Қолданыстағы ред. 28.08.2007

Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.08.2007 г. № 10-IV (Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік
жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік
тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы »
2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » заңының 6 бабы негізінде (2005 жылғы 26 қазандағы аудандық мәслихаттың кезекті ХҮІІІ сессиясының №140-ІІІ санды шешімі мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-32 санымен 10 қараша 2005 жылы тіркелген, аудандық «Нарын таңы» газетінің 2005 жылғы 26 қарашадағы №48 санында жарық көрген) аудандық әкімияттың 2007 жылғы 27 тамыздағы №144 қаулысын қарай келіп, аудандық ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешімі өзгеріс және толықтыруларымен қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Аталған шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

3

Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 28 тамыздағы
І сесесиясының №10-ІҮ
нормативтік құқықтық кесімне қосымша
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына
мемлекеттік тұрғын үйлерін жекешелендіру туралы
Е Р Е Ж Е:

1

1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Түрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы» Ережесіне және осы жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

2

2. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1

1) Тұрғын үй- тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);

2

2) Тұрғын үйді жекешелендіру – кейбір санаттағы азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын үй- жайларды меншігіне сатып немесе тегін алуы, ол заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;

3

3) Репатрианттар – Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар.

3

3. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйлерін жекешелендіру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

4

4. Өтеусіз тегін жекешелендіруге мына санаттағы азаматтар жатады:
- репатрианттар (оралмандар);
- жасына қарай зейнеткерлік демалысына шыққан, бұрын жекешелендіру құқын пайдаланбаған зейнеткер, ауданның Құрметті азаматы.
- көп балалы, тұрмыстық деңгейі төмен, әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын, баспанасыз, отырған үйлері авариялық жағдайда болуымен байланысты үймен қамтылған отбасылар.

2

2. Жекешелендіру тәртібі және тұрғын үйді пайдалану

5

5. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ретпен, шарттармен және осы Ережеге сәйкес жекешелендіріледі.

6

6. Тұрғын үйді жекелендіру кәмелеттік жасқа толған барлық жанұя мүшелерінен жазбаша келісім алу арқылы жүзеге асырылады.

7

7. Тұрғын үйді жекешелендіруде сатып (өтеусіз тегін алушы) алу мен сатушының (мемлеекттік уәкілетті орган) аралығында келісім шарт жасалады.

8

8. Тұрғын үйді бағалауды және жекешелендіруді арнайы бекітілген комиссия арқылы жүзеге асырылады.

9

9. Тұрғын үйді жекешелендіруге тілек білдірген азамат төмендегі құжаттарды аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырады:

1

1) Аудандық жекешелендіру комиссиясына арыз;

2

2) Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3

3) Жанұялық анықтама;

4

4) Тұрғын үйде бірге тұратын жасы 18-ден асқан жанұя мүшелерінің нотариялды куәландырылған қолхаты;

5

5) Кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық органынан анықтама;

6

6) Тұрғын үй ордерінің көшірмесі;

7

7) Бұрын жекешеленген тұрғын үй тіркелмегендігін растайтын анықтама;

8

8) Әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын куәландыратын анықтама.

10

10. Көп қабатты үйлердегі жекешеленген пәтерлер мен жайларды қайта құру немесе жобалау тиісті аудандық мемлекеттік басқару органдарының келісімі арқылы жасалады.