Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/5
- Қабылданған күні
- 27.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 24467_214766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05S0001588
- ЭКБ идентификаторы
- 24467
- Редакция идентификаторы
- 24467_214766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:41
0 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" № 1551 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 13-бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШТІ:
1
1. Шақыру күнiне 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2005 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2 2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкiмдерi:
1 1) аудандар мен қаланың жергiлiктi өкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
2 2) аудандық және қалалық шақыру комиссияларының құрамы және шақыру жүргiзудiң кестесiн бекiтсiн;
3 3) қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдердi (басқарма) шақыру комиссиясының жұмысы үшiн үй-жаймен қамтамасыз етсiн;
4 4) азаматтардың қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдерге (басқарма) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн ұйымдасқан түрде келулерiн қамтамасыз етсiн, осы мақсаттар үшiн құлақтандыру тобын бөлсiн;
5 5) автомобиль көлiгiмен қамтамасыз етсiн және қажеттi санда техникалық қызметкерлердi бөлсiн;
6 6) көрсетiлген iс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiлген iс-шараларға бөлiнген қаражат шегiнде iске асырсын.
4 4. Денсаулық сақтау департаментi:
1 1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсiн;
2 2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөнiндегi комиссияны дәрiгер-мамандармен, әсiресе тар саладағы мамандармен iрiктесiн;
3 3) шақыру комиссиясымен жiберiлген азаматтардың медициналық қаралуы үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындар көздесiн.
5 5. Ішкi iстер басқармасы:
1 1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басқарушы құрамынан лауазымды тұлғаларды енгiзсiн;
2 2) азаматтарды шақыру кезеңiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен (басқарма) қарым-қатынас ұйымдастырсын, шақыру пункттерiнде тәртiп пен тәртiптiлiктi қамтамасыз етсiн;
3 3) шақыру кезеңiне облыстық жинау пунктiнде тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн полиция нарядын бөлсiн, темiр жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтiлген нарядтар бөлуiн қамтамасыз етсiн;
4 4) жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiктен жасырынып жүрген тұлғаларды iздестiруiн, ұстауын жүргiзсiн. Ұсталынғандарды iздестiру және жеткiзу бойынша шығыстарды төлеу осы тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.
6 6. Петропавл қаласының әкiмi облыстық жинау пунктiнде азық-түлiк және өнеркәсiптiк тауарлардың сатылуын ұйымдастырсын.
7 7. Мәдениет департаментi шақыру пункттерiнде көркем-өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуiн және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырсын.
8 8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинау пунктiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығы тексерiлуiн ұйымдастырсын.
9 9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В. Развинге жүктелсiн.
23 Облыс әкiмi 2005 жылғы
26 мамырдағы № 2
мен облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 27 мамырдағы
№ 16/5 бiрлескен шешiмiне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:
РАЗВИН
Сергей Владимирович
комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң орынбасары
ГАЛЫГИН
Юрий Борисович
комиссия төрағасының орынбасары,
қорғаныс iстерi жөнiндегi депар
тамент бастығының уақытша м.а.
Комиссия мүшелерi:
КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна
комиссия хатшысы, облыстық
аурухананың мейiрбикесi
МАҒЗҰМОВ
Азамат Белгiбайұлы
денсаулық сақтау департаментi
бастығының орынбасары
ЖАРАЯ
Лариса Григорьевна
Оңтүстiк Орал темiр жолы
бөлiмшесi ауруханасының
дәрiгер-терапевтi
СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы
облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары