Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
«Туристік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы от 20.12.2005 г. № 242 (Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған «Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» бекітілсін.
2. Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 17 маусымдағы XX сессиясының №203 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 24 маусымда 3335 санды болып тіркелген) бекітілген «Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама» аяқталсын және ол бақылаудан алынсын.
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 242 шешіммен БЕКІТІЛГЕН
Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
1.Мазмұны
2.Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының паспорты 3
3.Кіріспе 7
4.Туристік саланың қазіргі жай - күйін талдау 10
5.Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 12
6.Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
мен тетігі 13
7.Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері 17
8.Күтілетін нәтижелер 17
9.Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс - шаралар жоспары 19
халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету.
6. Қызылорда облысын Қазақстандық туристік
нарық жүйесіне біріктіру және туризм саласында
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
7. Туристік саланың субъектілерін инвестициялау
және қаржыландырудың басқа да нысандарын
несиелендіру үшін жағдайлар жасау.
8. Туризм саласын ақпараттық қамтамасыз етуді
жетілдіру, туристік қызметке белсенді жарнама
жүргізу.
Бағдарламаның іске асыру мерзімі
2006-2008 жылдары
Бағдарламаны қаржыландыру
Жергілікті бюджет қаржылары, бюджеттен тыс Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері. 2006 жылы -2 500,0 мың теңге, 2007 жылы - 2 625,0 мың теңге, 2008 жылы - 2 756,0 мың теңге
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру:
1) Қызылорда облысы экономикасының құрамдас
бөлігі ретінде туристік саланы құруға;
2) жергілікті, халықаралық деңгейде қаржылық
және оның алуан түрлерінде (танымдық, іскерлік,
спорттық, сауықтыру, экзотикалық, экологиялық,
т.с.с.) туризм индустриясын құруға;
3) туризм инфрақүрылымын жасауға:
сервистік және сауда қызметін көрсететін
кәсіпорындарды, табынушылық және туристік
кешендерді, халықтық қолөнер шеберханаларын,
этнографиялық мұражайларды, өнердің дәстүрлі
нысандарын белгілейтін салт-жоралық,
этнографиялық және фольклорлық театр мен
ұжымдарды, керуен жолдарының, жаяу жүру
маршруттарының тарихи ландшафтын
жаңғыртуға, жолдарды, су жабдықтау және арна
жүргізу жүйесін жаңартуға және көркейтуге,
электр жарығымен жабдықтау;
4) туризм саласында қызмет істейтіндердің санын
арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға;
5) жергілікті бюджеттердің салық салынатын
базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
2. КІРІСПЕ
Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Қазақстанның «Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдардың бағдарламасына» сәйкес әзірленген.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретіндегі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қамтиды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік рынок деңгейіне ілгерлету мақсатында: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» біздің елдің бұрынғы азаматтарын қоса алғанда, 54 мемлекеттің шетелдік азаматтары үшін визалық рәсімдерді оңайлату жөнінде Қазақстан Республикасының визалар беру тәртібі туралы нұсқаулығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар: «Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы», «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы», «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» қаулылары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №333 қаулысымен Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы қабылданды.
Президенттің «Бэсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекелестікке қабілетті экономикаға, бәсекелестікке қабілетті ұлтқа» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы маусымнан бастап «Қазақстандық экономиканың қолданыстағы және әлеуетті перспективалы секторларының бәсекелестік қабілетін бағалау және олардың дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеу» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларының бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы өндірістік және экономикалық өсуін ұлғайту. Бұл салаға кіретін компаниялардың көпшілігі шағын және орта кәсіпорындар болып табылады, олар әлемнің көптеген елдерінде экономикалық өсудің күшті қуат көзі болып табылады.
Кластерлік даму жолымен бәсекелестік қабілетті арттыру жобасы кластерлік буындарды, өзара іс-қимыл және іс-әрекет жоспарын құру процесін жеделдетуге көмектеседі.
«Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ-мен, американдық компаниялармен бірлесіп туристік саладағы кластер құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Алматы қаласында және Алматы облысында туристік кластерді құру және дамыту жөніндегі Шебер-жоспар пилоттық жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасының теңдессіз табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне икемді бірігуінің табиғи жүйе құрайтын факторы, барынша серпінді дамып жатқан және оның капиталды қажет етуіне қарамастан салынған капитал қайтарымы бойынша тиімді саланың бірі болып табылады.
Туризммен шектес салаларды (көлік - коммуникациялық инфрақүрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және басқалары) дамытуға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға негізделген қазақстандық турөнімді кешенді іске асыру елдің және халықтың жұмыспен қамтылуының, кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген «Казақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша осы жылдарға республикада құрылатын жұмыс орындарының саны 705 мың болса, оның 540 мыңы, яғни, 73 % пайызы туризм саласында болады деп жоспарланған.
Бүл ретте туристік салада мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейде үйлестіруге туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасында туризмді дамытуды және мемлекеттік басқару қолдау нысандарын қамтамасыз етуге үлкен рөл беріледі.
Туризм - бұл адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға, тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға, қоршаған ортаны және мәдени мұраны қорғауға бағытталған осы заманғы экономиканың бірегей салаларының бірі. Туризм дамуы көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру сияқты экономика секторларына дем беріп, ықпал етеді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың ең келешекті бағыттарының бірін құрайды.
Қазақстан өзінің алуан түрлі және кең аумағымен, әдет- ғұрпымен, қызықты мәдиниеті мен бай табиғи және тарихи мұрасымен туристік обьекті ретінде қызықтырады. Қазақстанның туристік әлеуеті туризмнің барлық түрін: мәдени, танымдық, шытырман оқиғалы, спорттық, экологиялық, сонымен қатар мына мүдделер бойынша мамандырылған турларды ( мысалы: ғылыми, діни, орнитологиялық) дамытуға жақсы ұстанымдарға ие.
Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарының бірі болып табылады. Бұл тарихи орталықты жаңғырту мақсатында біздің облыста «Сыр Елім» туристік маршруты жасалды, оған Сауран және Сығынақ ескі қала орындары, археологиялық және сәулеттік ескерткіштер -Сунақ Ата, Айқожа Ишан кесенелері, Ақтас мешіті, Қарасопы кесенесі және Қорқыт Ата мемориалдық кешені, әлемге әйгілі Байқоныр ғарыш айлағы кіреді.
Қызылорда облысында 543 ескерткіш бар, олардың ішінде тарихи және діни маңызы бар ескерткіштер саны 495. Олар сәулеттік, археологиялық ескерткіштер, қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің кесенелері, мазарлары.
Туризм Қызылорда облысының экономикалық және әлеуметтік прогресінің маңызды құрамдас бөлігі болуы тиіс. Облыста туризмнің даму стратегиясы меншікті туристік өнімді қалыптастыру және осы өнімнің ішкі және сыртқы рыноктарға шығуы үшін шаралар кешенін қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалуы тиіс. Туризмді нарықтық жағдай шеңберінде табысты дамыту үшін туристік фирмалардың, басқару органдарының қызметін үйлестіру қажет.
3. ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
Ағымдағы сәтке облыста туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген проблемаралы бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар объективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристік индустрияның өзіндегі де онымен сабақтас салалардағы да менеджменттің әлсіздігі, сондай-ақ туристік инфрақүрылымның жоқтығы.
Қызылорда облысындағы туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелер мыналар:
құнды және тартымды экскурсиялық объектілерге автокөлік жолдарының болмауы немесе нашар жағдайы;
экскурсия нысандары жағдайының нашарлығы - қолайлы тамашалау алаңдарының, ақпарат тақталарының, жабдықталған және қауіпсіз жолдардың, демалыс орындарының жоқтығы, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында (жаңбыр, қатты жел, ыстық);
алыс аудандарда жергілікті тұрғындар ішінен білікті қызмет көрсетуші болмауы;
облыстың рекреациалық жерлерінде электр жарығымен, сумен жабдықтаудың және кәріз жүйелерінің болмауы.
