Қолданыстағы ред. 23.02.2006 (Редакция 28115_299882.kaz)

Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы от 23.02.2006 г. № 23-2 (Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы)

0

Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы №231 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру Ережесіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ж.Қошанова) аудандық мәслихатқа Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөнінде жыл сайын қазан айының 10 дейін мәлімет беріліп отырсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, спорт және жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалту 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы

Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 23 ақпандағы
№23-2 шешімімен бекітілген
Жәнібек ауданы бойынша мүгедектерді оңалту 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
р/н
Іс-шара
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындау мерзімі
Болжамды шығыс (мың.теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары
1.
Атқарушы органдар жанынан құрылған мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңестің отырыстарын тоқсан сайын өткізу
Орындалуына жауаптылардың есептерімен Кеңес отырысы
Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және ауыл округтырының әкімдері
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
2.
Мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша өткізілетін шараларға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлістіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақыру
Конференциялар, семинар, «Дөңгелек үстел», жарияланымдар
Ауыл округтерінің әкімдері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі саясат, денсаулық сақтау,білім бері бөлімдері
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
Жұмыстың негізгі бағыттары: мүгедектіктің алдын алу
3.
Мүгедектерді есепке алудың орталықтандырылған деректер қорын құру
Облыстық ЖҚ және ӘБҮ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
4.
Босануға жәрдемдесетін мекемелерде және әйелдер консультацияларында туа біткен және тұқым қуалайтын патологиялардың, әйелдердегі жұқпалы және генетикалық аурулардың перенаталды скринингін; - ерте жастағы балалардың психо-физикалық дамуының скринингтік тестілеуінің сапалы өткізілуін қамтамасыз ету
Аудандық аумақтық медицина бірлестігі
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
5.
Мемлекеттік органдарда, барлық меншік нысанды кәсіпорындарында, мекемелерде, ұйымдарда мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
Үнемі
Шығынды қажет етпейді
Әлеуметтік оңалту
6.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қозғалуға қиналатын бірінші топтың мүгедектеріне жеке көмекші беру,
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
Сұраныс бойынша
Аудандық бюджет
7.
Мүгедектерді және мүгедек балаларды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
Сұраныс бойынша
8.
Мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға үйден әлеуметтік көмек көрсету жалғастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі және ауылдық округтардың әкімдері
2006
2007
2008
0,9
1,137
1,137
Аудандық бюджет
9.
Мүгедектер мен жалғыз басты қарияларға үйден әлеуметтік көмек көрсету желісін дамытуды жалғастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі және ауылдық округтардың әкімдері
2006
2007
2008
4,146
5,561
5,699
Аудандық бюджет
10.
Салынып жатырған тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын мүгедек арбалары үшін кірме жолдарымен, пандустарымен, қондырғыларымен қамтамасыз ету
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық құрылыс бөлімі
2006
2007
2008
ЖСҚ көзделген шығындар шегінде
11.
Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған мекемелер орналасқан орындарда жол белгілері мен көрсеткіштерін орналастыруды ұйымдастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Жәнібек ауыл әкімі
2006
0,015
Аудандық бюджет
12.
Сурет, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да өнер түрлерінің конкурсын өткізуды ұйымдастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Жәнібек ауыл әкімі және сауық орталығы
2006
2007
2008
0,2
0,2
0,2
Аудандық бюджет
13.
Мүгедектер арасында оларға қолайлы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуді ұйымдастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне ақпарат
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі
2006
2007
2008
0,045
0,05
0,06
Аудандық бюджет
14.
Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің кәсіпорындары (ұйымдарының) шығарған өнімдерін, мүгедектерінің шығармашылық жұмыстарының көрме-сатуларын ұйымдастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі
2006
2007
2008
Шығынды қажет етпейді
15.
Оқу жоспарына сәйкес мүгедек-балаларды үйден оқытуға және тәрбиелеуге жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
1,186
1,375
1,582
Аудандық бюджет
16.
Аудандық «Балдәурен» лагерінде мүгедек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
0,100
Аудандық бюджет
17.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қосымша және әлеуметтік жұмыс орындарын ашу
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
Жұмысқа қамту бағдарламасына бөлінген қаржы көлемінде
Аудандық бюджет
18.
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының үш пайызы мөлшерінде квота белгілеу
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
19.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіптік дайындау және қайта даярлау, жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006-2008 жылдар
0,6
0,8
0,9
Аудандық бюджет
20.
Мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында:
-мүгедектерді кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту;
-өткізілетін аудандық бос жұмыс орындары жәрменкелеріне шағын кәсіпкерлік субъектілері кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз ету
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
Шығынды қажет етпейді
21.
Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы жөнінде мониторинг жүргізу
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығынды қажет етпейді
Аудандық бюджет
22.
