Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 11.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2014 · қолданыстағы 51456_185644.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DD000107
- ЭКБ идентификаторы
- 51456
- Редакция идентификаторы
- 51456_185644
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:48
0 Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтардағы 2-4-20 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 7 санында жарияланған, аудан әкімиятының "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 1-тармағында "үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 5 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде" деген сөздер "үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 8 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде" сөздеріне өзгертілсін.
2 2) 2-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп танылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп танылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.