Облыста туризмді дамытудың маңызды қыры - әлеуметтік туризмді, соның ішінде қазақстандықтардың демалу құқықтарын іске асырудың негізгі және әлеуметтік қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бірі болып табылатын балалар туризмін дамыту болып табылады
Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулі екенін ескеріп, шағын қонақ үйлердің, қонақтарға арналған үйлердің, кемпингтердің және қонақ үй желілерінің, бірнеше киіз үйлерден тұратын ұлттық ауылдардың алғашқы кезектегі құрылысын айқындау қажет. Сонымен қатар киіз үйлер жасайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу қажет. Шетел туристерінің келу бағыттары бойынша турларына ұлттық нақыш беру ұлттық қолөнерлердің қайта дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады
Бұдан өзге, елдің туристік беделді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың жандануына, Қазакстанға қызығушылықтың өсіп отырғанына қарамастан, әлемдегі негізгі туристік ағымды құрайтын мемлекеттердің әлеуетті туристеріне жеткілікті түрде ақпарат берілмеу проблемасы бар. ІІІетелдік туристер біздің туристік мүмкіндіктеріміз туралы ақпаратты тікелей туристік жәрменкелерге, көрмелер мен биржаларға бару кезінде алады.
Туристік нарық статистикасына жасалған талдау көрсеткендей, 1997-2000 жылдар кезеңінде туризмнің барлық негізгі көрсеткіштері 5 еседеп астам төмендеген. 1998 жылы қызмет көрсетілген туристер саны 52 адам болса, 1999 жылы 138 адам, 2000 жылы - 143 адам болды. Халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысу және саланы жарнамалаудың арқасында соңғы жылдары олардың саны артып келеді. 2001 жылы қызмет көрсетілген туристер саны 976 адамды құрады, ал 2002 жылы - 993 адам, қазіргі кезеңде 1996 жылдың (996 адам) деңгейіне жеттік.
Байқоныр кешені бойынша Қазақстан-Ресей кіші комиссиясы және ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекіткен Байқоныр кешеніне туристік сапар ұйымдастыру тәртібі туралы 2002 жылғы 17 ақпандағы шешімге сәйкес 2005 жылғы 16 мамырда № 156/16-05 келісім-шарты қабылданып, Байқоныр кешеніндегі туристік қызмет көрсетуге туристік топтардың келуіне мүмкіндігі бар объектілердің тізімі және баға көрсеткіші бекітілген.
Облыста туризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар мен жағдайлар бар.
Туристерді орналыстыру нысандары: Облыста 22 қонақ үй, 2 санаторий, 7 балаларды сауықтыру лагері, 2 қонақтық үйлер жұмыс істейді.
Көлік:
Облыс орталығы Қызылорда қаласында және Байқоныр қаласында әуежайлар бар. Облыс аумағынан Орынбор - Ташкент темір жолының құрамдас бөлігі, ұзындығы 764 километр болатын Батыс Қазақстан темір жолы өтеді. Тас жолдардың ұзындығы 3 мың километр. Басты тас жолдар: РФ шекарасы - Самара -Шымкент - Орал арқылы - Ақтөбе - Қызылода, Қызылорда - Павлодар - Успенка (РФ).
2006-2008 жылдар кезеңінде жоғарыда аталған автомобиль көлігі дәліздеріндегі жол маңайындағы сервис объектілерін және инфрақұрылымды жаңарту, қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру көзделеді.
Ұлттық қолөнер: (кілем, музыкалық аспап және т.б. жасау), Ұлттық тағамдар, фольклор (әуен, би, киімдер, поэзия, аңыздар және т.б.);
Тарихи және діни орындар, көшпелілер тіршілігі: (киіз үйлер, қос өркешті бактриан түйелері, жылқы, қойлар және т.б.);
Табиғаты тартымды жерлер: (Сырдария өзені, Қамбаш көлі, табиғи қорықтар («Барсакелмес» қорығы);
Ғылыми және техникалық тұрғыдан қызығушылық: (Байқоныр ғарыш айлағы);
Мәдени-демалыс орталықтары: (8 мұражай, 5 кинотеатр, 1 театр, 1 филармония, 22 мәдениет үйі);
Туристік фирмалар: туристік қызмет көрсету нарығында 15 жылдық тәжірибесі бар «Саяхат» туристік фирмасы, 2003 жылы ашылған «Қорқыт-Тур» туристік агенттігі, Байқоңыр қаласында туристік қызмет көрсететін «Инфракос» республикалық коммуналдық кәсіпорыны қызмет істейді.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның басты мақсаты - туристік индустрияның бәсекелестік қабілетін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және оны экономиканың жоғары табысты секторына айналдыру.
