2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, халықты жұмыспен қамту жөніндегі шаралардың аясын кеңейту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 15.06.2006 г. № 1025 (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (тіркеу № 7-1-25, 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 3 «Жайық үні», 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Пульс города» газеттерінде жарияланған):, 2006 жылғы 09 ақпандағы № 223, (тіркеу № 7-1-34, 2006 жылғы 23 наурыздағы № 12 «Жайық үні» 2006 жылғы 16 наурыздағы № 12 «Пульс города» газеттерінде жарияланған), 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 568, (тіркеу № 7-1-39, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2006 жылғы 25 мамырдағы № 879, (тіркеу № 7-1-44, 2006 жылғы 12 маусымдағы), толықтыруларды ескере отырып, 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 тармақтарымен толықтырылсын:
«3-1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мақсатты топтарға жататын, бастапқы және орта немесе жоғарғы кәсіптік оқу орындарын бітіргендерге мамандығы бойынша дипломнан кейінгі практика ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және алғашқы еңбек өтіліне жағдай жасау, сонымен қатар жазғы каникул кезінде жұмыссыз ретінде тіркелген оқитын жұмыссыз жастарға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3-2. Оқу орындарын бітірушілердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендететін енбек өтілінің, дағдысының, болмауын ескере отырып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жастар практикасына катысушыларды мамандығы бойынша жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
3-3. Тиісті жылға сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамаларымен мекемеде немесе ұйымда ең төменгі айлық жалақы көлемінде бекітілген бағаға берілетін жұмыстың көлеміне және қиындығына қарай Жұмыс беруші өз қаржысы есебінен нақты жасалған жұмысқа үстемеақы белгілеуге құқылы.
3-4. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды қаржыландыруды «Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» кіші бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылсын.»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Р.Мұқаевқа жүктелсін.