Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік
жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік
тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы »
2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » заңының 6 бабы негізінде (2005 жылғы 26 қазандағы аудандық мәслихаттың кезекті ХҮІІІ сессиясының №140-ІІІ санды шешімі мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-32 санымен 10 қараша 2005 жылы тіркелген, аудандық «Нарын таңы» газетінің 2005 жылғы 26 қарашадағы №48 санында жарық көрген) аудандық әкімияттың 2007 жылғы 27 тамыздағы №144 қаулысын қарай келіп, аудандық ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешімі өзгеріс және толықтыруларымен қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 28 тамыздағы
І сесесиясының №10-ІҮ
нормативтік құқықтық кесімне қосымша
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына
мемлекеттік тұрғын үйлерін жекешелендіру туралы
Е Р Е Ж Е:
Тармақ 1
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Түрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы» Ережесіне және осы жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй- тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);
Тармақша 2
2) Тұрғын үйді жекешелендіру – кейбір санаттағы азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын үй- жайларды меншігіне сатып немесе тегін алуы, ол заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) Репатрианттар – Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар.
Тармақ 3
3. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйлерін жекешелендіру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өтеусіз тегін жекешелендіруге мына санаттағы азаматтар жатады:
- репатрианттар (оралмандар);
- жасына қарай зейнеткерлік демалысына шыққан, бұрын жекешелендіру құқын пайдаланбаған зейнеткер, ауданның Құрметті азаматы.
- көп балалы, тұрмыстық деңгейі төмен, әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын, баспанасыз, отырған үйлері авариялық жағдайда болуымен байланысты үймен қамтылған отбасылар.
Тармақ 2
2. Жекешелендіру тәртібі және тұрғын үйді пайдалану
Тармақ 5
5. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ретпен, шарттармен және осы Ережеге сәйкес жекешелендіріледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді жекелендіру кәмелеттік жасқа толған барлық жанұя мүшелерінен жазбаша келісім алу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйді жекешелендіруде сатып (өтеусіз тегін алушы) алу мен сатушының (мемлеекттік уәкілетті орган) аралығында келісім шарт жасалады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үйді бағалауды және жекешелендіруді арнайы бекітілген комиссия арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үйді жекешелендіруге тілек білдірген азамат төмендегі құжаттарды аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырады:
Тармақша 1
1) Аудандық жекешелендіру комиссиясына арыз;
Тармақша 2
2) Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) Жанұялық анықтама;
Тармақша 4
4) Тұрғын үйде бірге тұратын жасы 18-ден асқан жанұя мүшелерінің нотариялды куәландырылған қолхаты;
Тармақша 5
5) Кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық органынан анықтама;
Тармақша 6
6) Тұрғын үй ордерінің көшірмесі;
Тармақша 7
7) Бұрын жекешеленген тұрғын үй тіркелмегендігін растайтын анықтама;
Тармақша 8
8) Әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын куәландыратын анықтама.
Тармақ 10
10. Көп қабатты үйлердегі жекешеленген пәтерлер мен жайларды қайта құру немесе жобалау тиісті аудандық мемлекеттік басқару органдарының келісімі арқылы жасалады.