Бағдарлама Қазақстанның беделін тартымды туристік нысан ретінде қалыптастуруға, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, ұлттық турөнімдерді қалыптастыруға және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар:
облыста қазақстандық және шетелдік азаматтарға туристік қызмет көрсетуде халықтың қажеттілігін өтеуге кең мүмкіндіктер ашатын қазіргі заманғы туристік кешен құру;
аймақ экономикасын дамытуға, оның ішінде бюджетке салық түсімдерінің, шетел валютасының келуінің есебінен үлес қосу;
жұмыс орындарын сақтау және санын көбейту;
облыстың табиғи-рекреациалық, мәдени-тарихи әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;
туризмнің инфрақұрылымын дамыту: жолдарды, су жабдықтау және арна жүргізу жүйесін жаңарту, көркейту және электр жарығымен жабдықтау;
туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа обьектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
ішкі және сырттан келу туризмінің басымдықтарын дамытуға жағдай жасау;
туризм және қызмет көрсету салаларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды
қамтамасыз ету;
Қызылорда облысын Қазақстандық туристік нарық жұмысына және туризм саласына халықаралық ынтымақтастықты дамытуға біріктіру;
сала субъектілерін инвестициялау және қаржыландырудың, несиенің басқа да нысандары үшін жағдайлар жасау;
туризм саласын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, қызметке белсенді жарнама жүргізу.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ
І.Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
республикалық заңдар мен бағдарламалар жобаларының туризм саласын дамытуға арналған бөлігіне ұсыныстар мен ескертпелер әзірлеу;
туристік жобаларды несиелеуді қамтамасыз ету және тиісті Үкімет кепілдіктерін беру жөнінде ұсыныстар жасау;
туризм саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралар жүйесін әзірлеу;
техникалық реттеу жүйесімен белгіленген талаптарға сәйкес туристік және қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыру.
2. Облыстың мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту және сақтау
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
мәдени-тарихи және табиғи рекреациалық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
халық арасында туризмнің құндылықтарын және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
3. Маркетинг және Қазақстандық туристік өнімді жылжыту
Маркетингті және ұлттық турөнімдердің жылжуын қамтамасыз ету үшін біздің облыс Берлиндегі, Лондондағы, Мадридтегі, Мәскеудегі дүниежүзіне танымал халықаралық туристік көрмелерге белсене қатысу керек. Әр жыл сайын облыстың көрме алаңдарын кеңейту, туристік ұйымдардың өкілеттіктерін ұлғайту, ұсынылатын ақпараттар мен жарнамалық өңімдердің сапасын жақсарту керек.
Қажетті маркетингті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының оң туристік беделін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды бұдан әрі іске асыру қажет. Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
ұлттық туристік өнімді экспорттау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын әзірлеу;
облыс халқының барлық жіктерінің туристік ресурстарын қол жеткізуін қамтамасыз ету, гуристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;
халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде Қызылорда облысының біртұтас стендін ұйымдастыру;
аймақта әлеуметтік және әуесқой туризмді дамытуды қамтамасыз ету;
ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету.
4. Балалар-жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетке тәрбиелеудің негізін қалаушы фактор.
Бала кезден туризмнің әр қилы түрлерімен айналысу азаматтық сезімге, туристік мәдениетке тәрбиелеуге және жалпы мемлекеттік пікір ретінде қонақжайлылық уағызын қабылдау қабілеттілігіне, табиғат пен қоғам үшін ең аз зардаптарымен бірге мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың пәрменді секторы ретінде туризмнің шынайы дамуына мүмкіндік береді. Облыстың туристік фирмалары балалар туризмінің мына: танымдық, таныстық, емдік-сауықтыру түрлерін ұсынады. Республика және облыс бойынша жүретін жерлер: Астана қаласы, Түркістан қаласы, «Ерке-Машат» лагері (Шымкент қаласы), «Бөбек» лагері (Алматы қаласы), «Боровой» (Көкшетау қаласы), «Қорқыт Ата» мемориалы, «Байқоныр» кешені (Қызылорда қаласы).
