О среднесрочной фискальной политике акимата города Степногорска на 2006-2008 годы Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласы әкімдігінің 2006-2008 жылдарына арналған Орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап кейін күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын өзімде қалдырамын.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 15 мамырдағы № ә-7/297
қаулысымен бекітілген
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
Тарау 5. Кіріспе
Кіріспе
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Бюджеттік кодекске сәйкес Степногорск қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № ә-1/100 қаулысымен бекітілген Степногорск қаласының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді фискалдық саясатының негізгі бағыттарына енгізілген түзетулердің, Степногорск қаласының 2005-2008 жылдарға арналган әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа жедел жоспары жобасының (бұдан әрі - Әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа жедел жоспарының жобасы), аймақтық бағдарламалардың, Елбасының Қазақстан халықтарына 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекелестікке жарамды Қазақстанға, бәсекелестікке жарамды экономикаға, бәсекелестікке жарамды ұлттарға» және 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы ережелерінің негізінде дайындалды.
Тарау 1. 1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы
1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы
Қаланың индустриалдық бағыты бар. Қала экономикасының құрылымында өнеркәсіп 87,9 пайыз, көлік - 2 пайыз, күрделі құрылыс - 0,7 пайыз, ауыл шаруашылығы - 2,9 пайыз, сауда - 6,5 пайыз құрайды.
2005 жылдың 11 ай ішінде тауар өнімі 18,2 млрд. теңге көлемінде өндірілді, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,1 млрд. теңгеге (29,2 пайызға) ұлғайды. 2005 жылдың қорытындылары бойынша күтілетін тауар өнімінің көлемі 20 млрд. теңгеден астам құрайды.
2004 жылдың қазан айында өткізілген «ҚазСабтон» ЖАҚ-ның қайта құрылымдауына байланысты энергокешен жылуэлектрорталығы және энергиямен жабдықтауы құрамында «Джет-7» ЖШС-мен сатылып алынған, «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС гидрометаллургиялық зауыты, № 1 кен басқармасы, темір жол көлігі басқармасы, күкірт қышқылы цехы басқаруға тапсырылған.
Ұзақ уақыт тұрып қалған «Степногорск тау-кен-химиялық комбинатында» уран өндірісі іске қосылуы жүзеге асырылды. Шаңтөбе кентінің 1-РБ-да кеннің өндірілуі және Оңтүстік кен басқармаларындағы жеке және давальдық шикізатынан уранның өндірілуі жоспарлы режімінде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бастап 1000 тоннадан астам полиметаллдар өндірілді. Гидрометаллургиялық зауытының бос өндірістік қуаттарын аса көп толтыру және шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейту үшін «Моникен» ЖШС кәсіпорынында «Эврика Майниш» (Ұлыбритания) компаниясымен бірлесіп, молибден концентратын өндіру жөніндегі бағдарламасы әзірленіп отыр.
Қала мен өндірістік-өнеркәсіптік кешені құрылымдық бөлімшесінің құқығы бар «Джет-7» ЖШС-не кіретін Степногорск ЖЭО энергоресурстарымен қамтылады. 2005 жылдың 11 ай ішінде 480,3 млн. квт.ч. электрэнергиясы мен 770,4 мың Гкал жылу энергиясы шығарылды.
Жылуэлектрорталығының жабдықтары жөнделді, бұл оның қуатының ұлғаюына жағдай жасады. Қараша айында «Джет-7» ЖШС-гі «Степногорск- Заозерная» ЛЭП-110 сатып алды, осының нәтижесінде Көкшетау қаласын, Бұланды ауданын және Щучье-Бурабай аймағын электрэнергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды, «АРЭК» АҚ-на электр энергиясын тапсыру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта өнеркәсіптік өндірісінде машинажасау неғұрлым көп үлес салмағын алып отыр - 56,7 пайыз, бұл сала мынадай кәсіпорындарымен көрсетілген: «СПЗ» АҚ, «ЗГО» ААҚ, «Целингормаш» ЖШС.
