«Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 111, 116-бабтарына, «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 311 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3541 болып тіркелген) және «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 816 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 340 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1 және 2006 жылғы 13 қаңтарда № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-44 болып тіркелген); «Лисаков қаласынын 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат тізіліміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 252 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-46 болып тіркелген) мәслихат шешімдерімен өзгерістер енгізілген: 1) 1-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: «1. Лисаков қаласынын 2006 жылға арналған бюджеті 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: кірістер - 1 096 391 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 900 294 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 4 575 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 140 439 мың теңге; ресми трансферттерден түсімдер - 51 083 мың теңге; шығындар - 1 099 806 мың теңге; операциялық сальдо (теріс) - 3 415 мың теңге; бюджеттің тапшылығы - 3 415 мың теңге; бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 3 415 мың теңге, оның ішінде: қарыздардың түсімі - 31 300 мың теңге, қарыздарды өтеу - -129505 мың теңге, бюджеттік қаражаттар қалдықтарының қозғалысы - 101 620 мың теңге»; 2) 3-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: «3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылға арналған резерві 984 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: күтілмеген шығындарға - 984 мың теңге»; 3) Мәслихаттың осы шешімімен бекітілген, 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Қаланың 2006 жылға арналған бюджетінде білім беруге нысаналы ағымдағы трансфертердің түсуі көзделгені есепке алынсын: орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жаңарту ұшін оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 1 476 мың теңге сомасында; орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің Интернетке қосуына және трафикті төлеуге 950 мың теңге сомасында; орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға 5 717 мың теңге сомасында.
Тармақ 3
3. Осы шешім Қостанай облысы Лисаков қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 12 мамырдағы № 260 шешіміне 1-қосымша Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті
Басқа 5. 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 12 мамырдағы № 260 шешіміне 2-қосымша 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі