Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 30.10.2007 г. № 232 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысының (Нормативтік Құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-26 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 2 маусымдағы аудандық «Екпін» газетінде жарияланған; «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 31 тамыздағы №258 қаулысымен, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-34 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі аудандық «Екпін» газетінде жариялаған; «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 қыркүйектегі №190 қаулысымен, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-51 нөмірмен тіркелген) 2 тармағына:
1) төмендегідей мазмұндағы 12 тармақшамен толықтырылсын:
«Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бөлінген қаражат шеңберінде аз қамтылған отбасының әр бір мүшесіне тоқсанына 1,5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.