Қолданыстағы ред. 28.06.2006 (Редакция 29661_331680.kaz)

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.06.2006 г. № 171 (Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №147-11 «Қазақстан Республикасындғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі меңгерушісінің 8.05.2006 жылғы № 1-11-101 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» (тіркеу 8.09.2005 ж. № 7-4-8 «Орда жұлдызы» г. 28.09.2005 ж. № 42) қаулысына мынадай өзгерістер еңгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналыстыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдардың қатарына төмендегі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары еңгізілсін:
Жеке кәсіпкерлер Хайрушева Шынар, Акмурзина Орынғаным, Альмуратова Мария «Салтанат», Мендалиева Алия «Ақбота», шаруа кожалықтары: «Жабасов Еркін», «Насимуллин», «Бисеналиев А», Суиншев Нуртай «Елеусін», Қожанов Бақытжан, Ижанов Бисен «Самат», Бисенбаев Жеңіс «Өркен», Гумаров Абай.