Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы · № 418 · қабылданған 30.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-28-no-111/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған 30.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы № 418 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
418
Қабылданған күні
30.11.2009
Қолданысқа енгізілген күні
25.01.2010
Көрсетілген редакция
30.05.2016 · соңғы 49712_246711.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GF000073
ЭКБ идентификаторы
49712
Редакция идентификаторы
49712_246711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы» Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тізілімінде № 6-6-4 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 мамырдағы «Меркі тынысы» газетінде жарияланған) бекітілген Ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тарауының 6, 7, 8 тармақтары алынып тасталсын;
3 тарауының атауынан «және жауапкершілік» деген сөздер алынып тасталсын;

2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 418 қаулысына қосымша
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңдарына және бөлшек сауданың негізгі ережелеріне сәйкес жасалынған.

2. Осы ереже заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.

3. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылым немесе теле–радио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.

2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату

4. Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органның арнайы қаулысымен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй–жайларда сатылады.

5. Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып–түйілген болуы керек.

3. Осы тәртіптің сақталуын бақылау

6. Осы тәртіп талаптарының сақталуына бақылауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.