Ауданы бойынша кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаның 2005 жылға арналған іс-шараларын бекіту туралы
Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің 2005 жылға арналған іс-шараларын туралы хабарламаны тыңдап және талқылай келе, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ауданы бойынша кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаның 2005 жылға арналған іс-шараларын бекіту туралы от 14.01.2005 г. № 17/1 (Ауданы бойынша кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаның 2005 жылға арналған іс-шараларын бекіту туралы)
1. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2005 жылға арналған іс-шаралары бекітілсін (бұдан әрі іс-шаралар).
2. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2005 жылы 10 шілде мерзіміне орай аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына іс шаралардың жүзеге асу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
3. Ауданның экономика және қаржы бөлімі жыл сайын бюджетті қалыптастырған кезде іс-шараларды іске асыруға қажетті қаражатты қарастыратын болсын.
4. Осы іс-шаралардың орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Әліпбаевқа) жүктелсін.
5. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, екі апта мерзім ішінде «Баянтау» газетінің бетінде ресми жариялансын.