Мүгедектерді оңалтудың аудандық бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру
Облыстық ЖҚ және ӘБУ департаментіне
Аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі
2006
2007
2008
Шығынды қажет етпейді
Аудандық бюджеттен бөленетін қаржы көлемі: 23,183 мың теңге
Соның ішінде: 2006 жылда -6,637 мың
2007 жылда – 8.223 мың
2008 жылда – 8,588 мың
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат мүгедектердің алдын алуға, әлеуметтік қорғауға, мүгедектерді оңалтуға және олардың коғамға . етене араласуы үшін жағдай туғызуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени-ағарту, әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы мүгедектерді оңалтудың кешенді жүйесін дайындауды талап етеді.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Жәнібек ауданның әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы әлеуметтік кызмет көрсету мекемелерінің стационарлық жүйесінің кеңейтілуіне, мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйден қызмет көрсету бөлімшелерін ашуға, жеке тұтынуын есепке ала отырып, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық құралымдар жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдауға және мүгедек-балаларды оңалтуға мүмкіндік береді.
Мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері, мүгедектердің дене, интеллектуалдық, психикалық және әлеуметтік деңгейдегі қызметіне жәрдемдесу, коғам өміріне жан жақты қатысу кағидалары, олардың тіршілік әрекетіне шектеулер аз болатындай жағдай жасау, әлеуметтік-медициналық сараптаманы жетілдіру Жәнібек ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға мүгедектерді оңалтудың Бағдарламасында орын алған.
3. Жәнібек ауданы бойынша мүгедектіктің жағдайына талдау
Жәнібек ауданы бойынша 2006 жылдың 1 қаңтарында түрлі саннатағы мүгедектердің жалпы саны 651 адам, олардың 90- ны 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, жалпы аурулар бойынша І,ІІ топтағы мүгедектер 258 адам, ІІІ топтағы жалпы аурулар мүгедегі 253 адам, ҰОС мүгедектері – 9 адам, мүгедектерге теңестірілген тұлғалар – 15, ҰОС қатысушы -12, оларға теңестірілген – 14.
Соңғы жылдары қолайлы экономикалық жағдай және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік салаға бағытталуының күшейуін, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау деңгейінің жоғарылауы, мүгедектік жөніндегі түсініктің өзгеруі олардың қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына оң ықпал етуде.
Медициналық оңалту – ауыру, жарақат салдарынан болған әлсіздікті жоюға бағытталған кешенді диагностикалық, емдік және оңалту шараларын көздейді. Аудандық ауруханада мүгедектерге арналған екі орындық 2 палата және ҰОС-ның ардагерлеріне арналған 1 орындық палата бар. 2005 жыл ішінде 21 ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушылары 92503 теңгенің, 1 топтағы 38 мүгедек 89594 теңгенің, 2 топтағы216 мүгедек 235543 теңгенің, 3 топтағы 257 мүгедек 275941 теңгенің. 85 мүгедек бала 501702 теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 2005 жылда65 мүгедек бала аудандық, облыстық.,республикалық ауруханаларда. Республикалық педиатрия орталығында, балалар хирургия орталығында, Сызғанов атындағы ғылыми зерттеу институтында, Балбұлақ сауықтыру орталығында емделіп келді.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалыптастыруға бағытталған. Онда мүгедектерді әлеуметтік қызмет көрсету, көмекші (компенсаторлық) техникалық құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік, транспорттық және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын кедергісіз пайдалануды қамтамасыз ету, ақпараттық ортаны тең пайдалануға мүмкіндік беру, материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау сияқты шараларды көздейді.
Есепте тұратын бала жасынан мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысына сай (№ 88-ші 9 наурызда 2005 ж) «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аймақта тұруларына байланысты 2005 жыл ішінде 213 адамға 4662,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.
БҚО әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы №179 «Мүгедек балаларды тәрбиелейтін әне оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесі туралы» қаулысына сәйкес 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды үйден оқытып, тәрбиелеп отырған ата-ананың біріне ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы тағайындалғандықтан, 2002-2005 жылдары аралығында 32 мүгедек балаға 881,0 мың теңгенің материалдық көмегі төленді. Денсаулықтарына қызмет бабында зиян келтіргені үшін жұмыс берушілер 3 топтағы 2 мүгедекке ай сайын қосымша төлемақы төлеуде және қажет болған жағдайда басқалай көмектер де көрсетіп тұрады.
Мүгедектер мен басқа да аз қимылдайтын халық топтары қоғамдық және өндіріс ғимараттарын кедергісіз пайдалану үшін қажетті кірме жолдарын, пандустар, тағы басқа да қондырғылар жасау жұмыстары жүргізілуде. Мүгедектерді протез-ортопедиялық бұйымдармен. Сурдотифлотехника сонымен қатар арнаулы техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 7 адамға кресло-арба берілсе протезбен қамтамасыз етілді, соның ішінде екеуі Алматыдағы протездік шеберханада болып импорттық протез салдырады. Көзі көрмейтін 41 мүгедекке қол сағаты табыс етілсе, құлағы естімейтін 2 мүгедекке байқаушы және покевтиб құралдары, 1 мүгедекке телефакс берілді.
