Ауданы бойынша кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаның 2005 жылға арналған іс-шараларын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданы бойынша кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаның 2005 жылға арналған іс-шараларын бекіту туралы
Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің 2005 жылға арналған іс-шараларын туралы хабарламаны тыңдап және талқылай келе, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2005 жылға арналған іс-шаралары бекітілсін (бұдан әрі іс-шаралар).
Тармақ 2
2. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2005 жылы 10 шілде мерзіміне орай аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына іс шаралардың жүзеге асу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Ауданның экономика және қаржы бөлімі жыл сайын бюджетті қалыптастырған кезде іс-шараларды іске асыруға қажетті қаражатты қарастыратын болсын.
Тармақ 4
4. Осы іс-шаралардың орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Әліпбаевқа) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, екі апта мерзім ішінде «Баянтау» газетінің бетінде ресми жариялансын.