Қолданыстағы ред. 11.07.2006 (Редакция 29421_337495.kaz)

2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 11.07.2006 г. № 205 (2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Кенжеғалиев) 2006 жылдың сәуір-маусым жөне қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда ақпарат тапсыру ұсынылсын.

2

2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының кұрамы № 1 қосымшаға сай бекітілсін.

3

3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлуі ұсынылсын.

4

4. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін Жәнібек ауылдық округ әкімі (Өтемісов) 3 техникалық қызметкерлер және шақырылушылар медициналық комиссия өтуі кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес кезекші автокөлік бөлсін.

5

5. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына:

1

1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз ету ұсынылсын;

2

2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.

6

6. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев):

1

1) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алуы ұсынылсын;

2

2) шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлуі ұсынылсын.

7

7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Наурзалиев):

1

1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырылушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;

2

2) әскери қызметке шақырылғандарды жинақтау пунктіне жөнелту орнына алып баратын автобустарды мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің қостауын ұйымдастыру ұсынылсын;

3

3) медициналық тексеруге уақытында немесе әскери міндеттіліктен жалтарған шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіне көмектесу ұсынылсын;

4

4) аудандық ішкі істер бөліміне алдын-ала тексеру және тергеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырылушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлауы ұсынылсын.

8

8. Мемлекеттік коммуналдық «Жолаушы» кәсіпорыны (Қапаев) әскерге шақырылушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобусты бөлу ұсынылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.

18. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
11 шілдедегі «2006 жылы 1979-1988
жылдары туған азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы» № 205
қаулысына №1 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Утешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлешев Дулат Нәсіпқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Карашин Рустем Серікұлы - аудан әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы – аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары;
Дауова Мансия Нариманқызы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің дәрігері;
Қойбағарова Күләш – аудандық аумақтық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.