«СПЗ» акционерлік қоғамы Степногорск қаласы мен Ақмола облысында машинажасау саласында жетекші кәсіпорын болып саналады. 2005 жылдың 11 ай ішіндегі тауар өнімінің көлемі 9,8 млрд. теңге құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға (3,0 млрд. теңгеге) дейін үлғаюын көрсетеді. Жыл басынан бастап подшипниктердің 1737,8 мың данасы шығарылды, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101 пайыз құрады. Кәсіпорын сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай жұмыс істейді, кәсіпорын басқаруын қайта құрылымдау жөнінде іс-шаралар өткізіліп жатыр, кәсіптік деңгейді арттыру үшін кадрларды дайындап жатыр.
«Целингормаш» ЖШС мен «ЗГО» ААҚ тұрақты жұмыс істеп тұр. «ЗГО» ААҚ-да тауар өнімінің көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 150,6 пайыз, «Целингормаш» ЖШС-де - 118,2 пайыз құрады.
2005 жылдың 11 ай ішінде «Қазақалтын ТМК» АҚ-да тауар өнімінің көлемі 1,7 млрд. теңге құрады, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 59,3 пайыз. Жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты кәсіпорынның көлемі төменделді. Несие қаражаттарының есебінен бір жылдың ішінде 4 жаңа нысан енгізілді - Ақсу мен Жолымбет кенттеріндегі екі алтын алу фабрикалары, және Ақсу мен Бестөбе кенттеріндегі екі үймелік ерітінділеу учаскесі. Жаңа технологияның арқасында концернге ДОРЕ қорытпасының құймаметалл ретінде үстемдегіш алтынды алуға мүмкіндік жасалды.
Ұзақ уақыт жұмысы тоқталған «Биокорм» ЖШС-де 2005 жылдың маусым айынан бастап спирттің өндірісі жаңарылды, 121,8 мың далл этил спирті алынды, немесе өткен жылдың деңгеймін салыстырғанда 166,6 пайыз.
Шағын бизнес саласында 372 заңды тұлға мен 3137 жеке кәсіпкерлер тіркелді, 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 18,3 пайызға дейін артты. 2005 жылдың 11 ай ішіндегі шағын бизнестің бюджетке төлемдері 374,6 млн. теңге құрады, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 148,2 млн. теңгеге (65,5 пайызға) дейін көбейді. Шағын бизнестен шығарылатын тауар мен қызмет көрсету өндірісінің көлемі 5,2 млрд. теңге құрайды, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 194,6 пайыз. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қаражаттарынан жалпы 22 млн. теңге қосындысында 2 жоба несиеленген.
Басты бағыты-мал шаруашылығы болып табылатын шағын бизнестің ауыл шаруашылық секторы дамып келеді. Ауыл шаруышылық саласында адамдардың 210 жалпы саны бар 3 ЖШС пен 33 шаруа қожалығы өз қызметін жүзеге асырады. 2005 жылдың 11 ай ішінде үй шаруасын санағанда өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ірі қара малдың басы 20,1 пайызға, шошқалардың басы - 15,0 пайызға, жылқылардың басы - 3,0 пайызға, қой мен ешкі басы - 24,9 пайызға, құстар - 32,0 пайызға дейін көбейді. 2005 жылда 2155 га жер дәнмен себілді, соның ішінде - 1595 га бидаймен, 560 га арпамен себілді, 474,5 тонна дәнді өнім жиналды, түсімділік 2,5 ц/га құрады.
Көлік саласында 4 автокөлік кәсіпорындары, 9 такси бюросы өз қызметін атқарып жүр. 2005 жылдың 11 ай ішінде барлық қатынастарда жүкайналым 24,5 млн. ткм, немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 160,3 пайыз құрады, жолаушылар айналымы - 64,3 млн. пкм (142,4 пайыз). Қызметтің түсімі 379,5 млн. теңге (124,4 пайыз) құрады.
Нақты сектордағы жетістіктер салық пен басқа да міндетті түсімдердің артуына мүмкіндік жасады. 2005 жылда салықтардың және қала бюджетіне түсетін алымдарынан күтілетін түсімдер 1223,1 млн. теңге құрады, немесе 115 пайыз болжамына шығын бөлігінің орындалуы 99,8 пайыз құрайды. Әлеуметтік саланың қаржыландырылуы жыл сайын ұлғая береді. Республикалық бюджет қаражатының есебінен 250 орыны бар балабақша күрделі жөндеуден өткізілді, бұл қаланың мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін кеңейтті.
Әлеуметтік жағдай жақсарды - жұмыссыздықтың деңгейі 2,6 пайызға дейін, кедейшіліктің деңгейі 1,8 пайызға дейін төменделді. Қала кәсіпорындарында 650 жұмыс орыны құрылып, азаматтардың көбі жұмыспен қамтылды. Бұл шаралар 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі аяқталып келе жатқан қалалық Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру салдарынан пайда болған. Орташа жұмысақы қала бойынша 27 мың теңге құрайды, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 128 пайыз.
Қаланың 2006-2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары аймақ экономикасының одан арғы дамуын көздейді.
Орта мерзімді кезеңінде өнеркәсіптің негізгі бағыттары машинажасау, уранды, молибденді және алтынды өндіру болып табылады. «СТКХК» ЖШС-де күкірт қышқылының өндірісін жаңарту көзделініп отыр. Орта мерзімді жоспары бойынша 2006 жылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 19,2 млрд. теңге деп болжам етілген. 2005 жылдың нақты көрсеткіштерін есепке алғанда тауар өнімінің көлемі алдағы жылда 21,7 млрд. теңге құрайды, бұл күтілетіннен 8,3 пайызға дейін артық. Болжам бойынша 2007 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 23,3 млрд. теңге, 2008 жылда 25,2 млрд. теңге құрайды. 2005 жылдың деңгейімен салыстырғанда 26 пайызға дейін артық.
Аймақтың топырақтық-климаттық жағдайларының ерекшеліктерінің негізінде аграрлық сектордың басым бағыты мал шаруашылығы болып саналады. 2008 жылға дейін ет өндірісін 1,6 мың тоннаға дейін, сүт өндірісін - 12 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдары бойынша 7 мың гектарға дейін екпе жерлерін ұлғайту көзделініп отыр.
Шағын бизнес саласындағы тауар мен қызмет көрсетуді жүзеге асыруынан пайда болған табыстар 2008 жылға дейін 7,2 млрд. теңге құрайды. 2005 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 2008 жылда 19 пайызға дейін жоғарылайды. Басым бағыттар - ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен қайта өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, өнеркәсіп өндірісі, қызмет корсету саласы болып табылады.
2008 жылда жүктерді тасымалдау көлемі 4,4 млн. тонна, жолаушыларды тасымалдау - 1,2 млн. адам құрайды, жүк айналымы 10 пайызға дейін көбейеді, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар айналымы 21,8 пайызға дейін өседі.
Экономиканың дамуына байланысты жаңа жұмыс орындар пайда болған. Жұмыссыздардың саны 2005 жылда 2,7 мың адамнан бастап 2008 жылда 2,3 мың адамға дейін қысқартылады, немесе 11,5 пайыз. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны, болжам бойынша, 2008 жылда 31,6 мың адам құрайды, орташа жұмысақы қала бойынша 24,7 пайызға дейін өседі және 30 мыңнан астам теңге құрайды.
Тарау 2. 2. 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
2. 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
Орта мерзімді келешектегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаттары экономиканың тұрақты дамуы, азамат ауқаттылығының артуы, қала бюджетінің табыс бөлігінің ұлғаюы, жоспарлаудың, орындаудың және бюджеттік қаражаттарды қадағалаудың сапасының артуы болып табылады.
Фискалдық саясатының мақсаттарына жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- орта мерзімдік және бюджеттік жоспарлаудағы үйлесімдік;
- инфрақұрылымды және адами капиталды дамыту;
- мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;
- бюджетті жоспарлаудың бағдарламалы-мақсатты әдісін жетілдіру;
- мемлекеттік шығындардың тиімділігін және нәтижелілігін жоғарылату;
- салық әкімшілігін жаңарту және салық базасын кеңейту.