Балалар-жасөспірімдер туризмі мыналарға:
жасөспірім ұрпақты есірткіге және зиянды әдеттерге табиғат арқылы тілдесуге, еріктілік пен руханилыққа тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтына баурауға;
тұған өлкені іс жүзінде тануға, қоршаған ортамен, тарихи және мәдени ескерткіштермен танысуға ықпал ететін туризмнің белсенді түрі болып
табылады.
5. Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Туризмді дамытудың негізгі болжамды факторларының бірі туристер үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Туризм хартиясында, Турист кодексінде, Туризм жөніндегі Гаага парламенті конференциясының құжаттарында айқындалған. Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, турларды ұйымдастыру кезінде туроператорлар және турагенттер қабылдайтын шараларға тікелей қатысты. Лаңкестік актілердің, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың және техногендік сипаттағы салдарының өсу жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі аса ерекше қойылады.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
туристік кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыру және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлардың және турагенттердің қызметіндегі техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелерді сақтауды бақылау;
туристік ортаны сақтау және қорғау ;
туризмнің сақтандыру рыногын дамыту;
халық пен туристерді қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және адам саудасына, туризмдегі әйелдер мен балаларды еңбекке және сексуалдық пайдалануға қарсы күрес жүргізу;
Қазақстанға кіруді болдырмау үшін туристік және өзге де көші-қон ағымдарын, оның ішінде туристер түрінде білгілі бір мақсатта көзделген орындарға экстремистердің транзиті үшін.бақылауды белгілеу;
туристерге телефондық ақпараттық қызметті жасау.
6. Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету.
Туристік саланы одан әрі дамыту мақсатында әлемдік тәжірибиеде пайдаланылатын жаңа технологияларды ендіруді ескеріп, оның ақпараттық кеңістігін камтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні жаһандану заманында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру мәселесін шешу үшін жаңа тәсіл қажет.
Туристік саланы ақпараттандыру үшін мыналар:
туризм саласында араласып жүрген барлық интербелсенді геоақпараттық жүйелерді ендіру үшін (әртараптанған суб-секторлар);
республикалық инновациалық және ақпараттық технологиялар туристік орталығын құру;
елдің туристік әлеуеті, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, туристік ұйымдар мен қонақ үйлік қызметтер, көліктік коммуникациялар мен байланыстар, визалар алу тәртіптері, тіркеу және әкімшілік рәсімдер туралы жаңаланған деректер банкісі бар Дүниежүзілік туристік ұйымдардың ресми тілдеріндегі қажетті ақпарат орналастырылған бірыңғай интернет- портал құру қажет.
7. Басқаруды ұйымдастыру және іске асыру механизмдері
Бағдарламаның жүзеге асырылуын басқаруды және бақылауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне және әдістемелік құжаттарға сәйкес облыстағы барлық мүдделі ұйымдармен бірлесіп туризм саласындағы жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
2008 жылға дейіи бағдарламаны іске асыру үшін облыстық бюджет қаражатынан қаржыландыратын сома 7 881,0 мың теңгені құрайды. Шығыстардың сомасы: 2006 жылға - 2 500,0 мың теңге, 2007 жылға - 2 625,0 мың теңге, 2008 жылға - 2 756,0 мың теңге құрайды.
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте көзделген қаражат есебінен, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерін тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламада көзделген іс-шараларды облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі тиісті қаржы жылына облыстық бюджетті бекіту туралы мәслихат шешімімен белгіленетін болады.
