Құжат мәтініне өту

Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в 2005 году

Қаулы · № 127 · қабылданған 27.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-ekb-24074/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в 2005 году Күшін жойған Қаулы ·№ 127 ·27.04.2005
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в 2005 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 127 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в 2005 году
Атауы (қаз.)
2005 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
27.04.2005
Көрсетілген редакция
17.10.2011 24074_214808.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05S0001581
ЭКБ идентификаторы
24074
Редакция идентификаторы
24074_214808
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:48

0 2005 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы

"2003-2005 жылдарға арналған балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 сәуiрдегi № 70-ө өкiмiн орындау үшiн және 2005 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың творчестволық дамуын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қадағалаудан тыс қалуының алдын алу мақсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмi, бiлiм департаментi 2005 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн:

қаладан тыс сауықтыру лагерлерi мен еңбек және демалыс лагерлерiнiң материалдық-техникалық базасы 2005 жылдың 31 мамырына дайындалсын, оларда мектеп оқушыларын жалпы және рухани адамгершiлiк жағынан тәрбиелеу, жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшiн қажеттi жағдайлар туғызылсын;
2005 жылдың 6 маусымына дейiнгi мерзiмде қалалық және аудандық комиссиялар лагерлердi қабылдауды қамтамасыз етсiн;
сауықтыру лагерлерiн, мектептен тыс ұйымдардың лагерлерiн, еңбек және демалыс лагерлерiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жасалсын;
өңiрдiң ерекшелiктерiн, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан түрде демалыс жөнiндегi сұраныстарын ескере отырып, 2005 жылғы жазғы кезеңдегi балалар мен жасөспiрiмдердiң демалыс, сауықтырылу және еңбекпен қамтылу бағдарламасы әзiрленсiн және бекiтiлсiн;
"Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының табысты жүзеге асырылу мақсаттарында сауықтыру лагерлерiнде облыс әкiмi грантының иегер мұғалiмдерiн тарта отырып қазақ тiлiн үйрету бойынша жазғы мектептердiң жұмысы ұйымдастырылсын;
бiрiншi кезектi тәртiпте жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, көпбалалы, толық емес отбасылар балаларының, мүгедек балалардың демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз етсiн;
сауықтыру лагерлерi жүйесiн дамытуға жәрдемдесу;
жалпы бiлiм беретiн мектептер жанынан тыс ұйымдарда күндiз болатын лагерлерiн, еңбек және демалыс лагерлерiн және мектеп орманшылығын ұйымдастыру;
балалар мен жасөспiрiмдердiң еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, олар үшiн жазғы демалыс кезiнде еңбек заңдарына сәйкес, уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдау;
балалардың өмiрi мен денсаулығы сақтығын, сондай-ақ балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

2 2. Мыналар бекiтiлсiн:

1 қосымшаға сәйкес балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы;
2 қосымшаға сәйкес қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту жоспары;
3 қосымшаға сәйкес мектеп жанындағы алаңдарда балаларды сауықтырумен қамту жоспары.

3 3. 2005 жылдың 1 маусымына дейiн бiлiм және денсаулық сақтау департаменттерi барлық тұрпаттағы лагерлердi педагогикалық, медициналық және музыкалық қызметкерлерiмен толықтырсын.

4 4. Денсаулық сақтау, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi:

балалардың сауықтыру алаңдарын дәрiлiк препараттармен, дезинфекциялық құралдармен және қажеттi медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсетсiн;
балалар демалысының қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылуына және денсаулығының қорғалуына, лагерлердiң маусым басталғанға дейiнгi дайын болуына бақылау орнатсын.

5 5. Iшкi саясат департаментi бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы кезеңде сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық барысы туралы хабарлар берiп тұрсын.

6 6. Мәдениет департаментi мәдениет мекемелерiнiң жазғы демалысты өткiзуге қатысуларын қамтамасыз етсiн.

7 7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттық алаң, стадион, балалар-жастық спорттық мектептерiнiң жұмыстарын ұйымдастырсын.

8 8. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi туған өлке бойынша туристiк және экологиялық маршруттар ұйымдастырсын.

9 9. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiне (келiсiм бойынша), мобилизациялық даярлық және төтенше жағдайлар, iшкi iстер басқармаларына:

демалыс аймақтарында қоғамдық тәртiптiң сақталуын, балаларды тасымалдау қауiпсiздiгiн, балалардың су айдындарында өмiр қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларын сақтауларын қамтамасыз етсiн;
балалардың сауықтыру лагерлерiне келуiн және кейiн қайтуын жол полициясының iлесуiмен жүзеге асырсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.

11 Балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы

Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 127 қаулысына 1 қосымша
Балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын
ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның
құрамы
Нұрақаев
Ерiк Есiмұлы
- комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң орынбасары
Денкенова
Сайран Әбiлқайырқызы
- төрағаның орынбасары,
бiлiм департаментiнiң бастығы
Комиссия мүшелерi:
Зверева
Наталья Николаевна
- экономика және бюджеттiк жоспарлау
бастығының орынбасары
Есенеев
Қайырғали Қапезұлы
- солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментiнiң бастығы
Қасейiнов
Қуандық Әскерұлы
- мобилизациялық даярлық және
төтенше жағдайлар басқармасының бастығы
Құдайбергенова
Fалия Бейсенқызы
- еңбекпен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар департаментi
бастығының орынбасары
Күлжанова
Тотықамал Ниязқызы
- Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары
Молдағулов
Артур Кенжеәкiмұлы
- Қызылжар ауданы әкiмiнiң орынбасары
Павлухина
Валентина Николаевна
- денсаулық сақтау департаментi бастығының
орынбасары
Пульникова
Наталья Петровна
- мәдениет басқармасының бөлiм бастығы
Рақымов
Болат Шонұлы
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс
департаментi бастығының орынбасары

12 Қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту жоспары

Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 127 қаулысына 2 қосымша
Қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту
жоспары
N
Аумақтың атауы
Лагерлердің
атауы
Сыйымдылығы
1
Айыртау
Қарлығаш
150
2
Аққайың
Валентина
Терешкова
атындағы
200
3
Есiл
"Родничок"
130
4
Жамбыл
"Лесные
поляны"
150
5
Мағжан
Жұмабаев
"Березка"
150
6
Қызылжар
"Серебрянный
бор"
200
7
"Орленок"
120
8
Мамлют
"Искра"
150
9
Fабит
Мүсірепов
"Солнышко"
120
10
"Қарлығаш"
150
11
Тимирязев
"Счастливое
детство"
150
12
Шал ақын
"Аю-тас"
150
13
Петропавл
қаласы
"Юный
железнодорожник"
300
14
"Золотая
осень"
250
15
"Березка"
250
16
"Балауса"
60
17
"Лашын"
50
18
Ақмола
облысы Щучинск
"Арман"
200
барлығы:
кестенің жалғасы
Маусым бойынша жоспарланған
қамту шамасы
Жалпы
сауықтырылатын
балалар саны
1
маусым
2
маусым
3
маусым
4
маусым
150
150
150
150
600
200
200
200
200
800
130
130
130
130
520
150
150
150
150
600
150
150
150
150
600
200
200
200
200
800
120
120
120
120
480
150
150
150
150
600
120
120
120
120
480
150
150
150
150
600
150
150
150
150
600
150
150
150
150
600
300
300
300
900
250
250
250
250
1000
250
250
250
750
60
60
60
60
240
50
50
50
50
200
200 баладан 5 маусым
1000
11370
Ескерту: "Арман" облыстық сауықтыру орталығында жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары сауықтырылады.
Разнарядканы бiлiм департаментi жасайды.

13 Балаларды мектеп жанындағы алаңдарда сауықтырумен қамту жоспары

Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 127 қаулысына 3 қосымша
Балаларды мектеп жанындағы алаңдарда сауықтырумен қамту
жоспары
N
Аудан, қала атауы
Алаңдар
саны
Балаларды
тамақтандырумен
қамту
1
Айыртау
61
3500
2
Ақжар
25
1800
3
Аққайың
40
2000
4
Есiл
30
1400
5
Жамбыл
57
2300
6
Мағжан Жұмабаев
62
2100
7
Қызылжар
59
2500
8
Мамлют
43
1800
9
Fабит Мүсірепов
68
3600
10
Тайынша
70
4700
11
Тимирязев
24
1200
12
Уәлиханов
36
1500
13
Шал ақын
45
2500
14
Петропавл қаласы
44
9200
Барлығы:
664
40100

Қолданыстағы