Құжат мәтініне өту

О демографической ситуации в области и мерах по ее улучшению в 2005 году

Қаулы · № 7 · қабылданған 12.01.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-ekb-22735/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О демографической ситуации в области и мерах по ее улучшению в 2005 году Күшін жойған Қаулы ·№ 7 ·12.01.2005
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О демографической ситуации в области и мерах по ее улучшению в 2005 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 7 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О демографической ситуации в области и мерах по ее улучшению в 2005 году
Атауы (қаз.)
Облыстағы демографиялық жағдай және 2005 жылы оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
12.01.2005
Көрсетілген редакция
17.10.2011 22735_214816.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05S0001465
ЭКБ идентификаторы
22735
Редакция идентификаторы
22735_214816
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:16

0 Облыстағы демографиялық жағдай және 2005 жылы оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272 қаулысына сәйкес облыста 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік демографиялық саясат тұжырымдамасын іске асыру бағдарламасы бекітілген және әрекет етуде. Ел Президентiнiң "Қазақстан - 2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң жетекшi басымдықтары қатарына шығарылды.
Бірақ, облыстың демографиялық жағдай күрделі проблемалардың бірі болып қалуда. Мәселен 2004 жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 12,3-ты құрады және ол 2003 жылғы деңгейден 3 пайызға, ал республикалықтан - 40 пайызға төмен. Бұл көрсеткіш облыстық деңгейден Тимирязев (9,0), Қызылжар (10,5), М.Жұмабаев (11,0), Аққайың (11,3), Мамлют аудандарында (11,3), Петропавл қаласында (11,3) төмен.
Халық өлімінің азаюындағы оң үрдіске қарамастан бұл көрсеткіш әлі де болса жоғары болып қалуда және 2004 жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда 13,2-ты құрады. Облыс халқының орташа жас ұзақтығы қысқара түсуде. Оның мөлшері 2004 жылы 64,8 құрады, соның ішінде ерлердің жасы - 59,7. Әйелдердің денсаулық индексі төмен және балалар өлімінің деңгейі жоғары (1000 адамға шаққанда 14,7) күйде қалуда.
Өткен жылы көші-қон үрдісі теріс сальдосымен (7260 адам) де ерекшеленді. Халықаралық көші-қон 10,9 пайызға, облысаралық - 18,7 пайызға өсті. Өткен жылы 7627 адам туып, 8154 адам қайтыс болды. Осындай үрдістер нәтижесінде облыс халқының саны 2004 жылы 7,8 мың адамға кеміді. Оралмандарды қабылдаудағы және жаңа жағдайда тұруға жайғастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу, еңбекке орналастыру жұмысы есебіндегі кемшіліктер салдарынан облысқа квотамен келген және қаржыландырумен толық қамтамасыз етілген 750 отбасының, бүгіндері 571-і ғана тұрып жатыр. Оралмандарды мемлекеттік қаржылай қолдауда, оларды тарихи отандарына бекітуде алалаушылық бар.
Демографиялық үрдісте жағымсыз тенденцияларды жою, халықтың сапалық және сандық өсімін қамтамасыз ету, көші-қон үрдісін жүйелік реттеу үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік демографиялық саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі облыстың атқарушы органдары әкімдерінің жұмыстары жеткіліксіз деп танылсын.

2 2. 2005 жылы бала тууды материалдық ынталандыру мақсатында әр жаңа туған балаға, жоспардан артық кіріс есебінен 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде бірмезгілдік ақшалай жәрдемақы белгіленсін.

Петропавл қаласы және аудандар әкіміне нәрестелердің аналарына жәрдемақыны салтанатты түрде беру тапсырылсын.

