылғы 25 наурыздағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" № 11/12-III (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірде 2264 нөмірімен тіркелген, "Арай" газетінің 2005 жылғы 2 мамырдағы № 19 санында, "Луч" газетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 18 санында жарияланған), 2007 жылғы 22 желтоқсандағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 3/33-IV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 8 қаңтарда № 5-13-38 нөмірімен тіркелген, "Арай" - "Луч" газеттерінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережеде:
1 1 тармақ мындай редакцияда жазылсын:
1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі. Осы Ереженің 3 тармағына сәйкес тұрғын көмегін алуға құқылы отбасылар кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үй көмегін алуға құқылы.
17-1 тармақпен толықтырылсын:
17-1 " 17-1. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар, осы Ереженің 14 тармағында қарастырылған, құжаттардан басқа, анықталмаған үлгідегі өтінішке қосымша келесі құжаттар тапсырады:
1 1) кондоминиумнің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар төлеудің түбіртектері;
2 2) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді;
2 3) тұрғын үй иесі, кондоминиум және жөндеу жұмыстарын жүргізушң ұйым арасындағы кондоминиум объектілернің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға жасалған шарт.
3 4) кондоминиумнің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы қабылдау-тапсыру актісі.
Арыз берген күннен бастап жылына бір рет кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеуден өткізу үшін тұрғын үй көмегі жалпы жиналыста осы мақсатқа белгіленген шығындардың 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Соның ішінде тұрғын-үй көмегін алушыларға күрделі жөндеу жүргізуге қарастырылған төлем ортақ шығын сома үлесінің шеңберінде белгіленеді.
45 45 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
45 «45. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу үшін төленетін көмек пен тұрғын үй көмегі екінші дәрежелі банктер, «Казпочта» акционерлік қоғамы арқылы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
.