Об утверждении региональной программы занятости населения Костанайской области на 2006-2008 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының орындалуына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі ұсынған Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жұмысы облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 265 шешімімен бекітілген Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) Халықтың жұмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шаралар
Тармақша 2
2) Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар
Тармақша 3
3) Халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту.
Тармақша 5
5) Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру
Тармақша 6
6) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру
Тармақша 7
7) Жұмыспен қамтудың өңірлік мәселелерін шешудегі жергілікті атқарушы органдарының рөлін жоғарлату жөніндегі шаралар
Тармақша 8
8) Уәкілетті органның жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара қарым-қатынасы
Тармақша 9
9) Бағдарламаны іске асыру тетігі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Атауы - Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Әзірлеу үшін негіз - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 «Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысы , Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы. Мемлекеттік орган әзірлеуші - «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі Мақсат - Өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету Міндеттер - Ішкі еңбек рыногын қорғау, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге, ынталандыратын шараларды жүзеге асыру Іске асыру мерзімі - 2006-2008 жылдар Қаржыландыру көздері мен көлемі - Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 557,6 миллион теңге көлемінде жүзеге асырылатын болады, оның ішінде: 2006 жылы - 171,5 миллион теңге 2007 жылы - 186,5 миллион теңге 2008 жылы - 199,6 миллион теңге Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер - Бағдарламаны іске асыру жалпы жұмыссыздық деңгейін 2005 жылдың аяғында 7,2 %-ға дейін төмендетуге, жұмыспен қамтылған халықты көбейтуге мүмкіндік береді
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, өнімді жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, жұмыс күші сапасының артуы, ішкі еңбек рыногын теңгерімділеу және қорғау мақсатында әзірленді. Бағдарлама облыста соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың аудандық және қалалық бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шараларды ескереді. Оны іске асыру экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының құрылуы арқылы өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсіпкерлік қызметті және өзін - өзі жұмыспен қамтуды, жұмыс күшінің сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы бәсекелестік қабілетін өсуіне, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларға бағытталған еңбек рыногындағы белсенді саясатты жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Бағдарлама 2006-2008 жылдардағы кезеңде шешілетін міндеттердің тізбесін айқындайды, бұл міндеттерді шешу тетіктері мен одан күтілетін нәтижелерді қамтуды. Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы , Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы , Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 «Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шалалар жоспары туралы» қаулысы , Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Бөлім 3. 3. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау
3. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау Соңғы жылдары Қостанай облысының еңбек рыногындағы жағдай жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен және жұмыспен қамтылған халық санының артуымен сипатталады. «Қостанай облысының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің деректері бойынша облыс экономикасында 2004 жылы 506,1 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл осының алдындағы жылғыдан 12,1 мың адамға немесе 2,4 % артық. Жұмыспен қамтылғандар арасында 56,4% (285,7 мың адам) - жалданбалы қызметкерлер, 43,6% (220,5 мың адам)- өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер. Жұмыссыз халықтың саны 46,0 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 8,5 % болды және 2003 жылмен салыстырғанда 0,4 % -ға қысқарды. Тіркелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдісі байқалады. Олардың саны 2004 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 5,4 мың адамға азайды және 2005 жылдың 1 қарашасына олардың саны 9,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздар құрылымындағы 71 % -әйелдер, 38% - 45 жастан асқандар, 61% - тек ғана негізгі (жалпы және орта) білімі барлар, жартысынан артығы 1 жылдан астам жұмыс іздеп есепте тұрғандар. Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр. Республикада еңбек рыногы жай-күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен болуы себепті жергілікті еңбек рыноктарындағы жұмыс күшінің бір мезгілдегі тапшылығы жағдайына қазіргі уақытта облыста оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 1100 бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір бос жұмыс орнынан орта есеппен 7-10 жұмыссыз үміттенеді, сонымен қатар медициналық бағыттағы, өнеркәсіптің әр саласындағы инженер мамандықтары бойынша бос орындар толықтырылмайды. Қостанай облысының халқын жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында еңбек рыногындағы белсенді шаралардың нәтижелері жақсарды. 2004 жылы 11348 жұмыс орны, оның ішінде 56 %-ауылдық жерлерде, 2005 жылы - 11695 орны құрылды. Уәкілетті органдардың көмегімен өтінішпен келгендердің 56 % (2003 жылы 8,7 мыңмен салыстырғанда 9,9 мың адам) жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру пайызы көбейді, ол 2005 жылдың 1 қарашасына 59% құрайды, ал жұмысқа орналастырылғандардың саны - 8482 адам. Жұмыспен қамту органдарына өтінішпен келген азаматтардың 35% қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыссыздардың аз ғана саны оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді. 2004 жылы 478 жұмыссыз оқуын және қайта даярлауды тәмамдады немесе өтінішпен келгендердің санынан 2,7 %. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын іске асыруда белгілі бір проблемалар да бар. Жаңа жұмыс орындарын құру қарқыны көбінесе жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының көбейюімен әрдайым сәйкес келмейді, облыстың жұмыспен қамту қызметіне жұмыс берушілермен шамамен 14% ғана жаңа бос орындары түсті, қоғамдық жұмыстар өңір үшін де экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан әрдайым пайдалы бола бермейді. Оралмандарды жұмысқа орналастыру проблемасы шешілген жоқ. Еңбек рыногындағы өзекті проблемалар: тиімсіз жұмыспен қамтудың басым болуы; жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсіби құрылымының сәйкессіздігі; білікті кадрлардың еңбек әлеуетінің жоғалуы; кадрлар даярлаудың экономика қажеттіліктеріне сәйкес болмауы; халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналастыру қиындығы; тоқырауға ұшырыған, жұмыс күші артық ауылдық аудандардағы, шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі. «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесінің болжамы бойынша 2006-2008 жылдары уәкілетті органдарға 53 мың адам өтінішпен келеді, олардың ішінен шамамен 23 мыңы жұмысқа орналастырылады. 2006-2008 жылдары белгіленген квота шегінде тарихи отанына келетін оралмандар қатарынан шамамен 2625 отбасының құрамында еңбекке жарамды жастағы 5 мыңнан адам келеді деп болжануда, олардың бәрі де жұмысқа орналасуға мұқтаж болады. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын өзгерту жағдайына импорт алмастыруға бағытталған құрылымдық-технологиялық қайта құруға, өнеркәсіп саясатындағы басымдықтарды таңдауға сәйкес, өндірісті әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру, білікті жұмыс күшіне тапшылықтың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады. Мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар шеңберінде тұрақты жұмыс орындарының шамамен 40 % шағын бизнесте, шамамен 30% өндірісте, шамамен 20%-ауыл шаруашылығында құрылатын болады деп күтілуде. Экономиканың құрылымдық қайта құру жұмыс күшіне сұраныс сипатындағы және оның кәсіптік-біліктілік құрамындағы өзгерістерге апарып соғады. Тиісінше, кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың көлемі мен бейіні де өзгеруі тиіс. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырумен бірге өнеркәсіпте істейтін адамдар саны да едәуір көбейеді деп күтілуде. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы бейініндегі мамандарға сұраныс артады деп күтілуде. Нарық инфрақұрылымы, тұрмыстық және халыққа сервистік қызмет көрсету, көлік, байланыс, мектептегі білім беру, ғылым қызметкерлеріне тұрақты сұраныс болады деп болжанып отыр. Экономиканың білікті кадрларға қажеттілігі басқару және әкімшілік-өндірістік қамтамасыз ету саласындағы басшылар мен мамандарға деген тұрақты сұраныспен сипатталатын болады. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс және тағы басқа кәсіпорындарының менеджмент және шаруашылық қызметін талдау салаларында тікелей жұмыс істейтін мамандарға сұраныс едәуір артады. Қоғамды ақпараттандырудың дамып келе жатқан процесіне байланысты компьютерлік технологияны игерген білікті мамандарға және техникалық орындаушыларға сұраныс көбейді. Мүгедектер тарапынан жұмыс орындарына тұрақты сұраныс сақталады.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты-өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс күшіне деген сұраным мен теңгерімдеуді теңестіру, жұмыс күшінің сапасын арттыру. Бағдарламаның міндеттері: халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге ынталандыратын шараларды жүзеге асыру; халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау; өңірдегі халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары 1) Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шаралар Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуі экономика салаларында жаңа және қосымша жұмыс орындарын құру: мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар үшін кредиттік ресурстарды бөлу; нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады. 2) Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі болуы үшін еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингін жетілдіру қажет. Бұл ретте мыналар: білім беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлауды болжау; жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген қажеттілігін айқындау мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жүзеге асыру; кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен жұмыс іздеушілердің еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетін арттыру, оқушылардың кәсіптік бағдарлауын дамыту, еңбек рыногында талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметіне уәждемесін арттыру көзделеді. 3) Халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру: әлеуметтік жұмыс орындарын құру; кәсіптік даярлауға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрі қоғамдық жұмыстарға жіберу кезінде басымдықты құқық; ағымдағы бос орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру; мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу; нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу; жұмыспен қамту және қылмыстық түзеу жүйесі органдарының өзара әрекет етуі; жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптердің, мамандықтардың тізбелерін қылмыстық-түзеу жүйесі органдарына беру есебінен қамтамасыз етіледі. Бас бостандығынан айыратын жерлерден босатылатын және (немесе) тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлі емделудегі адамдардың келуі туралы уәкілетті органды хабардар ету есебінен жүзеге асырылады. 4) Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту: шағын бизнес субъектілерінің несиелеу мүмкіндіктерін көбейту, қолайлы жағдайлар жасау; жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру және қызметтердің жеке меншік салаларын, ұлттық кәсіпшілікті дамыту; жеке ісін ашқысы келетін адамдардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыссыздарды одан әрі өзін өзі жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын болады. 5) Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру еңбек рыногындағы жұмыссыздардың бәсекелестікке қабілеттілін арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау арқылы жүргізілетін болады. 6) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру 2006-2008 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсартуға, әлеуметтік мәдени маңызды объектілерді жөндеуден өткізуге қатысуға, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізуге арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау көзделеді. 7) Жұмыспен қамтудың өңірлік мәселелерін шешудегі жергілікті атқарушы орындардың рөлін жоғарлау жөніндегі шаралар Жергілікті атқарушы орындар: бос орындар туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жандандыру; халықты және жұмыс берушілерді еңбек рыногындағы ахуал туралы хабардар ету; жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру; еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеттілікті арттыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында нысаналы топтарды қоса алғанда кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға жіберу; еңбек рыногындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу; жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен іске асыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, экономикалық және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып қоғамдық жұмыстардың тиімділігін дамыту. Осы өңірлік бағдарламаны іске асыру үшін «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесіне (әріқарай - ЖҚҮӘБД) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - ЕХӘҚМ); «Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - КӨД); «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - ДСД); «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - БД); «Қостанай облысының мәдениет департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - МД); «Қостанай облысының жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - ЖКАЖД); «Қостанай облысының ауыл шаруашылық департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - АШД); «Қостанай облысының сәулет, қала құрылыс және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - СҚҚҚД); «Қылмыстық-атқару жүйесінің Қостанай облысы бойынша Комитет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - ҚАЖКБ); «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесімен (әріқарай - ЕХӘҚМД) өзара қарым-қатынас жасауды қажет етеді. 8) Уәкілетті органның жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара қарым-қатынасы Уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен қарым-қатынас жасау; уәкілетті органдардың жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекеттерін кеңейту; ұйым қызметкерлерінің өндірісшілік оқыту, сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлерді, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеті мен кәсіптік ұтқырлығын арттырудың маңызды құралы ретінде, ілгерілеп кәсіптік оқыту жүйесін дамыту; Уәкілетті органдар, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер арасында білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады. 9) Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарлама өңірлік деңгейде уәкілетті органмен қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының негізінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмыс берушілермен, жеке меншік агенттіктерімен тығыз байланысты іске асырылады. Бағдарламаны іске асыру тетігі мен нақтылы шаралар облыс экономикасының тиісті салаларының дамуын қарастыратын басқа да өңірлік бағдарламаларда көрініс табады. Бағдарламаны үйлестіру және бақылау мақсатында оған мониторинг жүргізіледі. Уәкілетті органдар өңірлік жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымға болжауды, талдауды және еңбек рыногындағы жағдай туралы жергілікті және атқарушы органдарды хабардар етуді жүзеге асырады.
