Об утверждении «Программы реабилитации инвалидов в Енбекшильдерском районе на 2006-2008 годы» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшілдер ауданында «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 11 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және аудандық әкімдіктің 02.03.2006 жылғы № а-3/34 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер ауданында «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы» бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау депутаттық өкілеттік, депутаттық этика, жастарды тәрбиелеу, мәдениет, халықтың денсаулығын сақтау, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 4
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 наурыздағы №С-30/3 сессиясының шешімімен БЕКІТІЛГЕН Еңбекшілдер ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Паспорты 2 Кіріспе 3 Аудан бойынша мүгедектліктің жай-күйін талдау 3 Медициналық оңалту 4 Әлеуметтік оңалту 4 Кәсіби оңалту 5 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 6 Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру тетігі 6 Бағдарламаны жүзеге асыруды каржылай қамтамасыз ету 7 Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 7 «Еңбекшілдер ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 8 Бағдарлама атауы Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы № 148-ІІ Заңы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» №39-3 Заңы Аудандық әкімдіктің 2006 жылғы № 3/34 қаулысы Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Еңбекшілдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері мүгедектері оңалту жүйесіне құру, олардың коғамда жан-жақты бірігуіне мүмкіндік беру, тәуелсіз өмір салтын қамтамасыз етуге жағдайлар жасау, мүгедектік деңгейін төмендету. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері Бағдарламаны жүзеге асыруға аудандық бюджет қаржысы, сонымен катар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қаржы жұмсалатын болады. 2006-2008 жылдардағы кезеңде Бағдарламаны қаржыландыруға аудандық бюджеттен 2787,0 мың теңге, соның ішінде: 2006 жылы - 802,0 мың теңге, 2007жылы - 945,0 мың теңге, 2008 жылы - 1040,0 мың теңге қажет етіледі. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны жүзеге асыру оңалту іс-шаралының көлемін ұлғайтуға, мүгедектердің жекелеген қажеттерін ескере отырып, оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды,мүгедектердің тұрмыста қоғамдық кәсібі қызметтегі қабілеттерін қалпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық мөлшерінде жүзеге асыруға көмектесіп, олардың қоғамда бірігуін шапшаңдатады. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімдері Мүгедектерді оңалту Бағдарламасы 2006-2008 жылдарға есептелген.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған ұстанымдары мен нормаларында кепілдік берілген. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларының бірі - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетін, өзіне өзі қызмет ету, кәсіби қызметтің әр түріне қабілеттілігін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенінен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін, әрі олардың құқықтары мен қаблет-мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін оңалту.
Тарау 3. 3. Аудандағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау
3. Аудандағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау Ауданда турлі санаттардағы барлығы 592 мүгедек тұрады, оның ішінде 1 топтағы - 54 адам, 2 топтағы - 260 адам, 3 топтағы - 232 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 46 адам, 6 адам соғыс мүгедектері, оның ішінде: 2 адам 2-топтағы, 4 адам 3-топтағы мүгедек, 7 адам - жауынгер-интернационалист, оның ішінде 2 адам 2-топтағы, 5 адам 3-топтағы мүгедек, 3-топтағы 2 адам чернобыль атом электростанциясын жою мүгедектері. Мүгедектік топтары бойынша мүгедектердің саны туралы мәлімет: Мүгедектік тобы 2004жыл (адам) 2005жыл (адам) 1-топ 79 54 2-топ 290 260 3-топ 221 232 Мүгедектік топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар саны туралы мәлімет: Мүгедектік тобы 2004жыл (адам) 2005жыл (адам) 1-топ 6 3 2-топ 36 21 3-топ 24 31 Мүгедектік көрсеткіштері бірқатар жағдайларға байланысты: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне; аудан тұрғындарының денсаулық жағдайына; денсаулық сақтау жүйесінің дамуына, медициналық қызметтердің қол жетушілігі мен сапасына; оңалту кызметтерінің сапасы мен қол жетушілігіне; еңбекті қорғау мен кауіпсіздік жағдайына; экологиялық ортаның жағдайы мен басқа да себептерге. Ауданның экономикасының өсуі бағытталған бағдарламаны ең алдымен оның әлеуметтік-әлсіз топтарын қорғау деңгейін арттыру мен мүгедектерді әлеуметтік қорғауға оң ықпалын тигізіп отыр. Негативті факторлар: биологиялық деңгейде созылмалы, туа біткен және генетикалық аурулардың жоғары деңгейінің атап өтілуі; медициналық-ұйымдастырушылық деңгейде - ауруларды кеш анықтау, аурулар мен мүгедектіктің алдың алуға жеткіліксіз көңіл бөлу, тегін медициналық көмекке қол жеткізу мен медициналық кызмет сапасының төмендігі,оңалтудың бірегей жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-қимылының үйлестірілмеуі; әлеуметтік орталық деңгейде - денсаулыққа қауіпті де зиянды еңбек жағдайларының болуы. Мүгедектік санаттары тіршілігінің шектелушілік деңгейін анықтаған орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелерінің кызметкерлері халықты әлеуметтік қорғау саласында әр мүгедекке арнап медициналық, әлеуметтік және кәсібі оңалту шаралары енген оңалтудың жекелеген бағдарламасын (бұдан әрі - ОЖБ) әзірлеуде.
Тарау 4. 4. Медициналық оңалту
4. Медициналық оңалту Медициналық оңалту ауруларды, жарақаттарды, мертігушілікті жоюға немесе олардың салдарын жеңілдетуге бағытталған оңалту, диагностикалық және емдеу шараларының кешенін өткізуді көздейді. Ауданда мүгедектерді медициналық оңалтуға бірқатар іс-шаралар енеді: Тума және тұқым қуалаушылық пренаталдық скрининг (босануға дейінгі тексеру), әйелдердің әйелдер консультациясындағы және тууға көмектесу мекемелеріндегі генетикалы инфекциялық аурулары; мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік оңалту
5. Әлеуметтік оңалту Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағытталған. Әлеуметтік оңалтуға төмендегідей іс-шаралар енеді: мүгедектерге қажетті әлеуметтік қызметтер көрсету; көмекші техникалық құралдармен қамтамасыз ету; аудан және облыс көлемінде мүгедектер арасында спорттық жарыстар өткізу; сурет, колөнер және шығармашылықтың басқа да түрлерінен конкурстар өткізу; мүгедектердің әлеуметтік маңызы бар объектілерге енуін қамтамасыз ету (кірме жолдарға); ақпараттық ортаны пайдалануда тең мүмкіндіктер жасау; жекелеген оңалту бағдарламасына сәйкес қажет етуші мүгедектерге қосымша материалдық көмек беру. 2005 жылға дейін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнайы мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу енетін. Қолданылған шараларға қарамастан соңғы жылдары жәрдемақы мөлшері шамалы болды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсыру бойынша 2005 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50 %: екінші топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК (24125 теңге); үшінші топтағы мүгедектерге -2 АЕК 1930 теңгеге; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 АЕК 2895 теңгеге. Ауданындағы әлеуметтік кызмет көрсету жүйесі: жалғызбасты қариялар мен мүгедектерге арналған интернат-үй, мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциялық қолдау кабинеті, Степняк қаласы мен ауылдық округтердің әлеуметтік қызметшілері құруда. Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогтік коррекциялық қолдау туралы» Заңына сәйкес 2004 жылдан бері Степняк қаласында бес мүгедек балаға кызмет көрсетуші әлеуметтік қызметші жұмыс істеуде. Әлеуметтік қызметшінің негізгі міндеті мүгедек балалардың өзіне өзі кызмет етуге дағдыландыру, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен отбасы мүшелерін мұндай балалармен қарым-қатынас жасауға, оларға күтім көрсетуге, консультациялық және медициналық көмек беруге үйрету болып табылады. Психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның қорытындысы бойынша үш мүгедек бала үйінде тәрбиеленіп, оқытылуда. Психологиялық-педагогтік түзету кабинеті ашылып, онда 26 бала өздеріне қажетті көмек алып, оқуда. Жүріп-тұруы шектеулі, қору, есту ақаулары бар жандарға инфрақұрылымның тиісті жайлылығы қажет етіледі. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға, соның ішінде тұрғын үйге, қоғамдық және оңдірістік ғимараттарға, көлік, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорттық ғимараттарға бөгетсіз енуге жағдай жасау олардың өміріне ерекше өзгерістер енгізіп отыр.
Тарау 6. 6. Кәсіби оңалту
6. Кәсіби оңалту Мүгедектердің қоғамда толыққанды өмір сүруі мақсатында кәсіби оңалту шараларын қажет етеді. Мүгедектерді кәсіби оңалту бағдарламасы мүгедектерге кәсіби бағдар беру немесе оны қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-қимылдарға бағытталған. Мүгедектердің жұмыспен қамтылу мәселесі бірсыпыра бөгеттерге тірелуде, олардың ең бастысы еңбек нарқында мүгедектердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі себеп болуда. Жұмыс берушілер үшін мүгедектерге еңбек пен ақы төлеуде арнайы жағдайлар жасау тиімсіз. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес ауданда мүгедектер үшін жұмыс орындарының үш пайыздық үлесі ұйымдастырылатын болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
7. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту мен өмір сапасын жақсарту болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету төмендегі мәселелерді шешуді қажет етеді: мүгедектіктің азайуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау; мүгедектерге медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту бойынша оңалтудың кепілді тізбесін беру; оңалтудың техникалық құралдарын беру; медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту мәселелері бойынша мамандарды қайта даярлау; мүгедектердің (халықтың шағын топтарының) әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге жағдай жасау, (кірме жолдарға).
