«Об утверждении Отчета «Об исполнении бюджета района за 2005 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“2005 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы” есепті бекіту туралы” Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабын негізге ала отырып, Есіл аудандық қаржы бөлімінің бастығы Л.В. Корнның есебін тыңдай келе, Есіл аудандық мәслихаты шешті:
Тармақ 1. 2005 жылғы шығыстарының орындалуы
1. “2005 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы” есеп бекітілсін. 2005 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және ҚР № 548 - 11 24.04.2004 жылғы Бюджет кодексіне сәйкес нақтыланған аудан бюджет соммасы 537 126 мың теңге кіріс бойынша бекітілген, оның ішінде - ауданның өз меншікті кірісі - 332 580 мың теңге, ресми түрде алынған трансферттер - 154 546 мың теңге, жұмсалған қаражат - 537 226 мың теңге, еркін қалдықтар - 12 247 мың теңге. 2005 жылына жоспарланған 401 780 мың теңге орнына аудан бюджетіне меншікті кіріс 417 477 мың теңгені құрады, 103,9 % - ға орындалды. Оның ішінде: салық төлемдері - 104 %, салық емес түсімдер - 78,6 %, капиталды жүргізуден түскен кірістер - 145,2 %. 2004 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда, кірістер - 18 130 мың теңгеге, 4,5 % өсті, 2005 жылдың 1 қаңтарына төленбеген барлық салықтар 56 810,0 мың теңгені құрады; оның ішінде жергілікті бюджетке - 26 889 мың теңге. Салықтардың асыра төлену сомасы 144 188 мың теңге, оның ішінде жергілікті салықтар бойынша 98 404 мың теңге. 2004 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда жергілікті бюджетке мезгілінде төленбеген салықтар сомасы 2 058 мың теңге көлемінде төмендеді, асыра төленген сомасы 14 848 мың теңге көлемінде өсті. Әлеуметтік салық салықтық түсімдер ішінде жеке салмақтық орын алып отыр - 59,2 %, Талдау кезеңіндегі орындалуы 102,8 % құрады. Төленбеген әлеуметтік салық 13 420 мың теңге айқындалды. 2004 жылмен салыстырғанда 4 565 мың теңге әлеуметтік салық төленуі өсті. Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 110 % орындалды. Орындалу себебі: жазғылық кезеңде жеке сауда жүргізушілер саны көбейуі. Меншікке салынатын салықтар 106,4 % орындалды. Оның ішінде заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 99,3 % - ғана орындалды. Орындалмау себебі «Заречный» ЖШС-гі бойынша төлем тапсырмасын «Казпочта» 204 105 коддына қате енгізуінде. Мүлікке салынатын салықтар 107,7 % орындалды. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер бойынша асыра орындалу себебі «Шаңырақ Р» ЖШС-нің - 230 мың теңгеге, «Ново - Приречное» ЖШС-нің - 821 мың теңгеге, «Заречный» ЖШС-нің - 441 мың теңгеге - патенттері кайта есептелуі, Аудан емханасының - 136 мың теңгеге - тексеріс акты бойынша. Жер салығы 104,5 % орындалды. Жер салығы әр түрінен толық орындалды. Үлкен мөлшерде орындалу себебі елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 2004 ж. мезгілінде төленбеген жер салығын төлеуі және Садықова ЖК бойынша 125 мың теңге қате есептелуі. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жеріне өткен жылдарда мезгілінде төленбеген жер салығын «Шад» ЖШС - гі - 94 мың теңге, «Алтын Дэн» АҚ- 97,8 мың теңге көлемінде борыштарын өтеді. Бірыңғай жер салығы 3 149 мың теңгені құрады. Осы салық түрінен ЖҚ Мұһитбеков өткен 2004 жылда мезгілінде төленбеген 248 мың теңге борышын өтеді. Акциздар бойынша жоспарланған 770 мың теңге орынына 869 мың теңге түсім құрады. Сұйық отын бойынша жоспар 120 % орындалды. Бензин бойынша негізгі салық төлеуші «Аурика» ЖШС - 111,4 % болды. Жер учаскілерін пайдаланған үшін төлем жоспарланған 4 250 мың теңге орнына 4 253 мың теңге болды. Мезгілінде төленбеген салық осы түрі бойынша 424 мың теңгеге кемітілді. Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар сонымен бірге мемлекеттік баж әр түрлерінен үстем орындалды. Жер учаскілерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем салықтық емес түсімдер жоспары орындалмаған себебі «Ақмола жолдары» ЖШС - нің 5 800 мың теңге көлемінде салық төлемеуі. Капитал операцияларынан жоспарланған 13 160 мың теңге орнына 19 102 мың теңге табыс түсті. Ресми трансферттер облыстық бюджеттен жоспарланған 230 767 мың теңге толық көлемінде түсті. Оның ішінде мақсатты трансферттер - 81 314 мың теңге, даму трансферттер - 3 000 мың теңге, субвенциялар - 146 633 мың теңге көлемінде құрады. Өткен 2005 жылда бюджеттің кіріс бөлімі аудан мәслихат сессияларында 5 рет өсу жағына анықталды. Оның ішінде облыстық Мәслихат шешімі бойынша аудан бюджетінің кіріс, мақсатты трансферттер және субвенциялар сомасына өзгерістер енгізу туралы - 3 рет.Аудан бюджетінің өсуі 95 421 мың теңге құрады. Оның ішінде меншікті кірістер - 19 200 мың теңгеге, ресми трансферттер - 76 221 мың теңгеге ұлғайтылды. 2005 жылғы шығыстарының орындалуы «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бірінші функционалдық сыныптамасы бойынша бюджет 99,1% орындалды. Бекітілген бюджет - 83 120 мың теңге, нақтыланған бюджет - 98 360 мың теңге, кассалық орындалуы 98 375 мың теңге. «Мәслихат аппараты» 112 001 003 бағдарламасы бойынша кассалық шығыстары 4 475 мың теңге кұрады, бюджет қаражаты толық игерілді. «Депутаттық қызмет» 112 001 100 бағдарламасы бойынша кассалық шығыстары 148,0 мың теңге құрады. Жоспарланған іс сапар саны кемітілуіне байланысты 151 спецификасы бойынша сомасы 11,0 мың теңге бюджет қаражаты игерілмеген. «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақаттандыру» 112 001 009 бағдарламасы бойынша сомасы 900,0 мың теңге қаражат толық игерілді. «Аудан әкімінің аппараты» 122 001 003 бағдарламасы бойынша 19 428,0 мың теңге құрады. Бюджет қаражаты толық игерілді. 122 001 007 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат солық көлемінде игерілді. 4 маман Біліктілікті арттыру институтында оқытылды. «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақаттандыру» 122 001 009 бағдарламасы бойынша сомасы 4 000,0 мың теңге қаражат толық игерілді. «Қала, ауылдық округ әкімінің аппараты» 123 бағдарламасы бойынша кассалық шығыстары 58 201,0 мың теңгені құрады, орындалуы 99,5 %. 6 бірлік бос орын болуына байланысты бюджет қаражатының 303,0 мың теңге сомасы игерілмеді. Ауыл аймақтарында өз ғимараттары болмауына байланысты 142, 144, 145, 146 спецификалар бойынша бюджет қаражаты игерілмеді. 123 001 009 бағдарлама бойынша кассалық орындалуы 6 820,0 мың теңге, 100%.орындалды. Қалалық әкімшілігі мен 22 ауылдық аймақтар бойынша жиһаз, компьютерлер және басқа да ұйымдастыру техника құралдары осы бағдарлама бойынша сатып алынды. «Экономика және қаржы бөлімі» 459 001 003 бағдарлама бойынша кассалық шығыстары 9 133,0 мың теңгені құрады, бюджет қаражаттары 100% игерілді. 459 001 007 бағдарлама бойынша кассалық шығыстары 40,0 мың теңгені құрады, 100 % орындалды. 459 001 009 бағдарлама бойынша бюджет қаражаты сомасы 651,0 мың теңге толық игерілді. «Қорғаныс» екінші функционалдық топ бойынша бюджет 100 % игерілді, кассалық орындалуы 432 874 мың теңгені құрады. «Білім беру» төртінші функционалдық топ бойынша бюджет 100 % орындалды. «Мектеп жасыны дейінгі балаларды тәрбиелеу» 454 007 бағдарлама бойынша бекітілген - 6. 040 мың теңге. Аудан мәслихат сессиясының шешімі бойынша 1 559 мың теңге өсу жағына нақтыланған. Оның ішінде: Санаторлық топты ұстау үшін – 721 мың теңге, 2005 жылдың 1 шілдесінен жұмыс ақы көбейтілуіне - 739 мың теңге, ғимаратты жөндеуіне - 65 мың теңге, кір жуғыш машина сатып алу үшін - 34 мың теңге. Кассалық орындалуы 7 599 мың теңгені құрады, 100 % орындалды. «Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балалар бақшасы» 458 008 001 бағдарлама бойынша бекітілген жоспар 330 525 мың теңге. Кассалық орындалуы 406 133 мың теңгені құрады, 100 % орындалды. Аудан Мәслихат сессиясының шешімі бойынша 76 795 мың теңгеге өсу жағына, 1118 мың теңгеге кеміту жағына нақтыланған: Күрделі жөндеу үшін – 8 739 мың теңге, «Интернет» қосу үшін – 1 165 мың теңге, Мультимедиялық және лингафондық кабинеттерді қосу үшін – 5 511 мың теңге, Жұмыс ақы көбейтілуі үшін – 46 569 мың теңге, Мектептерді ағымдағы жөндеу үшін – 1 620 мың теңге, Отын сатып алу үшін – 7 400 мың теңге. Мультимедиялық және лингафондық кабинеттерге арналған республика бюджетінің трансферттеріне түзетулер енгізіліп, кеміту мүмкін болды. Интернет қосуға, мультимедиялық және лингафондық кабинеттерге арналған мақсатты ағымдағы трансферттер толық көлемде игерілді. «Оқулықтар сатып алу және жеткізу» 454 010 бағдарлама бойынша бекітілген жоспар 4 021 мың теңге, облыс бюджетінің трансферттер шотынан қосымша 2 793 мың теңге бөлінді. Кассалық орындалуы 6 814 мың теңгені құрады, 100 % орындалды. «Қосымша білім беру» 454 011 бағдарлама бойынша бекітілген жоспар 9 328 мың теңгені құрады, кассалық шығыстар 100 % орындалды. «Білім беру нысаналарын өркендету» 461 011 019 бағдарлама бойынша 3 000 мың теңге облыс бюджетінің трансферттер шотынан бөлінген. Орындалуы 100 %. Сегізінші функционалдық топ бойынша бюджет 100 % орындалған, кассалық орындалуы 33 571 мың теңгені құрады. «Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек» бағдарлама бойынша 2006 жылдың 1 қаңтарына бюджет 98,4 % орындалды. Бекітілген бюджет жоспары 39 148 мың теңге, нақтыланған жоспар 44 203 мың теңге, орындалуы 43 485 мың теңге. «Еңбекпен қамту» 451 002 000 бағдарлама орындалуы 7 456,0 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар бойынша 7 482,0 мың теңге, 99,7 % орындалды. «Қоғамдық жұмыстар» 451 002 100 бағдарлама бойынша кассалық шығыстар 6 000,0 мың теңгені құрады. Жоспар 100 % орындалды. «Кәсіптік даярлау және жұмыссыздықтарды қайта даярлау» 451 002 001 бағдарлама бойынша кассалық шығыстар 659,0 мың теңге құрады. Жоспардың орындалуы 99,8 %. «Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» 451 002 102 бағдарлама бойынша кассалық орындалуы 797,0 мың теңге, жоспар орындалуы 97%. Әлеуметтік жұмыс орындары қысқартылуына байланысты жоспарланған 25,0 мың теңге қолданылмады. «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» 451 005 000 бағдарлама бойынша кассалық шығыстар 13 658,0 теңгені құрады, жоспар 98,3 % орындалды. Үндеушілер саны кемуіне байланысты жоспарланған 242 мың теңге қолданылмады. «Тұрғын үй көмегі» 451 006 000 бағдарлама бойынша кассалық орындалу 982,0 мың теңгені құрады. Қамтамасыз етілмеген отбасылар саны кемуіне байланысты жоспар 88,8 % орындалды. Облыстық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен телефонның абоненттік төлемақы тарифтерінің қымбаттауына байланысты 9 адамға төлем шығыстары көрсетілген. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бағдарлама бойынша бекітілген бюджет 3 240,0 мың теңге. Жоспарланған 1 140,0 мың теңге облыс бюджетінің мақсатты трансферттер есебінен соғыс ардагерлері мен соғыс еңбеккерлеріне 1 135,0 мың теңге өтемақы төленді. Аудан Маслихат сессиясының шешіміне сай қолданылмаған 5,0 мың теңге мақсатты транферт соммасы облыс бюджетіне қайтарылды. «Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне бір жолғы жәрдем ақы төленуі» 451 015 019 бағдарлама бойынша Ұлы Жеңістің 60 - жылдығына арналған бір жолғы жәрдем ақылар 30,0 мың теңге көлемінде 76 майдангерлермен соғыс мүгедектеріне жалпы сомасы 2 294 мың теңге төленді. Екі майдангер қайтуына байланысты 66,8 мың теңге игерілмеді. «Мұқтаж еткен азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» 451 014 000 бағдарлама бойынша есеп кезеңіне нақтыланған жоспар 4 834,0 мың теңгені құрады, кассалық шығыстар 4 656,0 мың теңге. Жоспар 96,3 % орындалды. Қызмет көрсету құрамыңның әлеуметтік қызметкерлер саны кемуіне байланысты 178,0 мың теңге бюджет қаражаты игерілмеді. «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» 451 001 003 бағдарлама бойынша кассалық шығыстары 135,0 мың теңгені құрады, жоспар 100 % орындалды. «Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 451 001 003 бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 8 819,0 мың теңге, кассалық шығыстар 8 740, 0 мың теңгені құрады. 1 бос орын болуына байланысты орындалуы 99,1 %. Қалған спецификалар бойынша қаражаттар толық игерілді. 451 001 007 бағдарлама бойынша сомасы 46,0 мың теңге қаражаты толық игерілді, 2 маман оқытылды. 451 001 009 бағдарламасы бойынша кассалық шығыстар 1 143,0 мың теңгені кұрады, орындалуы 100 % «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» жетінші функционалдық тобы бойынша бюджет 76,3 %, нақтыланған жоспар 19 079 мың теңге, орындалуы 14 562 мың теңге. «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» 123 008 000 бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 800,0 мың теңге, кассалық шығыстар 800,0 мың теңге, жоспардың орындалуы 100 %. «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» 123 009 000 бағдарлама бойынша нақтыланған бюджет 4 868,0 мың теңге, кассалық орындалуы 4 868,0 мың теңгені құрады. 100 % орындалды. «Жерлеу орындарын күтіп - ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу» 123 010 000 бағдарлама бойынша есеп кезеңіндегі нақтыланған жоспар 100,0 мың теңге, кассалық орындалуы 99,0 мың теңге, 99 % орындалды. «Елді мекендерді аббатандыру мен көгалдандыру» 123 011 000 бағдарлама бойынша есеп кезеңіндегі нақтыланған жоспар 3 890,0 мың теңге, кассалық орындалуы 3 890,0 мың теңгені құрады. Жоспар 100 % орындалды. «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» 123 014 000 бағдарлама бойынша есеп кезеңіндегі нақтыланған жоспар 9 421,0 мың теңге, кассалық орындалуы 4 905,0 мың теңгені құрады. Игерілмеген соммасы 4 516,0 мың теңгені құрады. Облыс бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен Ақсай аймағының су жүйесі жөнделуіне 6 451,0 теңге бөлінді. Кассалық орындалуы 1 935,0 мың теңге. Жеткізушінің келісім шарттың орындамауына байланысты сомасы 4 516,0 мың теңге игерілмеді. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» сегізінші функционалдық бағдарлама бойынша кассалық орындалуы 33 571,0 мың теңгені құрады. 100% орындалды. «Мәдени - демалыс жұмысын қолдау» 460 003 бағдарлама бойынша бекітілген жоспар 15 195 мың теңге. Аудан Мәслихат сессиясының шешімі бойынша жоспарға 8 610 мың теңгеге нақтылады. Кассалық орындалуы 5 101 мың теңгені құрады, 100 % орындалды. «Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» 460 007 100 бағдарлама бойынша аудандық «Жаңа Есіл» газетінің басылып шығуын қаржыландыру сомасы 800 мың теңгені құрады. Орындалуы 100 %. «Спорт жарыстарын өткізу» 454 004 бағдарлама бойынша кассалық орындалуы 458 мың теңге, 99,8 % орындалды. «Спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың жарыстарға қатысуы» 454 005 бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 747 мың теңге, орындалуы 746 мың теңге, 99,9 % орындалды. «Ішкі саясат, мәдениет және тіл дамыту бөлімі» 460 001 003 бағдарлама бойынша кассалық шығыстары 2 656,0 мың теңге құрады, 100% орындалды. «Ауыл, су орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» оныншы функционалдық топ бойынша нақтыланған жоспар 5 225 мың теңгені құрады, кассалық орындалуы 100 %. «Көлік және байланыс» он екінші функционалдық бағдарлама орындалуы 100 %. «Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету» 123 013 000 бағдарлама есеп кезеңіндегі нақтыланған жоспарлар бойынша 3 800,0 теңгені құрады, кассалық орындалуы 100 %. «Басқалар» он үшінші функционалдық бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 6 569 мың теңге, кассалық орындалуы 6 220 мың теңге, 99,9 % орындалды. «Аудандық білім беру және спорт бөлімі» 454 001 003 бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 4 076,0 мың теңге, 5,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты игерілмеді. Себебі 145 специфика бойынша қаржы үнемделуі. Спецификалар бойынша қаржы толық игерілді. «Құрылыс және қалалық құрылыс» 461 001 003 бағдарлама бойынша нақтыланған жоспар 2 147,0 мың теңгені құрады, кассалық шығыстар 2 144,0 мың теңге, 99,9 % орындалды. 3,0 мың теңге бюджет қаржысы жыл барысында бос орын болуына байланысты игерілмеді. 2006 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер төлем қызметтер атқарған жоқ. 2006 жылдың 1 қаңтарына төленбеген кредиторлық қарыздар 6 745,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде төленбеген міндеттемелер қарызы 6 088,0 мың теңге, өзге шығыстар бойынша 657,1 мың теңге. 2005 жылдың қаңтарымен салыстырғанда төленбеген қарыз ақысы 16 294,9 мың теңгеге кемуде. Ағымдағы ай барысында қызметкерлердің жалақысы төленуіне байланысты мемлекеттік мекемелердің төленбеген міндеттемелер қарызы пайда болды. Әлеуметтік төлемдер, оның ішінде жеке тұрғын үй және жәрдемақылар, бойынша төленбеген міндеттемелер қарызы жоқ. 2005 жылдың 1 қаңтарына сомасы 23 040,0 мың теңге көлеміндегі төленбеген міндеттемелер борышы толық өтелді. 2006 жылдың 1 қаңтарына дебиторлық қарыз 5 795,8 мың теңгені құрады. Өткен 2004 жылдың мерзімімен салыстырғанда 2005 жылы 939,5 мың теңгеге өсті. Оның ішінде бастапқы жалақы бойынша 158,8 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 190,2 мың теңге, әлеуметтік аударулар бойынша 12,6 мың теңге, өзге қызметтер бойынша 141,1 мың теңге, ғимараттарды іргелі жөндеу бойынша 548,0 мың теңге. Байланыс қызметінің 87,2 мың теңгеге, көмір және жанар май 1 386,8 мың теңгеге кемітілуі мүмкін болды. Аталған спецификалар бойынша 2006 жылға қаржыландыру жоспарына кемітілу өзгерістері енгізілді. 2005 жылдың 1 қаңтарына 3 856,3 мың теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз толық өтелді.