Бөлім 6. 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттердің қаражаты 557,6 миллион теңге көлемінде, оның ішінде 2006 жылы 171,5 миллион теңге, 2007 жылы 186,5 миллион теңге, 2008 жылы 199,6 миллион теңге көзделеді. Бағдарламаны 2006-2008 жылдары іске асыру үшін қажетті бюджеттік қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру есебінен 2006-2008 жылдары: 22800 адамды, оның ішінде 2006 жылы -7600, 2007 жылы -7600, 2008 жылы-7600 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; 16500 адам, оның ішінде 2006 жылы -5500 адам, 2007 жылы -5500 адам, 2008 жылы -5500 адам үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру; 2090 жұмыссызды, оның ішінде 2006 жылы -680, 2007 жылы -700, 2008 жылы -710 жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу; нысаналы топтар үшін 2700 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде 2006 жылы - 900, 2007 жылы - 900, 2008 жылы -900. Осы Бағдарламада қарастырылған барлық шараларды толығымен іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамту мәселелерін шешу және жұмыссыздықтың жалпы деңгейін 7,2 % - ға дейін төмендету көзделіп отыр.
Бөлім 8. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуына жауаптылар Іске асыру (орындау) мерзімі Болжалды шығыстар (миллион теңге) Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1. Халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге ынталандыратын шаралар 1.1 Экономиканың түрлі салаларында жаңа және қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету, оның ішінде: 2006 жыл - 8703 2007 жыл - 9121 2008 жыл - 9178 ЖқүәБД ақпарат АШД, КөД, БД, СқққД, ДСД, ЖКАЖД, аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 1.2. Жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу ЖқүәБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Ай сайын Талап етілмейді 1.3 Нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру Аудан және қала әкімдіктерінің қаулылары Аудандар және қалалардың әкімдері Жыл сайын 2006 жыл -29,8 2007 жыл -31,5 2008 жыл -33,6 қалалық және аудандық бюджеттер 1.4. Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бос жұмыс орындарын Еңбекминіне, ЖқүәБД ақпарат Еңбекминінің аумақтық бөлімшілері қаңтар, маусым, жыл сайын Талап етілмейді 2. Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар 2.1. Еңбек рыногындағы және білім беру қызметтері рыногындағы көлемдерге, бейіндерге және мамандар даярлау мерзіміне сұраныс пен ұсынысты болжауды жүзеге асыру. ЖҚҮӘБД ақпарат АШД, КӨД, БД, СҚҚҚД ЖКАЖД, аудандар, қалалардың әкімдері жұмыс берушілердің бірлестіктерінің қатысумен қазан, жыл сайын Талап етілмейді 2.2. Жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жұмыс берушілердің жұмыс күшіне таяудағы 3 жылға қажеттілігін анықтау және кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асыру. ЖқүәБД ақпарат АШД, КөД, БД, СқққД, ДСД, ЖКАЖД, аудандар, қалалардың әкімдері жұмыс берушілердің бірлестіктерінің қатысумен Жыл сайын, 1 тоқсан Талап етілмейді 2.3. Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануын дамыту, олардың еңбек рыногында талап етілетін кәсіптер, мамандықтар бойынша еңбек қызметтеріне уәждемесін арттыру ЖқүәБД ақпарат БД, аудандар, қалалардың әкімдері Сәуір, жыл айын Талап етілмейді 2.4. Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында жергілікті еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып шетелдік жұмыс күшін квота бойынша тарту жөнінде ұсыныстар дайындау. Еңбекминіне ұсыныстар ЖқүәБД, аудандар, қалалардың әкімдері қыркүйек, жыл сайын қаражат тартпай 2.5. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың шарттарын, шетелде жұмысқа орналастыру бойынша делдалдық көмек көрсету ережелерін жұмыс берушілермен орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Еңбекминіне, ЖқүәБД ақпарат Еңбекминінің аумақтық бөлімшілері 2006-2008 жылдары қаражат тартпай 3. Халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру 3.1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау Аудан және қала әкімдіктердің қаулылары Аудандар және қалалардың әкімдері Жыл сайын Талап етілмейді 3.2. Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылу мониторингін жүргізу ЖқүәБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Маусым, желтоқсан, жыл сайын Талап етілмейді 3.3. Жұмыспен қамту және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған, бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру ЖқүәБД ақпарат ӘД, аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 3.4. Жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі органдарына еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптер, мамандықтар тізбесін ұсыну. ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Наурыз, жыл сайын Талап етілмейді 3.5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру: 2006 жыл - 900 адам 2007 жыл - 900 адам 2008 жыл - 950 адам ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Бекітілген қалалық және аудандық бюжеттердің қаражаты шегінде қалалық және аудандық бюжеттер 4. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту 4.1. Әйелдердің ауылдық жерлерде және шағын қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету үшін ауылда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі нысандарын және ұлттық көркемдік кәсіпшілікті дамыту ЖҚҮӘБД ақпарат АШД, МД, КөД, аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 4.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру ЖҚҮӘБД ақпарат КӨД Желтоқсан, жыл сайын Бекітілген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты шегінде 5. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру 5.1. 2,1 мың жұмыссызды оқуға жіберу және кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, оның ішінде 2006 жыл - 680 адам 2007 жыл - 700 адам 2008 жыл - 710 адам ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын 2006 жыл -15,4 2007 жыл -17,3 2008 жыл -20,3 қалалық және аудандық бюжеттер 6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру 6.1. Жұмыссыз азаматтарға өңірлік әкімдіктердің қаулыларымен белгіленген жұмыс түрлері бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру, оның ішінде: 2006 жыл - 5500 адам 2007 жыл - 5500 адам 2008 жыл - 5500 адам ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын 2006 жыл -125,3 2007 жыл -136,7 2008 жыл -144,7 қалалық және аудандық бюджеттер 7. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешудегі рөлін арттыру жөніндегі шаралар 7.1. Өңірлік ақпараттық бос орындар базасын толықтыру Бос орындар базасы Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 7.2. Халықты және жұмыс берушілерді буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату жолымен еңбек рыногында ахуал, бос жұмыс орындары туралы хабардар ету ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Бекітілген қалалық және аудандық бюжеттердің қаражаты шегінде 7.3. Жұмыста ұзақ үзілісі бар немесе жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздарды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жөніндегі клубтық жұмысты жетілдіру ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Шілде, желтоқсан, жыл сайын Талап етілмейді 7.4. Жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды бос орындар жәрмеңкесін және оқу орындарын ұйымдасытру, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру жолымен жетілдіру ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын 2006 жыл - 1,0 2007 жыл - 1,0 2008 жыл - 1,0 қалалық және аудандық бюджеттер 7.5. 22,8 мың жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, оның ішінде 2006 жыл - 7600 адам 2007 жыл - 7600 адам 2008 жыл - 7600 адам ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 7.6. Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында өңірлерде жастар тәжірибесін тарату ЖҚҮӘБД ақпарат БД, аудандар және қалалардың әкімдері қаңтар, жыл сайын 2006 жыл -10,0 2007 жыл -11,0 2008 жыл - 12,0 7.7. Еңбек рыногындағы ахуалдың мониторингін жүргізу ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын Талап етілмейді 8. Жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін ықпалдастыру 8.1. Жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмысқа орналастыру саласындағы өзара іс-әрекетін кеңейту. әлеуметтік әріптестіктің үш жақтық комиссияларын жұмыссыздықты қайтарудың механизмі ретінде қолдану. Келісімдер ЖҚҮӘБД, аудандар және қалалардың әкімдері Желтоқсан, жыл сайын қаражат тартпай 8.2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік емес ұйымдары арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу ЖҚҮӘБД ақпарат Аудандар және қалалардың әкімдері Тоқсан сайын қаражат тартпай 8.3. Салалық (тарифтік) келісімдерге кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі мынадай: босаған қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ескеретін, қызметкерлерді өндірісшілік оқыту жүйесін құру және дамыту; жұмыстан босау қатеріндегі жастарды ілгерілеп кәсіптік оқыту; қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру үшін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаны жетілдіру (құру) шараларын енгізу Келісімдер Аудандар және қалалардың әкімдері, жұмыс берушілердің кәсіподақтардың бірлестіктерінің қатысуымен Жыл сайын Талап етілмейді Ескерту: Бағдарламаны 2006-2008 жылдары іске асыруға көзделген шығыстар тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетілетін болады.