Тарау 8. 8. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру тетігі
8. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру тетігі Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар болып табылады: ағзаның дамуындағы ауытқуларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыру; мүгедектерді кешенді оңалтудың жүйесін құру; мүгедектерді, соның ішінде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестіру; мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмірін жеңілдететін оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету; мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеу ісін ұйымдастыру; мүгедектерді кәсіби даярлықтан өткізу, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Мүгедектерді белсенді өмір салтына тарту: Мүгедектердің спорттық жарыстарға, сурет және шығармашылықтың басқа да түрлерінен конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысушы мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Тарау 9. 9. Бағдарламаны жүзеге асыруды қаржылай қамтамасыз ету
9. Бағдарламаны жүзеге асыруды қаржылай қамтамасыз ету Бағдарламаны қаржыландыру аудандық бюджет есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тиым салмайтын басқа да қаржы көздерінен жүзеге асырылады. 2006-2008 жылдары Бағдарламаны қаржыландыру үшін аудандық бюджеттен 2787,0 мың теңге қажет етіледі.
Тарау 10. 10. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
10. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Қазақстан Республикасында Бағдарламаны жүзеге асыру оңалту іс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметте қаблетін қалпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық мөлшерінде жүзеге асыруға және олардың коғамға бірігуін шапшаңдатуға жағдай жасайды.
Тарау 11. «Еңбекшілдер ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
«Еңбекшілдер ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Рет саны Іс-шаралар Аяқталу нысаны Атқаруға жауаптылар Орындау мерзімі Алдын-ала болжанған шығыстар Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1. Әлеуметтік оңалту 1 Аудан әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру Аудан әкімдігінің қаулысы «Аудан әкімі жанынан мүгедектер істері бойынша кеңес құру туралы» Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 жылдың 1 тоқсаны 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыруды қажет етпейді 2 Мүгедектер мен жалғызбасты карт адамдарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету жұмысын одан әрі жалғастыру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 300.0 350.0 400.0 3 Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету жұмысын одан әрі жалғастыру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 140.0 170.0 200.0 4 Психологтік-дәрігерлік-педагогикалық кеңесіне сәйкес мүгедек балаларды үйде оқыту ісін ұйымдастыру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 55.0 60.0 70.0 5. Жекелеген оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторлық курорттық емдеу ұйымдастыру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 40.0 40.0 40.0 6 Оңалтудың жекелеген бағдарламасына және комиссия қорытындысына сәйкес қажет етуші мүгедектерге біржолғы материалдық көмек көрсету Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 200.0 250.0 250.0 7 Мүгедектердің жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көлік инфрақұрылымдарына кіре алатындай жағдайлар жасау, оларды арнайы кіріп-шығатын жолдармен, мүгедектердің арбасын қоятын тұрақтармен қамтамасыз ету Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық құрылыс бөлімі Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Қаржыландыру қажет етілмейді 8 Интернат-үйлердегі мүгедектер мен қариялардың демалысын ұйымдастыру үшін көркем өнерпаздардың ұжымдарын тарту Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық ішкі саясат бөлімі Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Қаржыландыру қажет етілмейді 9. Мүгедектердің спорттық командаларын облыстық, аудандық жарыстарға қатыстыруды қамтамасыз ету Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 30.0 35.0 40.0 10 Мүгедектерді соның ішінде мүгедек балаларды белсенді өмір салтына тарту мақсатында аудандық көркем-өнерпаздар конкурсын, суреттер, ұсақ-түйек заттар көрмелерін және шығармашылықтың басқа да түрлерін, өткізу Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыру қажет етілмейді 11 Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, интернат-үйлерде тұратын мүгедектер шығарған өнімдерінің көрме-саудасын өткізіп отыру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыру қажет етілмейді 2. Кәсіби оңалту 12 Аудан көлеміндегі 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың ауру түрлерін мен оқыту тәсілдерін есепке ала отырып, мәліметтер банкін құру Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыруды қажет етпейді 13 Жекелеген оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыруды қажет етпейді 14 Жеке кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті дамыту, кадрларды кәсіби дайындау, жыл сайын мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау арқылы қосымша жұмыс орындарын құру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамтуға ықпал ету Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық, ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл - Қаржыландыруды қажет етпейді 3. Медициналық оңалту 15 Санаторлық курортық сауықтыруға барған жол ақысын төлеу Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006-2008 жылдар 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл Аудан бюджеті 37.0 40.0 40.0 Барлығы 802.0 945.0 1040.0