Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысының (Нормативтік Құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-26 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 2 маусымдағы аудандық «Екпін» газетінде жарияланған; «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 31 тамыздағы №258 қаулысымен, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-34 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі аудандық «Екпін» газетінде жариялаған; «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 қыркүйектегі №190 қаулысымен, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-51 нөмірмен тіркелген) 2 тармағына:
Тармақша 1
1) төмендегідей мазмұндағы 12 тармақшамен толықтырылсын: «Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бөлінген қаражат шеңберінде аз қамтылған отбасының әр бір мүшесіне тоқсанына 1,5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.