2002-2005 жылдарға «Ақжайық» шипажайы мен «Ардагерлер» пансинатында 46 мүгедектер мен соғыс және еңбек ардагерлері денсаулықтарын түзесе, жазғы демалыстарына 45 мүгедек бала «Дарын» орталығында, «Балдаурен» лагерінде, «Ақжайық» шипажайында демалды. Материалдық жағдайы төмен 21 мүгедекке жергілікті бюджеттен 314,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педпгогикалық төзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес мүгедек балалары бар отбасыларына үйден әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2004 жылдың шілде айынан бастап әлеуметтік қызметкерлер жұмысқа алынды. Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеті-бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж балалардың бойында әлеуметтік дағдырларды, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, бос уақытын ұйымдастыру, мүгедек балалардың ата-аналары мен отбасы мүшелерін олармен қалай сөйлесу керектігіне үйрету, медициналық кеңес және құқықтық көмек көрсету.
2004 жылдың желтоқсан айында аудан орталығында психологиялық-педагогикалық тузеу каьинеті ашылды.Күні бүгін кабинетте штат бойынша 7 маман жұмыс жасайды. Кабинет мамандары тузеу жұмыстарын Ережеге сәйкес бала дамуындағы кемшіліктерді түзеу мақсатында оқу жоспарын міндетті түрде түзеу сабақтарына арнаулы сағаттар енгізіп жүргізуде.
Жыл басынан аудан бойынша 18 мүгедек , соның ішінде 2 адам жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, тұрақты жұмысқа 13 мүгедек орналасты, 19 мүгедек шаруа қожалықтарының басшысы болды. Ал өткен жылдары алсақ тұрақты жұмыста 50 адам істейді, соның ішінде 5 адам үйде жұмыс істейді. 3 топтағы92 мүгедек өз бетімен жұмыстанып малдарын бағып, күтумен айналысады, соның ішінде 5 адамда жеке оңалту бағдарламасы бар. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін «Ауыл шаруашылығын қолдау» қорынан 2 мүгедек, « Даму» қорынан 1 адам, «МҚО-Орал» қорынан 2 адам шағын несие алды. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектер кәсіби мамандықтарға оқытылып отырады.
Мүгедектердің белсенділігін арттыруда спорт пен мәдениетке ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын барлық санаттағы мүгедектер және тірек-қозғалыс аппараты ауыратын мүгедектер арасында спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.
Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылып, жоспар бойынша тоқсан сайын отырысы өткізіліп тұрады және мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру бөлімімен тығыз байланысты жүргізіледі.
4. Бағдарламаның мақсаты
Әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектіктің алдын алу және азайту, кіріптарсыз тұрмысты қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау арқылы , олардың қоғамға етене араласуына мүмкіндіктерді кеңейту.
5. Бағдарламаның міндеттері
Мүгедекті оңалтудың және бағдарламасына сәйкес медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтудың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
- қолданыстағы әлеуметтік, транспорттық және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын мүгедектердің кедергісіз кіріуін қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңарту үшін түгендеу жүргізу;
- мүмкіндіктерді шектеулі балалар үшін арнаулы ұйымдардың желісін дамыту;
- жеке кәсіпкерлік, кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау арқылы, әлеуметтік жұмыс орындарын құру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
- мүгедектіктің алдын алу;
- мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
- мүгедектерді оңалту;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарымен және арнаулы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету;
- үйде әлеуметтік қызмет және әлеуметтік-медициналық мекемелерде қызмет көрсету;
- мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, мәдени-көпшілік орындары және спорт кешендердің кедергісіз пайдалануын қамтамасыз ету;
- мүгедектердің мектепке дейінгі тәрбие және білім алуын қамтамасыз ету;
- мүгедектерді кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мүгедектерді есепке алудың орталықтандырылған деректер банкісі жүйесі құрылады; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі - ОЖБ) қажет ететін мүгедектерді кресло-арбалармен, протезді ортопедиялық бұйрымдармен, көзі көрмейтін және құлағы кеміс еститін мүгедектер компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз етіледі. ОЖБ-на сәйкес бірінші топтағы мүгедекке жеке көмекші бөлінеді; құлағы кеміс еститын мүгедекті ОЖБ –на сәйкес ым (жест) тіліне үйретуді ұйымдастыру, ОЖБ-на сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету, ОЖБ-на сәйкес шипажайларда және республикалық пансионаттарда денсаулықтарын түзейді.