3 3. Денсаулық сақтау департаментінің бастығы (Воронцова):

"2005-2007 жылдарға арналған облыста денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасын" әзірлеген кезде жаңа туылған балаға бірмезгілдік төлемді ескерсін;
бір айлық мерзімде, аналардың денсаулық жағдайын балалы бола алатындай жағдайға жақсарту жөнінде кешенді шаралар әзірлесін, бала туатын жастағы (24-34жас) бақылау тобындағы әйелдерді зерттеу және сауықтырудың тұрақты мониторингін қамтамасыз етсін.

4

4. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (Сақыпкереев) мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші-қон жөніндегі комитет басқармасы (Әлиев) оралмандардың тізімін айқындайтын бірінші сатыдан бастап оралмандармен жұмыс жөніндегі тиімді өзара әрекетін қамтамасыз етсін.

5 5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші-қон жөніндегі комитет басқармасына (келісім бойынша) аудандар мен Петропавл қаласының әкіміне:

сатылуға дайын және бос жұмыс орнын ескере отырып, оралмандарды орналастыру үшін елді мекендер айқындау;
оралмандарға тұрғын үй сатып алуға белсендірек жәрдемдесу;
олардың ілгеріде жайғастыруларын көрсете отырып, 2003 жылдан бері келген оралмандардың тегі бойынша электронды база мәліметтерін қалпына келтірсін;
әлеуметтік-демографиялық жағдайларды жақсарту мәселелерімен тұрақты айналысу тапсырылсын.

6 6. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне оралмандарды "Халықтың көші-қоны" туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша облыстық қызметтердің іс-әрекеттерін тиімді үйлестіру тапсырылсын.

7 7. Әділет департаментінің бастығы Е.А.Сейдімбеков (келісім бойынша), облыстың ішкі істер басқармасы (Тұрғымбаев) оралмандарды құжаттандыруды және тіркеуді шұғыл және сапалы жүргізсін, Қазақстан Республикасының азаматтығын ресімдеу кезінде олардың отбасыларының дәл есебі қамтамасыз етілсін.

8

8. Облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаров оралмандарды қабылдау және жайғастыруды тексеру жөніндегі мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, 2003-2004 жылдары келген оралмандарды қабылдаудағы және жайғастыру жұмысындағы және оларды жайғастырудағы қаржылық шығындардың мақсаттылығы жөніндегі жіберілген кемшіліктер есебін анықтау үшін жұмыс комиссиясын құрсын. Комиссия істелген жұмыстар туралы 2005 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ақпарат берсін.

9

9. Білім департаменті (Дінкенова), мәдениет (Бикенов), дене шынықтыру және спорт басқармалары (Дайыров) жастардың денсаулығын сақтау, салауатты тұрмыс салтын насихаттау, балалы болу тәртібі, ана болу қауіпсіздігі, оқушыларды, жастарды және жұмысшы жастарды адамгершілік-жыныстық және мәдени-эстетикалық тәрбиелеу мәселелері жөнінде ақпараттық жүйе құру, оқу орындарының бағдарламаларына, мекемелердің мәдени-бос уақыт жоспарларына арнайы оқу пәндерін енгізу жөніндегі нысаналы бағдарламаларды мүлтіксіз орындауға қол жеткізсін.

10 10. Ішкі саясат департаменті (Құбаш) облыстық, қалалық, аудандық газеттерде және телевизияда облыстағы мемлекеттік демографиялық саясатты жүзеге асыру мәселелерін көрсетіп отыруды ұйымдастырсын.

11

11. Әлеуметтік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне (Сақыпкереев), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша статистика басқармасына (Жақыпов), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетіне (Әлиев) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын демографиялық жағдайлар, көші-қон үрдісі, еңбек рыногіндегі өзгерістер, әлеуметтік бағдарламаларды орындау туралы мезгіл сайын ақпараттар беріп отыру ұсынылсын.

12 12. Осы өкімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Е.Е.Нұрақаевқа, Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін.

Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі, облыстық атқарушы органдар басшылары осы қаулының орындалу туралы тоқсан сайын (есеп беретін айдан соң кейінгі айдың 10-на) облыс әкімі аппаратына ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

Қолданыстағы