Тарау 3. 3. Кірістер саясаты
3. Кірістер саясаты
Орта мерзімді кезеңге қала бюджеті кірістерін болжау Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2006-2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына сәйкес іске асырылады.
Қала бюджетінің кірістері әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары жобасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде және аймақ экономикасының одан арғы дамуына мен инвестицияларды тартуына көзделген салық саясатының бағыттарының негізінде белгіленген.
Кірістер түсімін болжаудың негізгі мақсаттары мен қағидалары мыналар болып табылады:
- өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджеттің атқарылу нәтижелерін есепке ала отырып, орта мерзімді фискалдық саясаттың бағытарының сақталуымен бюджеттің жоспарлануы;
- нормативтік-құқықтық кесімдер негізінде бюджет кірістерін жоспарлау;
- көлемдік көрсеткіштерінің негізінде негізгі салықтық және салықтық емес кірістерін жоспарлау.
Көлемдік көрсеткіштері жоқ салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша болжам жасау бірнеше жылдағы түсім серпінінің негізінде жүзеге асырылады.
Үкіметтің әлеуметтік бағытталған саясатын басқару мен қолдау саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырудың маңызды міндеті бюджеттің кіріс бөлігін қалтқысыз орындау және салықтар мен төлемдердің жиналу деңгейін жоғарылату болып табылады, ол негізінен салық органдарына жүктелген.
Барлық салық базасын талдай отырып, болжам 2006 жылда 1169 млн. теңге құрайды. 2007 жылда салықтық және салықтық емес түсімдер 2006 жылға қарағанда 6,0 пайыз құрайды, 2008 жылда 2007 жылмен салыстырғанда 6,0 пайыз құрайды (1 қосымша).
Тарау 4. 4. Шығындар саясаты
4. Шығындар саясаты
Жалпы орта мерзімді кезеңде жүргізілетін бюджеттік саясатының тұтастай бет алысы қаланың 2006-2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Ағымдағы шығындарда Президенттің Қазақстан халықтарына 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы және 2005-2008 жылдарғы тұтыну бағасының 6 пайызға өсуі бойынша әлеуметтік сала және мемлекеттік қызметшілердің 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек атқарымының 32 пайызға және 2007 жылдан бастап 30 пайызға өсетіндігі ескерілген.
Даму бағдарламасы шеңберіндегі шығындар саясаты мемлекеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, бюджеттік заңнама ережелерін қатаң сақтауды, бюджеттен бөлінген қаржыны пайдалануда әлеуметтік-экономикалық маңыздылықты және тиімділікті көздейді.
Орта мерзімді кезеңде қала бюджетінің шығындарын қаржыландыру көзі кірістерден түсімдер (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды саудалаудан түскен түсімдер), республикалық және облыстық бюджеттен арнайы трансферттердің түсімі.
Басым бағыттар - білім, әлеуметтік көмек және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық болып белгіленді. Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттеріне жету үшін бюджеттің шығындары мемлекеттік басқарудың атқарушы органдардың қызметін тиімді орындауына жіберіледі. Қала бюджетінің жорамал шығындары 2 қосымшаның қызметтік қимасында көрсетілген.
Орта мерзімді кезеңде «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» атқарымдық тобы бойынша шығындарды 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылда 8,3 пайызға дейін төмендету, 2007 жылда 1,6 пайызға арттыру, 2008 жылда 6 пайызға дейін жоғарылату болжанып отыр. Мемлекеттік басқарудың қызметтерінің бөлінуіне байланысты 2005 жылда жаңа тұрпатты құрылым енгізілді. Алда оның одан арғы жетілдіруі жоспарланып отыр, аймақтық деңгейде біліктілікті арттыру мен оған дайындалу жүйесін жақсарту, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай стандарттарын енгізу және материалдық - техникалық базасын нығайту арқылы мемлекеттік кадрлық саясатының жаңа міндеттері орындалатын болады.
