2006 жылы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына сай және Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № 84 санды ұсынысының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
2006 жылы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 24.03.2006 г. № 20 (2006 жылы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Кенжеғалиев) 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда ақпарат тапсыру ұсынылсын.
2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сай бекітілсін.
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлу ұсынылсын.
4. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін Жәнібек ауылдық округі әкімі (Өтемісов) 3 техникалық қызметкерлер және шақырылушылар медициналық комиссиядан өтуі кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес кезекші автокөлік бөлсін.
5. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына:
1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев):
1) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алуы ұсынылсын;
2) шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлуі ұсынылсын.
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Наурзалиев):
1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырылушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
2) әскери қызметке шақырылғандарды жинақтау пунктіне жөнелту орнына алып баратын автобустарды мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің қостауын ұйымдастыру ұсынылсын;
3) медициналық тексеруге уақытында немесе әскери міндеттіліктен жалтарған шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіне көмектесу ұсынылсын;
4) аудандық ішкі істер бөліміне алдын-ала тексеру және тергеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырылушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлауы ұсынылсын.
8. Мемлекеттік коммуналдық «Жолаушы» кәсіпорыны (Қапаев) әскерге шақырылушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобусты бөлу ұсынылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.
Аудан әкімінің
2006 жылғы 24 наурыздағы
«2006 жылы 1979-1988 жылдары
туған азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы»
№ 20 шешіміне қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Утешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлешев Дулат Нәсіпқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Карашин Рүстем Серікұлы - аудан әкімі аппаратының документтемелік қамту және қаржы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Даумова Мансия Нариманқызы – аудандық аумақтық медицина бірлестігінің дәрігері;
Қойбағарова Күләш – аудандық аумақтық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.