Қолданыстағы ред. 03.11.2007 (Редакция 38485_325624.kaz)

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 03.11.2007 г. № 3-16-IV (Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-35 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 2 акпандағы «Мақтаарал» газетінде ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының
2007жылғы 8 ақпандағы №37-229-III «Мақтаарал аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет
туралы» №36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 14-7-38 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 2 наурыздағы «Мақтаарал» газетінің №9 санында ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының
2007жылғы 29 мамырдағы №39-259-III «Мақтаарал аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет
туралы» №36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 14-7-43 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі «Мақтаарал»
газетінің №29 санында ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының
2007жылғы 26 шілдедегі №40-268-III «Мақтаарал аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 14-7-45 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамыздағы «Мақтаарал» газетінің №38 санында ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1)тармақшадағы «6182618» саны «6181695» санымен;
«948341» саны «947300» санымен;
«6045» саны «7838» санымен;
«124461» саны «123709» санымен;
«5103771» саны «5102848» санымен;
2)тармақшадағы «6073765» саны «6072842» санымен ауыстырылсын.
2-тармақтағы «8962» саны «6738» санымен;
«3390» саны «1890» санымен ауыстырылсын.
1-қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.