«Қорғаныс» атқарымдық топ бойынша шығындары тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралардың шығындарын енгізеді, орта мерзімді кезеңде қала бюджетінің 0,2 пайызын қарастыру көзделуде.
Орта мерзімді кезеңде «Білім беру» атқарымдық тобы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған шығындар қала бюджетінің 2006 жылғы - 51,7 пайызы деңгейінде, 2007-2008 жылдардағы - 49,5 пайызы көзделуде.
Білім беру саласы ұйымдарында білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруға байланысты жұмыстар жалғасатын болады - білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамыту, мектептердегі оқыту-тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңарту, жаңа ұрпақтың оқулықтарын және оқыту-әдістемелік кешендерді, білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын игеру. 5-6 жасар балаларды мектепке дейінгі міндетті дайындықтан өткізуге байланысты толық қамту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Жоғары баспалдақтағы оқушыларды кәсіптік оқытуды көздейтін білім берудің 12 жылдығына көшуге жағдай жасалатын болады, тұрғындардың барлық қатарының сапалы білім алуы қамтамасыз етілген.
Бұл саясаттағы шығындар төмендегілерге бағытталатын болады:
- мектепке дейінгі және мектептен тыс білім берудің қолда бар нысандарын сақтау және жаңа нысандарын дамыту, ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу;
- ғылым мен алдыңғы қатардағы тәжірибе жетістіктері осы білім ұйымына қоятын заман талабына сәйкес материалдық-техникалық базасын нығайту.
«Әлеуметтік қамту және әлекметтік көмек» атқарымдық тобы бойынша 2006 жылда шығындардың өсуі 2005 жылға қарағанда 21,4 пайызға дейін белгіленіп отыр, 2007 жылда шығындар 1,6 пайызға, 2008 жылда 6 пайызға дейін өседі.
Әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек саласында шығындар саясаты бюджеттік бағдарламалардың сапалы және тиімді орындалуына бағытталады, олардың жүзеге асырылуы Бюджет Кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдарына жүктелген.
Республикалық және жергілікті бюджеттен табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға 2006 жылда жәрдемақы төленетін болады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» атқарымдық тобы бойынша 2006 жылда шығындардың өсуі 2005 жылға қарағанда 14,4 пайызға дейін өсуі жоспарланып отыр, 2007 және 2008 жылдарда қала бюджетінің үлесі 4,8 пайыз және 4,6 пайыз құрайды.
Бұл атқарымдық тобының қаражаттары мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау жөніндегі жөндеу жұмыстарына, қолда бар су қүбырының желілерін ағымдағы жөндеуіне, көшелердің, тротуарлардың, гүлзарлардың тазалауына, қаланы гүлмен абаттандыруына, жасыл екпе ағаштардың күтуіне, контейнерлік алаңшалардың тұрғызуына, техниканың сатылып алынуына, зираттарды ұстау жөніндегі жұмыстарына, жөндеу және қалыпқа келтіру жөніндегі жұмыстарына, электр желілеріне қызмет көрсетуге бағытталады.
Орта мерзімді кезеңде «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» атқарымдық топ бойынша 2006 жылда шығындарды 2005 жылға қарағанда 29,9 пайыз деңгейінде қарастыру көзделініп отыр. 2007 жылда шығындар 1,6 пайызға дейін, 2008 жылда 6 пайызға дейін өседі.
Көрсетілген атқарымдық топ бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:
- мәдениет пен өнерді қолдаудың тұтас, жүйелі және ізбасарлық саясатын жүргізу;
- тұрғындардың дене шынықтыру мәдениетімен, спортпен айналысуына жағдай жасау;
- спорттық және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерін дамыту;
- спортшылар тобының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
- бірыңғай ақпараттық кеңістікті нығайту, тілдер және әлеуметтік бағдарлы жастар саясатын сәйкестендіре жүзеге асыру.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау» атқарымдық тобы бойынша шығындарды қала бюджетінің 0,2 пайыз деңгейінде қарастыру болжануда. Осы қызметтің негізгі шығындары елді-мекендердің жер-шаруашылық құрылуы болып табылады.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылыстық және құрылыстық қызмет» атқарымдық тобы бойынша шығындар орта мерзімді кезеңде қала бюджеті деңгейінің 0,2 пайызы шамасында қарастырылмақшы. 2006 жылда Серов көшесі бойынша жарықтандыру жүйесін құру мен тротуарды салу жоспарланып отыр.
«Көлік пен байланыс» атқарымдық топ бойынша шығындар 2006-2008 жылдардағы қала бюджетінің 0,6 пайызы деңгейінде, 2007 және 2008 жылдарда - 0,5 пайыз қарастыру көзделуде.
Жергілікті желінің автомобилді жолдарының жағдайын жақсарту - негізгі мақсат болып табылады.
«Басқалары» атқарымдық тобы бойынша шығындар 2006 жылда қала бюджетінің 0,9 пайызы деңгейінде, 2007-2008 жылдарында 1,1 пайыз қарасытырылмақшы.
Осы атқарымдық топ бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте қолдауға, жергілікті атқарушы органның резервін жасауға және салық салу мақсатында мүлікті бағалауға қаражаттар қарастырылатын болады.
Бюджет қаражаттарын тиімді бөлу мақсатында жергілікті бюджеттік әкімшілер олардың орындалуының жүйелі мониторингін өткізеді. Тиімділік, уақтылық, шығындардың нәтижелілігі мен сапасы құндылығымен, қаланың қолданыстағы салалық бағдарламаларын жүзеге асыруымен және қаржымен қамтамасыз етілмеген салалық бағдарламалардың қабылдауын алып тастай отырып, мақсатты трансферттердің пайдалануына және олардың аударуына байланысты сәйкес саладағы жағдайы ахуалының өзгерістерін талдау.
Тарау 5. 5. Бюджеттік несие беру
5. Бюджеттік несие беру
Бюджеттік несие берудің мақсаттарының бірі шағын бизнестің каржы ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттарының бірі болып, экономика салаларын әртараптандыру арқалы облыстың тұрақты түрде дамуына кол жеткізуге бағытталған, шикізаттық бағыттардан алыстауға бейімдейтін жергілікті инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) каржыландыру, экономиканың басым секторларына инвестиция түсімін көбейту, аймақтың инвестициялық жағдайын жақсарту болып табылады.
2001-2004 жылдардың аралығында қалалық бюджет қаражаттары есебінен 23 шағын бизнестің нысаларына 21,6 млн.теңге қосындысында кредит берілді. 2005 жылдың 01 қаңтары бойынша кредитті қайтару 18,4 млн. теңге құрайды.
2005 жылда кредит қайтару 2,0 млн. теңге қосындысында жоспарланын отыр.
2006 жылдың болжамы 1,2 млн. теңгені құрайды.
Тарау 6. 6. Қаржы активтерімен операциялар
6. Қаржы активтерімен операциялар
Мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік кәсіпорындарға жүктелген мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануынан түскен салықтық емес түсімдердің жергілікті бюджетке көбейе түсуі болып саналады.
Тарау 7. 7. Бюджетаралық қатынастар
7. Бюджетаралық қатынастар
Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер арқылы облыстық және қалалық бюджеттер арасында, сондай-ақ кірістерді бөлу нормативтерімен реттелетін болады.
Ақмола облыстық мәслихатының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № ЗС-9-5 «Облыс бюджеті мен Ақмола облысының аудандары мен қалалары бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттерінің көлемін бекіту туралы» шешіміне сәйкес бюджеттік алып тастаулардың көлемдері белгіленді: 2006 жыл - 241,3 млн. теңге, 2007 жыл - 296,6 млн. теңге. Болжам бойынша 2008 жылдағы көлем 314 млн. теңге мөлшерінде көзделініп отыр.
Тарау 13. Қорытынды
Қорытынды
Соңғы жылдары қала бюджеті көлемінің әр жыл сайын ұлғайғандығы байқалуда. Ұлғаюына мақсатты трансферттер есебімен, сонымен бірге меншікті кірістердің есебінен қол жеткізілді. Осы жылдарда бюджеттің атқарылуының тиімділігі мен айтарлықтай тұрақтылығына қол жеткізілді.
