Қолданыстағы ред. 12.05.2006

«Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 12.05.2006 г. № 260 («Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

«Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 111, 116-бабтарына, «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 311 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3541 болып тіркелген) және «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 816 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 340 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1 және 2006 жылғы 13 қаңтарда № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-44 болып тіркелген); «Лисаков қаласынын 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат тізіліміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 252 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-46 болып тіркелген) мәслихат шешімдерімен өзгерістер енгізілген:
1) 1-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«1. Лисаков қаласынын 2006 жылға арналған бюджеті 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
кірістер - 1 096 391 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 900 294 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4 575 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 140 439 мың теңге;
ресми трансферттерден түсімдер - 51 083 мың теңге;
шығындар - 1 099 806 мың теңге;
операциялық сальдо (теріс) - 3 415 мың теңге;
бюджеттің тапшылығы - 3 415 мың теңге;
бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 3 415 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсімі - 31 300 мың теңге,
қарыздарды өтеу - -129505 мың теңге,
бюджеттік қаражаттар қалдықтарының қозғалысы - 101 620 мың теңге»;
2) 3-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылға арналған резерві 984 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға - 984 мың теңге»;
3) Мәслихаттың осы шешімімен бекітілген, 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2

2. Қаланың 2006 жылға арналған бюджетінде білім беруге нысаналы ағымдағы трансфертердің түсуі көзделгені есепке алынсын:
орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жаңарту ұшін оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 1 476 мың теңге сомасында;
орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің Интернетке қосуына және трафикті төлеуге 950 мың теңге сомасында;
орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға 5 717 мың теңге сомасында.

3

3. Осы шешім Қостанай облысы Лисаков қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

4. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті

Қалалық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 12 мамырдағы
№ 260 шешіміне
1-қосымша
Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті

5. 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі

Қалалық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 12 мамырдағы
№ 260 шешіміне
2-қосымша
2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі