Қолданыстағы ред. 28.07.2006 (Редакция 29324_378716.kaz)

«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.07.2006 г. № 170 («2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №124 шешіміне (Созақ аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 9 қаңтарда 14-12-12-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 14 қаңтарда «Молшылық үшін» газетінде жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы №133, 2006 жылғы 15 ақпандағы №138, 2006 жылғы 10 наурыздағы №141, 2006 жылғы 21 сәуірдегі №156 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:

1

1) тармақшадағы:
«1705882» деген сандар «1829122» деген сандармен ауыстырылсын.

2

2) тармақшадағы:
«1735345» деген сандар «1858418» деген сандармен ауыстырылсын.

3

3) тармақшадағы:
«-3134» деген сандар «-2967» деген сандармен ауыстырылсын.

4

4) тармақшадағы:
«3134» деген сандар «2967» деген сандармен ауыстырылсын.
аталған шешімнің 1,4- қосымшалары осы шешімнің 1,2- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2

2. Осы шешім Созақ ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.