«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармакшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы от 20.05.2006 г. № 238 («Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы)
1. "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 (мемлекеттік тіркеу № 9-16-25, 2006 жылғы 9 каңтардағы № 1 "Науырзым"), бұрын 2006 жылғы 23 каңтардағы № 215, 7 сәуірдегі № 219 "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер- 352866 мың тенге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -70122 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -1260 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 281484 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 64015 мың теңге;
субвенциялар - 217469 мың теңге;
2) шығындар - 353930 мың теңге.
3) Бюджет дефициті - 1064 мың теңге, бюджет тапшылығын каржыландыруға бағытталған каржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 1064 мың теңге.
2. Көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.
3. 3-қосымша өзгеріссіз калдырылсын.
4. 2006 жылдың 20 мамырынан бастап іс әрекетіне ене бастайды.