Қолданыстағы ред. 31.03.2005 (Редакция 24196_262805.kaz)

2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы от 31.03.2005 г. № 383 (2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы)

0

2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар
мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
«2003-2005 жылдардың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 .V 70-ө өкімін жүзеге асыру және 2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1

1. 2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезіндегі облыстық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.Қызылорда облысының білім департаменті (Ж.Жонтаева), аудандар , Қызылорда қаласының әкімдері:

1

1) 2005 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі комиссияларын құрсын және іс-шаралар жоспарын әзірлесін;

2

2) мектеп жанындағы күндізгі, қала сыртындағы еңбек және тынығу лагерлерінің қажетті материалдық техникалық, тұрмыстық жағдайларын | жөнінде шаралар қабылдасын, педагог кадрларын, тәрбиешілерін, тәлімгерлер мсн медицина қызметкерлерін іріктеуге және дұрыс қалыптастыруға ерекше көңіл бөлсін.

3

3) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қамтылуын сапалы және мазмұнды өткізуге баса көңіл аударып, балалардың жазғы демалыс лагерлерінің 1 маусым күні демалуын қамтамасыз етсін;

4

4) жазғы демалысты ұйымдастыру барысында жетім балалардың, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көпбалалы, толық емес, аз
қамтылған отбастары балаларының, мүгедек және даму мүмкіндіктері
шектеулі балалардың демалысы мен сауықтырылуын бірінші кезекте
қамтамасыз етсін;

5

5) еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жазғы каникулы кезеңінде жасөспімдерді жұмыспен қамтуды, олардың жеңілдетілген еңбекпен қатысулары үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;.

6

6) жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдарда тәрбиешілер жұмысын қамтамасыз етсін;

7

7) балардың өмірі мен денсаулығын, олардың судағы қауіпсіздігі, балаларды сауықтыру ұйымдарындағы өртке карсы қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етсін;

8

8) мектеп жанындагы күндізгі, қала сыртындагы еңбек және тынығу лагерлерін ұстауға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы қарастырсын.
3.Қызылорда облысының білім департаменті (Ж.Жонтаева), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қ.Бисенов, келісім бойынша), М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі ( Әбдіхалықова), И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі (Н. Құдайбергенов) жазғы кезеңдерде студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтарын құруды қамтамасыз етсін.
4.Қызылорда облысының табиғат ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (М.Өтемұратов) Қызылорда облысының білім департаментімен бірлесіп жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдардың жанында күндізгі лагерлерді, еңбек және демалыс лагерлерін көркейту және көгалдандыру жөніндегі жасақтарды ұйымдастырсын.
5.Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіС.Қож аниязов)жазғы демалысты ұйымдастыру барысында жетім балаларға,ата
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, толық емес,аз қамтылған отбастарының балаларына, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетуді ұйымдастырсын.

6

6. Облыстық кәсіподақтар кеңесіне (Қ.Сәдібеков, келісім бойынша) барлық салалық мекемелер қызметкерлері балаларының жазғы балалар демалысымен қамтылуын ұйымдастыру ұсынылсын.
7.Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (Ә. Уромбаев), аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері студенттердің құрылыс отрядтарына жұмыс көлемі мен түрлерін қарастырсын.

8

8. Облыстық ішкі саясат департаменті (М.Әбенов):

1

1) жазгы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын,
тыныктырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымшылдықпен өткізуге
жастар ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;

2

2) студенттердің құрылыс отрядтарының қызметтерін үйлестіру және
жұмыс көлемін анықтау мақсатында студенттердің құрылыс отрядтарының
облыстық штабын кұрсын;

3

3) жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, тынықтырылуы және жұмыспен қамтылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын камтамасыз етсін .

9

9. Арал (Н.Мұсабаев), Қазалы( Н.Шамұратов), Қармақшы (Р.Нұртаев),Шиелі (Е.Мұстафаев), Жаңақорған (Н.Жолдасбаев) аудандары мен Қызылорда қаласының (М.Үдербаев) әкімдері «Ұландар», «Шағала», «Жас өрендер». «Сыр ұланы», «Тау самалы» және «Сырдария» лагерлерінің жұмыстарын талап деңгейіне көтеріп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударсын.

10

10. Қызылорда облыстық ішкі істер баскармасына (Х.Досқалиев, бойынша):

1

1) балаларды тасымалдау кауіпсіздігін және балаларды сауықтыру
ұйымдарындағы коғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2

2) жазғы каникул кезеңінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын
азайтатын алдын алу шараларын қабылдау ұсынылсын.

11

11. Қызылорда облысының мәдениет департаменті (Р.Рүстемов).
Қызылорда облысының дене тәрбиесі және спорт бөлімі (С.Мұстафаев) Қызылорда облысының білім департаментімен бірлесіп балалардың демалысы мен сауықтырылуын мазмұнды өткізу мақсатында мәдени, ақпараттык-бұқаралык іс-шараларды өткізуді, кинофильмдер көрсетуін ұйымдастырсын.

12

12. Қызылорда облысының денсаулык сақтау департаменті М .Абдуллаев), Қызылорда облысының мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Е.Қуандыков):

1

1)жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жүмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін;

2

2)жазғы сауықтыру лагерлері орналасқан жерлерде санитарлык-эпидемиологиялық жағдайдың талап деңгейінде сақталуын қамтамасыз етсін.

13

13. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау басқармасына (И.Түйменов, келісім бойынша)
жазғы каникул басталғанға дейін балалардың демалысын, сауықтырылуын
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыратын орындардың өртке қарсы
жағдайын тексеруден өткізу ұсынылсын.

14

14. Қызылорда облысының білім, денсаулык сақтау, мемлекеттік
санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері, аудандар мен
Қызылорда қаласының әкімдері жазғы демалыс лагерлерінің дайындығы жөнінде биылғы жылдың 20 мамырына, осы қаулының орындалуы жөнінде жқыркүйегіне облыс әкімиятына ақпарат беретін болсын.

15

15. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Есеновке жүктелсін.