«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармакшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 (мемлекеттік тіркеу № 9-16-25, 2006 жылғы 9 каңтардағы № 1 "Науырзым"), бұрын 2006 жылғы 23 каңтардағы № 215, 7 сәуірдегі № 219 "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер- 352866 мың тенге, оның ішінде: салықтық түсімдер -70122 мың теңге; салықтық емес түсімдер -1260 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 281484 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы мақсатты трансферттер - 64015 мың теңге; субвенциялар - 217469 мың теңге; 2) шығындар - 353930 мың теңге. 3) Бюджет дефициті - 1064 мың теңге, бюджет тапшылығын каржыландыруға бағытталған каржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 1064 мың теңге.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. 3-қосымша өзгеріссіз калдырылсын.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың 20 мамырынан бастап іс әрекетіне ене бастайды.
Басқа 5