Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в октябре-декабре 2005 года

Қаулы · № 230 · қабылданған 27.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2005-ekb-25535/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в октябре-декабре 2005 года Күшін жойған Қаулы ·№ 230 ·27.09.2005
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в октябре-декабре 2005 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 230 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в октябре-декабре 2005 года
Атауы (қаз.)
2005 жылдың қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
230
Қабылданған күні
27.09.2005
Көрсетілген редакция
17.10.2011 25535_214735.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05S0001599
ЭКБ идентификаторы
25535
Редакция идентификаторы
25535_214735
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:22

0 2005 жылдың қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 14 сәуірдегі № 1551 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2005 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:

қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы жедел әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
аудандық, қалалық шақыру комиссиясының құрамын бекітсін, мыналармен қамтамасыз етсін:
Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер (басқарма) үй-жаймен;
шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқарма) ұйымдасқан түрде келулері, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру топтарын бөлуді;
автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген ассигнация шегінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.

4 4. Денсаулық сақтау департаменті:

Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;
шақырылушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақтасын;
шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесін.

5 5. Облыстық ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:

ішкі істер Департаменті, Петропавл қалалық басқарма және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғалары шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық, (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу уақытында қоғамдық тәртіптік күзетті;
азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.

6 6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.

7 7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркем-өнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

8 8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

9 9. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.

10 Облыс әкімдігінің 2005 жылғы

27 қыркүйектегі № 230 қаулысына
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
АМАНГЕЛДИЕВ
Талғат Бекмұратұлы
- комиссия төрағасы, Солтүстік Қазақстан
облысының қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы (келісім бойынша)
ПЕЛИХОВ
Владимир Федорович
- комиссия төрағасының орынбасары,
мобилизациялық дайындық және төтенше
жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары
Комиссия мүшелері:
СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы
- облыстық ішкі істер департаменті
бастығының орынбасары
ЖАРАЯ
Лариса Григорьевна
- Оңтүстік Орал темір жолының бөлімше
ауруханасының дәрігер-терапевті (келісім
бойынша)
КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна
- облыстық аурухананың медбибісі, комиссия
хатшысы

Қолданыстағы