Бюджеттік кодекс бюджеттік саясатты орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың үйлесімдігін белгілейді. Осыған байланысты фискалдық саясат мемлекеттік органдар үшін қала дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарын іске асырудағы бағдар болып табылады.
Степногорск қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 15 мамырдағы № ә-7/297
2006-2008 жылдарға арналған
орта мерзімді фискалдық саясатына
1 қосымша
Степногорск қаласы бюджетінің 2006-2008 жылдардағы табыстар туралы мәліметтер
2005 ж. күтілетіндер
БОЛЖАМ
2006 жыл
2007 жыл
2008 жыл
Табыстар:
1223,1
1169,3
1239,3
1313,3
I. Салықтық түсімдер
1157,7
1144
1213,8
1286,3
үлестік өлшем (%)
94,6
97,8
97,9
97,9
II. Салықтық емес түсімдер
14,5
13,6
14,4
15,3
үлестік өлшем (%)
1,8
1,2
1,2
0,9
III. Негізгі капиталдың сатылуынан түскен түсімдер
12,3
10,5
11,1
11,8
үлестік өлшем (%)
1
0,9
0,9
0,9
IV. Басқа түсімдер
38,6
1,2
үлестік өлшем (%)
2,6
0,1
0,0
0,0
Степногорск қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 15 мамырдағы № ә-7/297
2006-2008 жылдарға арналған
орта мерзімді фискалдық саясатына
2 қосымша
Қала бюджетінің 2006-2008 жылдардағы шығындар құрылымы
Атауы
2005 жылғы бюджеттің күтілетін орындалуы
2005 жылғы күтілетін орындалудың үлесі
2006 жылғы болжамы
2006 жылғы болжамының үлесі
2005 жылмен салыстырғандағы 2006 жылғы өсудің %
2007
жылғы
болжамы
2007 жылғы болжамы- ның үлесі
2006 жылмен салыс- тырғандағы 2007 жылғы өсудің %
2008
жылғы
болжамы
2008
жылғы
болжамының
үлесі
2007 жылмен салыстырғандағы 2008 жылғы өсудің %
Шығындар
1063,3
100,0
1169,2
100,0
110,0
1239,3
100,0
106,0
1313,3
100,0
106,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер
81,1
7,6
74,4
6,4
91,7
75,6
6,1
101,6
80,1
106,0
Қорғаныс
2,0
0,2
1,5
0,1
75,0
1,5
0,1
101,6
1,6
0,1
106,0
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, орындаушы қызмет
0,5
0,05
1,1
0,09
220,0
1,1
0,09
101,6
1,2
0,09
106,0
Білім
529,1
49,8
603,9
51,7
114,1
613,6
49,5
101,6
650,4
49,5
106,0
Денсаулық сақтау
0,0
0,0
0,0
0,0
Әлеуметтік қамту және көмек
48,6
4,6
59,0
5,0
121,4
59,9
4,8
101,6
63,5
4,8
106,0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
49,4
4,6
56,5
4,8
114,4
57,4
4,6
101,6
60,8
4,6
106,0
Мэдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
80,7
7,6
104,8
9,0
129,9
106,5
8,6
101,6
112,9
8,6
106,0
Ауыл, су. орман, балық және қоршаған ортаны қорғау
2,4
0,2
2,6
0,2
108,3
2,6
0,2
101,6
2,8
0,2
106,0
Өнеркәсіп және құрылыс
1,9
0,2
2,2
0,2
115,8
2,2
0,2
101,6
2,4
0,2
106,0
Көлік пен байланыс
12,8
1,2
6,7
0,6
52,3
6,8
0,5
101,6
7,2
0,5
106,0
Басқалары
6,8
0,6
15,2
1,3
223,5
15,4
1,2
101,6
16,4
1,2
106,0
Алынып тасталғандар
248,0
23,3
241,3
20,6
97,3
296,6
23,9
122,9
314,0
23,9
105,9