Құжат мәтініне өту

Об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь в 2005 году

Бұйрық · № 192 · қабылданған 23.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-ekb-25123/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь в 2005 году Күшін жойған Бұйрық ·№ 192 ·23.08.2005
20.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь в 2005 году

Күшін жойған Бұйрық ·№ 192 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь в 2005 году
Атауы (қаз.)
2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін шектеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
23.08.2005
Көрсетілген редакция
20.04.2010 AI25123_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003811_
ЭКБ идентификаторы
25123
Редакция идентификаторы
AI25123_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:26

0 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін шектеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу Ережесіне, Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жанындағы Комиссиясының жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу шешімі (19.08.2005 ж. хаттама N 2) негізінде және мемлекеттік экологиялық сараптаманың "Қазақстан Республикасы аумағында 2005 жылы аң аулауды жүргізу мақсатында суда жүзетін жыл құстарын аулауға тыйым салуды белгілеу туралы биологиялық негіздеме" қорытындысына сәйкес (23.08.2005 ж. хаттама N 03-1-2-7/7213) БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімі шектелсін, аң аулау мерзімі 2005 жылдың 1 қазанынан бастап белгіленсін.

2 2. Жануарлар дүниесі бойынша басқармасы 2005 жылдың 25 қыркүйегіне дейін құс тұмауының таралу жағдайын негізге ала отырып 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін одан әрі шектеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

3 3. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармаларының бастықтары:

1 1) үш күндік мерзімде барлық аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулайтын жерлерде қорықшы қызметінің күшімен жануарлар дүниесін қорғауды күшейту және өлім-жітімге ұшыраған құс табылған жағдайда тиісті шаралар қолдану туралы жазбаша өкім берсін;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімін шектеу туралы ақпарат мұндай шешім қабылдау мәнін түсіндіре таратылсын;

3 3) жануарлар дүниесін браконьерліктен қорғауға инспекторлық құрамды жұмылдыру үшін барлық шаралар қолданылсын;

4 4) осы бұйрықты орындау бойынша іске асырылған шаралар жөніндегі алғашқы ақпарат Комитетке 2005 жылдың қыркүйектің 1 күні, одан кейін апта сайын әр дүйсенбіде сағат 12-ге қарай (Астана уақыты бойынша) берілсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет Төрағасының Орынбасары Н.А. Қадыркеевке жүктелсін.

5 5. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы