Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 31.08.2006 г. № 258 (Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысының (№7-11-26 02.06.2006 ж. аудандық «Екпін» газеті) 2 тармағында:
1) 1) тармақшасы:
«аз қамтылған азаматтар ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;
2) төмендегідей мазмұндағы 8 тармақшамен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысы ардагерінің тұрғын үйін газдандыру үшін бір реттік көмек – 50 мың теңгеге дейін;»
2. 2006 жылғы 28 шілдедегі «Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №249 қаулы бұзылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.