2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 09.02.2006 г. № 223 (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (тіркеу № 7-1-25, 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 3 «Жайық үні», 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Пульс города» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
№1 қосымшадағы, Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесіне толықтырылсын:
№ 44 «Батыс Қазақстан облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты». Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 45 «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандырылған әкімшілік соты». Жұмыс түрі: хаттама тасу түрлері, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 46 «№ 23 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақ тазалау және іс қағаздарын жүргізуге көмек көрсету, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 47 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандырылған олимпиадалық резервтегі балалар жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 48 Батыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі: іс қағаздарын жүргізуге көмек көрсету, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 49 Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының құқықтық статистика жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасы. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 50 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі: іс қағаздарын жүргізуге көмек көрсету, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 51 «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі: іс қағаздарын жүргізуге көмек көрсету, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 52 «Батыс Қазақстан облысының ардагер журналистерінің Бейүкіметтік ұйымы»қоғамдық бірлестігі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 53 «№ 2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге
№2 қосымшадағы, Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесіне толықтырылсын:
№ 41 «Топаз» пәтерлер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 42 «ЖЭК-5» Пәтерлер иелері тұтыну кооперативтерінің қауымдастығы. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 43 «Чайка Тұрғын үй кооперативі». Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 44 «Болашақ» үй- жайлар иелері кооперативі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 45 «Алмаз» пәтер иелері тұтыну кооперативі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 46 «Зенит» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 47 «Успех» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақ тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Мұқаевқа жүктелсін.