Құжат мәтініне өту

О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2005 года

Қаулы · № 95 · қабылданған 14.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-ekb-23415/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2005 года Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·14.03.2005
03.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2005 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2005 года
Атауы (қаз.)
Облыстың сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарының, базарлардың 2005 жылдың көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығы байқауын өткiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
14.03.2005
Көрсетілген редакция
03.10.2011 AI23415_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05T0002394
ЭКБ идентификаторы
23415
Редакция идентификаторы
AI23415_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:02

0 Облыстың сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарының, базарлардың 2005 жылдың көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығы байқауын өткiзу туралы

Тамақ объектілерінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, оларды көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа сапалы дайындау, тамақпен жаппай уланудың алдын-алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361-ІІ "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"
Заңының
8-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27-бабына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарының, базарлардың 2005 жылдың көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығының облыстық байқауы 2005 жылғы 1-30 сәуiр аралығында өткiзiлсiн (бұдан әрi - Айлық).

2 2. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi:

1 1) объектілердің сыртқы келбетiн тиiстi санитарлық жағдайға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар алсын (сыртқы жөндеу, безендiру, iргелес аумақты көрiктендiру, маңдайша жазуларының, контейнерлiк алаңдардың, урналардың болуы);

2 2) жұмыс iстеп тұрған рыноктарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131

қаулысымен
бекiтiлген сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру Ережесiнiң талаптарына сәйкес келтiрсiн;

3 3) көше саудасының берекесіз орындарын жоюды қамтамасыз етсiн.

3 3. Тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану, сауда, базарлар объектілері, коммерциялық құрылымдар басшыларына ұсынылсын:

1 1) тамақ объектілерінің санитарлық-техникалық жағдайын, олар өндiретiн өнiмдердiң сапасын жақсарту жөнiндегi нақты iс-шаралар жасақтау;

2

2) объектілерді тиiстi санитарлық жағдайға келтiру жөнiнде шаралар алу, ағымдағы жөндеу жүргізу, су-канализация жүйелерiн, тоңазытқыш жабдықтарын тексерудi, өндiрiліп өткізілетін өнiмдердiң сұрыпталым тiзбесiн келiсу және мемлекеттiк санитарлық қызмет органдарының олардың жұмыс жасауына ресми рұқсатын алу.

4 4. Атырау облысы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi, Атырау облысы Iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Айлық өткiзу барысына үнемі бақылау жүргiзсiн.

5 5. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы акционерлiк қоғамының Атырау облыстық филиалы (келiсiм бойынша) байқау жүргiзу барысын жүйелi түрде жарияласын.

6 6. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi, Атырау облысы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi, Атырау облысы Iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Айлық өткiзу қорытындылары туралы облыс әкiмиятына 2005 жылғы 6 мамырға дейiн ақпарат берсiн.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С.Рысқалиевқа жүктелсiн.

Қолданыстағы