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламада әзірленген шаралар ел ішінде қалай болса, дәл солай шетелде де туристердің ағымын одан әрі ұлғайтуға ықпал ететін болады және ақырғы соңында Қазақстанның ұлттық турөнімінің және ықпалдыстығының әлемдік туристік нарыққа тартылуын едәуір арттыруға, туристік индустрияны халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде құруға және одан ары дамытуға, сондай-ақ туризм саласының мемлекет экономикасының табысты секторы ретінде қалыптасуына әкеледі.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру:
Қызылррда облысы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде туристік саланы құруға;
жергілікті, халықаралық деңгейде қажылық және оның алуан түрлерінде (танымдық, іскерлік, спорттық, сауықтыру, экзотикалық, экологиялық т.с.с) туризм индустриясын құруға;
туризм инфрақұрылымын жасауға: сервистік және сауда қызметін көрсететін кәсіпорындарды, табынушылық және туристік кешендер, халық қолөнер шеберханаларын, этнографиялық мұражайларды, өнердің дәстүрлі нысандарын белгілейтін салт жоралық, этнографиялық және фольклорлық театр мен ұжымдар, керуен жолдарының, жаяу жүру маршруттарының тарихи ландшафтын жаңғыртуға, жолдарды, су жабдықтау және арна жүргізу жүйесін жаңартуға және көркейтуге, электр жарығымен жабдықтау;
туризм саласында қызмет істейтіндердің санын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға;
жергілікті бюджеттердің салық салынатын базасын кеңейтуге мүмкіндік береді;
8.Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары
№ рс
Іс- шара
Аяқталу нысаны
Жауапты орындаушылар
Іске асыру мерзімі
Болжамды Қаржыландыру -шығыстар (мың теңге) көздері
1
2
3
4
5
6 7
І.ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
Туристік саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
1.
«Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар дайындау
Ұсыныстар
Аудандардың, Қызылорда қаласының әкімдері, КжӨД
2006
жылғы IV тоқсан
Талап етілмейді
2.
Инвестициялық жеңілдіктер берілетін қызметтің кіші түрлерінің жіктеуіштері деңгейіндегі экономиқалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне, оны «Туризм» бөлімімен толықтыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар дайындау
ұсыныстар
Аудандардың, Қызылорда қаласының әкімдері, КжӨД
2006 жылғы I тоқсан
Талап етілмейді
-
Кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
3.
Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша Республикалық кеңсе-семинарларға қатысу
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД
2006 -
2008
жылдар
ІІ-ІУ
тоқсан
КжӨД, бюджет қаржысы шегінде
4
Жергілікті уәкілетті органдар және туризм рыногына қатысушылар үшін гранттар, техникалық көмектер және инвестициялар тарту жөніндегі окыту семинарларына қатысу
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД
2006 -2008 жылдар III тоқсан
КжӨД, бюджет каржысы шегінде
Облыстағы туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
5.
Туристерге қызмет көрсету бойынша туроператорлардың және турагенттердің қызметінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нормалардың, ережелердің сакталуына бақылауды қамтамасыз ету
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Аудандардың, Қызылорда каласының әкімдері, КжӨД, ЖДжТЖБ
Жыл сайын, III тоқсан
Талап етілмейді
6.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің деректері негізінде карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдер туралы облыстың туристік ұйымдарын хабардар ету
Облыс
экімдігіне
ақпарат
ДСД, КжӨД
Тұрақты
Талап етілмейді
2.ТУРИЗМ ИНФРАҚ¥РЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Облыстың тарихи-мәдени және таб
иғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану
7.
Арал ауданындагы Қамбаш көлінің жағасындағы лагердің су құбырларын және арна жүргізу жүйесін жақсарту.
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Арал ауданының әкімі, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті
2006 -
2008
жылдар
Облыстық бюджет қаржысы шегінде
8.
Облыстың тарихи-мәдени және табиғи рекреациялық аймақтарының жолдарын, электр желілерін дамыту.
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Аудандардың, Қызылорда қаласының әкімдері
2006 -
2008
жылдар
Облыстық бюджет қаржысы шегінде
9.
Туризм инфрақұрылымына тікелей инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізу
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Аудандардың, Қызылорда каласының әкімдері, КжӨД
Тұракты
Бюджеттен тыс қаржы көздері
10.
Облыстық курорттық-сауықтыру объектілерінің материалдық- техникалық базасын нығайту және оларды тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарды жандандыру
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Аудандардың, Қызылорда қаласының әкімдері
Тұрақты
Меншік иелерінің және сырттан тартылған қаражаттар
11.
Экотуризмді дамыту бойынша ұлттық және өңірлік саясатты әзірлеу жолымен Дүниежүзілік экологиялық саммитте қабылданған Квебек декларациясының ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз ету
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД
Түракты
12.
Келу және ішкі туризмді дамытуға бағытталған «Сыр -елім» туристік бағытын одан әрі іске асыру
Облыс
әкімдігіне-
ақпарат
КжӨД,
Саяхат турфирмасы (келісім бойынша)
2006 -2008 жж. сәуір айы
З.ОБЛЫСТЫҚ ТУРИСТІК ӨНІМДІ ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты ұлғайту
13.
Алматы қаласында өтетін «КІТҒ» Қазақстандык халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысу(жер алаңын жалдау, тіркеу, т.б.)
Облыс
әкімдігіне
есеп
КжӨД?
Облыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006, 2007, 2008 жылдар, сәуір айы
454,3 477,1 500,8
облыстық
бюджет
қаражаты
14.
Астана қаласында «Астана-Демалыс» Қазақстанды к халықаралық туристік көрмеге қатысу (жер алаңын жалдау, тіркеу, т.б.)
Облыс
әкімдігіне
есеп
КжӨД,
Облыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006 , 2007, 2008 жж. қазан айы
454,3 477,1 500,8
облыстық
бюджет
қаражаты
15.
«Барсакелмес» қорығы, «Қамбаш» көлі, табиғи ескерткіштер және басқа да табиғи қорықтар жайлы фотоальбомдар әзірлеу
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
Аудандардың. Қызылорда қаласының әкімдері, КжӨД
2006 ,
2007,
2008
жылдар
405,0
425,3 446,5
облыстық
бюджет қаражаты
16.
Туризм түрлері бойынша жарнамалық видеофильм жасау, т.б.
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД
2006 , 2007, 2008 жылдар
500,0 525,0 551,3
облыстық
бюджет
қаражаты
Халық аралық жобаларды іске асыру
17.
«Іле-Балқаш» регатасына қатысу, Алматы облысы
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
Облыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006 -2008 жж. мамыр айы
КжӨД, туризм
мекемелері
бюджет
қаржысы
шегінде
-
18.
«Белуха» Халықаралық туристік фестиваліне қатысу, Шығыс Қазақстан облысы
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
Облыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006, 2007, 2008 жж. тамыз айы
155,0 162,8 170,9
облыстық
бюджет
қаражаты
19.
«Жибек жолы диалог жолы» Халықаралық туристік фестиваліне қатысу, Онтүстік Қазақстан облысы
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
Облыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006 -2008 жж. мамыр айы
КжӨД, туризм
мекемелері
бюджет
қаржысы
шегінде
20.
«Бурабай» республикалық туристік слетіне қатысу, Ақмола облысы
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
Об лЬIстың турИ3м мекемелері (келісім бойынша)
2006 -2008 жж. ақпан айы
КжӨД, туризм
мекемелері
бюджет
қаржысы
шегінде
21.
«Еуропа-Азия» Халықаралық туристік фестиваліне қатысу, Онтүстік Қазақстан облысы
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
06лыстың туризм мекемелері (келісім бойынша)
2006 -2008 жж. шілде айы
КжӨД, туризм
мекемелері
бюджет
қаржысы
шегінде
4. Туристік саланы ақпараттык камтамасыз ету
22.
Туристік объектілер мен туристік ұйымдар туралы материалдарды құрайтын, Қазақстан аумақтары бойынша біртұтас мәліметтер базасын құру
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД
2006 , 2007, 2008 жылдар
500,0 525,0 551,3
облыстык бюджет қаражаты есебінең
23.
Оқушылар үшін облыстың және республиканың туристік нысандарына автобус және тақырыптық жаяу жүру экскурсияларын ұйымдастыру
Облыс
әкімдігіне
ақпарат
КжӨД,
Облыстың- туризм мекемелері (келісім бойынша)
жыл сайын
Туристік
фирмалардың
қаражаты
шегінде,
басқа да
қаржы
көздері
ЖДжТЖБ - Қызылорда облысының Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы.