Қолданыстағы ред. 30.06.2006 (Редакция 29714_230984.kaz)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы от 30.06.2006 г. № 199 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері қатарына мерзімді әскери
қызметке 2006 жылдың сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында
1979-1988 жылдары туылған
азаматтарды кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына сәйкес аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдеріне 2006 жылы сәуір-маусым
Және қазан-желтоқсан айларында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету міндеттелсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы №1 қосымшаға, аудандық медициналық куәландырудан өткізу комиссиясының құрамы № 2 қосымшаға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізудің кестесі № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу «Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

4

4. «Ақсу аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(Ә. Жұмагелдин, келісімі бойынша):

1

1) аудандық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандармен және орта
буын медициналық қызметшілермен жасақталуы;

2

2) шақырылушылардың әдістемелік-нүсқаулықтар талаптарына сәйкес
дәрігерлік іріктелуі;

3

3) шақырылушыларды жұқтырылған қорғаныш тапшылығы, адамның
қорғаныш тапшылығының қоздырғышы белгілерін анықтауда ақысыз тексеруден өткізуді қамтамасыз етілуі сұралсын.

5

5. «Ақсу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Батырбаев), «Ақсу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Исаев) әскер жасына дейінгілер мен әскерге шақырушыларды дене шынықтыруын, әскери патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жүзеге асырсын.

6

6. «Ақсу аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Шырғайбаева)
әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды каржылай қамтамасыз етілуін
ұйымдастырсын.

7

7. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Қорғанбаев) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын техникалық қызметшілермен қамтамасыз етсін.

8

8. «Ақсу ауданы ішкі істер бөлімі» мекемесі (М.Қорғанбаев) әскери
міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруді және үстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

9

9. Аудандық әділет басқармасында 2005 жылдың 26 қазанында
2-4-12 нөмерімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 44 санында жарияланған, аудан Әкімиятының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы» 2005 жылғы 1 қазандағы № 400 қаулысының күші жойылған болып танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Қ.Кәрбозинге жүктелсін.

11

11. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

15

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы
«30» 06 «Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарына мерзімді
әскери қызметке 2006 жылдың сәуір-
маусым және қазан - желтоқсан
айларында 1979-1988 жылдары туылған
азаматтарды кезекті шақыру туралы»
№ 199 қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мейрембеков Ерен Оқасұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Кәрбозин Қайрат Жәнібекұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Мүшелері:
Байжүманов Серік Өмірзақұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Мырзашев Иманғали Бөлегенович - аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік медициналық комиссияның төрағасы;
Уразаева Гулзира Базановна - аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы.

16

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы
«30» 06 «Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарына мерзімді
әскери қызметке 2006 жылдың сәуір-
маусым және қазан - желтоқсан
айларында 1979-1988 жылдары туылған
азаматтарды кезекті шақыру туралы»
№ 199 қаулысына 2 қосымша
2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді
әскери қызметке шақырылатын 1979-1988 жылдары туылған
азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу комиссиясының
ҚҰ Р А М Ы
Мамандығы
Құрамы
Реаниматор,медицицналық комиссия төрағасы
Мырзашев Иманғали Бөлегенович
хирург
Құрақбаев Бекбай Қүрақбаевич
терапевт
Садвакасова Гулнар Айкеновна
невропотолог
Сейітқожанова Бағлан Тлеуқабыловна
психиатр
Нурмухамбетова Қаиникен Нурышевна
отоларинголог
Иманғалиев Серік Иманғалиевич
тіс дәрігері
Шаймерденова Галина Нұрғатановна
тері ауруы дәрігері
Жайнарбекова Алия Тлеугалиевна
фтизиатр
Мадалимова Майра Жұмашевна
көз дәрігері
Иманғалиева Дәметкен Жұмажановна
Комиссия хатшысы
Уразаева Гулзира Базановна
Медбикелер:
Әбілмәжінова Халима Нығметбековна
Жексенбекова Сәуле Адаевна
Баспақова Қарлығаш Өмірзақовна

17

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы
«30» 06 «Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарына мерзімді
әскери қызметке 2006 жылдың сәуір-
маусым және қазан - желтоқсан
айларында 1979-1988 жылдары туылған
азаматтарды кезекті шақыру туралы»
№ 199 қаулысына 3 қосымша
Азаматтарды әскери кызметке шақыруды
жүргізу кестесі
Мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскер жасындағы азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу:
2006 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым және 1 қазан мен 30 желтоқсан
аралығында.