Об утверждении программы развития образования Жаксынского района на 2006-2010 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданының білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 63 бабына сәйкес және аудан әкімдігінің 2006 жылдың 21 наурыздағы № А-2/54 қаулысы негізінде аудандық маслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданының білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы аталған Бағдарламаны орындау аудандық білім бөліміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің толық орындалуын бақылау мәслихаттың тұрақты комиссияларына тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққаннан кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛГЕН Аудан әкімі Е.Нұғыманов
Басқа 5
2006 жылдың 24 наурыздағы аудандық мәслихат сессиясында № С-28-9 шешімімен бекітілді Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Әзірлеу үшін негіз: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдаулары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2040 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары; ҚР «Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»; Әзірлеуші: Ақмола облысы, Жақсы ауданының білім беру бөлімі Мақсаты: Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту Міндеттері: Халықтың барлық жүктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; қазақстандық патриотизмге, түзушілікке, биік мәдениетке, адамның мемлекеттік тілді басым дамыту; отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу; Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау; оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру; әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру; білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беруді, ғылым мен өндірісте ықпалдастыру; білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторлары ресурстарын тартудың тетіктерін жасау; педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау; көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүделерінің теңдестігін қамтамасыз ету Қажетті ресурстар Бағдарламаны іске асыруға қажетті және оларды мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі қаржыландыру көздері 4489,091 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан - 930,547 млн.теңге жергілікті бюджеттер қаражатынан 3558,546 млн.теңге. Жылдар бойынша Барлығы Республикалық бюджет Жергілікті бюджет 2006жыл 075,140 194,635 480,505 2007 жыл 1032,08 360,272 671,808 2008 жыл 856,007 175,0 681,007 2009 жыл 1036,161 200,64 835,521 2010 жыл 889,705 889,705 Бағдарламаны 2006-2010 жылдарда қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде нақтыланатын болады. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде: кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады; «баршаның ғұмыр бойы білім алуы» қағидатын іске асыру қамтамасыз етілетін болады; нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу үшін жағдай жасалатын болады; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жүзеге асырылады; білім берудің барлық деңгейіне қол жетімділік пен сабақтастық қамтамасыз етіледі; білім беруді басқа да әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда озыңқы дамыту қамтамасыз етіледі; мамандарды даярлаудың үш сатылы: барабар білім берудің статистикалық көрсеткіштер жүйесі құрылады; білім беру жүйесін дамытудың мониторингі және оны болжау жүйесі, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылады; педагог қызметкерлерді мемлекеттік қолдау күшейтіледі және олардың еңбегін ынталандыру тетіктері жетілдіріледі; білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленеді; кадрларды кәсіби даярлаудағы әлеуметтік серіктестік үшін жағдай жасалады; білім беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет жандандырылатын болады. Іске асыру мерзімдері 2005-2010 жылдар Бағдарлама екі кезеңде іске асырылаты болады: бірінші кезең - 2005-2007 жылдар; екінші кезең - 2008-2010 жылдар.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.
Тарау 3. 3. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
3. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізді өндірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері эсер етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес. жылдар мемлекеттік Мемлекеттік емес Контингент 2001 - 3 102 2002 - 4 80 2003 1 3 103 2004 2 3 151 2005 3 3 221 Балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 20 педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 50%-ының жоғары білімі, 35%-ының арнаулы орта педагогикалық білімі бары 15%. Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын 19 оқу-әдістемелік кешен-әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгізілді. 1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті (1-диаграмма). 1-кесте 2006-2010 жылдарға болжау жасау Жылдар Мемлекеттік Контингент Мемлекеттік емес Контингент 2006 6 150 3 60 2007 8 200 3 60 2008 11 275 3 60 2009 13 325 3 60 2010 16 425 3 60 Жалпы орта білім беру Жалпы білім беретін мектептегі реформалардық шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктерімен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді. Ауданның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте). 2-кесте Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті 2000/2001 40 6288 2001/2002 38 6012 2002/2003 38 5664 2003/2004 32 5277 Ауданда 27 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан әрі - ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 84%-ы). Оларда 2522 мың бала (жалпы оқитындар контингентінің 50,9%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (әзірлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 18,75 % қазақ тілінде оқытатын, 50 % қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Ауданда жалпы білім беретін мектептерінде 625 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 432-сінің жоғары білімі, 134-інің кәсіптік орта білімі бар. 60 педагог жоғары санатты, 103-і бірінші санатты. Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-9 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді. Аудан мектептерінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ. Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. 2004 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің 32,82 %-ы жинауға болатын 120 баллдың 40 баллдық өту деңгейін жинай алмағанын көрсетеді. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан мұғалімдер жылдық жоспарға сай өтіп келеді: 2005 жылы - 172 мұғалім жылдық жоспар бойынша өтсе, 12 жылдық жалпы білім беру бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің 71 пайызы қайта даярлаудан өтті. Биыл 2006 жылы - 108 мұғалім облыстық қайта даярлау курсынан өту, сондай-ақ 102 мұғалім 12 жылдық жалпы білім беру бойынша өту жоспарланған. Білім беруді ақпараттандыру Ауданда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 29 оқушыдан келеді. Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға аудан мектептерінің 84 %-ы ғана қол жеткізген. Білім беруді қаржыландыру Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (3-кесте). 3-кесте (млн. теңге) 2001 2002 2003 2004 2005 Қорытынды Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 4,626 9,800 14,192 28,618 Жалпы орта білім беру 160,387 238,028 259,365 329,139 425,253 1414,17 Оқу өндірістік комбинат 0,304 4,643 4,947 Мектептен тыс білім беру 1,442 2,03 4,872 8,611 7,711 24,666 Басқа бағдарламалар оның ішінде: балалар үйі 0,371 1,910 2,064 2,121 6,466 Жанұя үлгідегі балалар үйі 0,035 0,049 0,084 Спорт 2,687 2,687 Патронат 1,259 1,259 Оқулықтар 7,147 7,147 Жиынтығы 162,235 242,017 270,927 351,234 461,633 1488,046 Оқушылар саны 6128 6016 5664 5277 4956 Білім беруге арналған мемлекеттік шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан пайыздық қатынасында өсті. Білім беру сапасын бағалау Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) енгізілуде. Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды жөне басқару үшін көрі байланыстық объективті құралы бола алмайды. Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, объективті мониторинг жоқ. Білім беру сапасын басқару компоненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Білім беру жүйесінде қалыптасқан ахуалдың негізгі себептері: білім беру сапасын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етпейтін рәсімдердің басымдығы; білім беру жүйесінің жаңадан еніп жатқан жайларға ден қоймауы, білім беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескірген қағидаттарына бейілділігі; педагог кадрларды даярлау деңгейінің төмендігі, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз еңбегінің материалдық жағынан нашар ынталандырылуы; білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткіліксіз қаржыландырылуы; оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдістемелік әдебиеттердің қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуі; сабақтас мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінің тетігін жасау және іске асыру кезінде әдіснамалық қағидаттардың үйлесімсіздігі; білім беру саласындағы құралдардың, әдістердің және бағалау қызметі технологияларының жеткіліксіз әзірленуі; педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің нашар дамуы; білім беруді басқару жүйесін қамтитын бірыңғай ақпараттық білім беру инфра құрылымының болмауы. Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ «Білім» бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Алайда мұның өзі білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз. Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет етеді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі міндеттері: халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету; білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; қазақстандық патриотизмге, түзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді басым дамыту; отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу; экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын калыптастыру; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру; білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беруді, ғылым мен үндірісті ықпалдастыру; білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторларының ресурстарын тартудың тетіктерін жасау; педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау;
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін: білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту; білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктегі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру; оқитындардың тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту; білім беру деңгейлерінің мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыты балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды, мемлекеттік тілді үйренуіне, зияткерлік және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады. Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне деген артып келе жатқан қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында: түрлі бейінді (дене тәрбиесі-сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық, экологиялық, ата-аналарды оқыту жөніндегі, мектепке дейінгі жастағы дарынды балалар үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін т.б.) мектепке дейінгі орталықтарды; отбасылық балабақшаларды; қысқа мерзімде болу топтары бар жалпы білім беретін мектептер базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтарды; балалар бөбекжайын, балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды; «мектеп-балабақша» кешендерің; білім беру ұйымдарының базасында мектепалды топтары мен сыныптарын ашу және олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін нормативтік құқықтық және қаржылық жағдайларды жасау қажет. Жергілікті жерлерде мектепке дейінгі тәрбие беруді басқару және әдістемелік қамтамасыз етуді тиісті мамандар білім беруді басқару органдарының құрамында жүзеге асыруға тиіс. Жұмыс берушілердің мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жанынан балабақшалар ашуға үлестік қатысуын ынталандыру тетіктерін жасау қажет. Мектепте оқ үшін тең бастапқы жағдайлар жасау үшін бес жастағы балалар жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар базасында мектепалды даярлық бағдарламаларымен қамтылады. Орта білім беру Орта білім берудің мазмұны мынадай білім беру өрісін қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстёну, өнер, технология, дене тәрбиесі. Орта білім беруде: 12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық базасын жасау; білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік мазмұнын жетілдіру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу және сараптау; оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу; оқитындардың оқу жетістіктерін сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесін құру; оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын жөне оқушының білім-білікті, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгерту; Жақсы аулында 2006-2007 ж. жаңа орта мектеп салу; мектепте оқытудың күтілетін нәтижелерін және оларға жету жолдарын мониторинг деректерінің негізінде талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесін құру; жалпы білім беретін мектептерді салу қажет. Оқу процесі: өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға; ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға; ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нұр алуын бойында қалыптастыруға; нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға; жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты түлектердің базалық құзыреті түріндегі нәтижеге бағытталған білім берудің ұлттық мақсаттары жүйесін орнықтыратын болады. Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін толыққанды және сапалы өткізу үшін негізгі және аға буындағы біріктірілген сыныптар бірте-бірте қысқарады. Жақсы гимназия мектебі мен Ғ.Абдрахманов атындағы Қийма орта маманданған мектептері балалары үшін мектепке дейінгі интернат құрылысы жоспарлануды. Ашық білім беру ортасын құру үшін оқу процесін ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандары кеңінен енгізілетін болады. Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жүктерінің балалары мен девиантты мінез-құлыққа бейім балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшін жағдай жасау көзделеді. Техникалық және кәсіптік білім беру Кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және адамды жаңа технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетін болады. Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларды даярлау және кәсіптік білім беру жүйесінің базалық деңгейі болады әрі білікті жұмысшы кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтің барлық негізгі түрлері бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауға бағытталады. Техникалық және кәсіптік білім берудің бірінші сатысы көптеген қиын емес мамандықтарды техникалық және қызмет көрсету еңбектері бойынша терең теориялық және кәсіптік даярлық Оқу өндірістік комбинатында беріледі және кеңейту, басқа да ауылдарда филиалдарын ашу көзделуде. Оқу өдірістік комбинатын оқып бітірген соң нақтылай кәсіптік біліктілік мамандықтары беріледі (жүргізуші-слесарь, реферат-хатшы, тракторист-машинист ауылшаруашылық машиналарының, құрылысшы, аспаз т.б). Негізгі білім беру базасындағы оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Аудан орталығы Жақсы ауылында республикалық бюджет есебінен 2006-2008 жылы. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласында: педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, білім беруді вариативтік (өзгермелі) үлгілерін жасау; педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу; екінші мамандықтың қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде мемлекеттік тіл, шетел және ана тілдері, информатика, психология бойынша пән мұғалімдерін қайта даярлау; болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу; 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы білім беру ұйымдарында жұмыс істеу ішін педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; педагогтерді және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттаудың жаңа жүйесін әзірлеу; педагогтердің еңбегін ынталандырудың және оларды жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіру; білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру; білім беру ұйымдары басшыларын білім берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру; Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлау кезінде қосымша мамандандыру мүмкіндігі көзделетін болады: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жөніндегі педагогика-психология, мектепке дейінгі білім беру менеджмент, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шетел тілі, қосымша білім беру педагогикасы. Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады. Білім беруді ақпараттандыру Ақпараттандыру блогын іске асырудың негізгі бағыттары: АКТ-ны оқу процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне (1 компьютерге келетін оқушылардың саны - 10-15) қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру; орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу; білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу; өңірлерде білім беру ақпараттық ресурстар орталықтарын және министрліктің білім беру порталын құру; орта білім беру ұйымдарын білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы негізінде порталды және өңірлердің ресурстар орталықтарын біріктіру; білім беру ұйымдарының мониторинг, талдау және басқару ақпараттық жүйесін енгізу. Аталған бағыттарды іске асыру оқу процесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және білім беру жай-күйінің мониторингі мен оны талдаудың дәйекті деректері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне кө^шуге жағдай жасау үшін экономикалығ негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға кажетті қосымша шығыстардың жалпы сомасы 2006 жылдың базалық бағасында 4634,304 млн. теңгені құрайды (4-кесте). 4-кесте (млн.теңге) 2006 2007 2008 2009 2010 барлығы Республикалық бюджет 194,635 360,272 175,0 200,64 - 930,547 Жергілікті бюджет 480,505 671,808 681,607 835,521 889,705 3558,546 Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның индикаторлары
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның индикаторлары Бағдарлама кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Бірінші кезең (2005-2007 жылдар) Әзірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан қорғалмаған әрі тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база Және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады. Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді. Арнаулы білім беру жүйесінде: мүмкіндіктері шектеулі балаларды қамту кеңейтіледі; мүмкіндіктері шектеулі балаларды есепке алудың бірыңғай нысаны жасалатын болады; мүмкіндіктері шектеулі балалардың кәсіпке дейінгі және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді. Қосымша білім беру жүйесінде: кәмелеттік жасқа толмағандардың сабақтан бос уақытта іспен шұғылдануы артады; оқушылардың қызығушылықтарына қарай бірлестіктерге қатысуы артады; жат мінез-құлықты балалардың саны азаяды. Орта білім беруде: 12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады; «Оқулық» ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады; сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады; оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім-білікті және дағдыны енжар «алушы» рөлі білім беру процесінің белсенді субъектісіне өзгереді; мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады; оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгізілетін болады. Жыл сайын 160 педагог, оның ішінде 70 мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады. 900 орынды Жақсы аулында орта мектеп салынады. 2005 жылы - 3, 2006 жылы - 2, 2007 жылы - 2 білім беру объектісін жөндеу көзделеді. 2005 жылы - 2, 2006 жылы - 6, 2007 жылы - 4 білім беру ұйымдары лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, бұл оқушылардың тілдік дайындығын жақсартуға әсерін тигізеді. Мектептен тыс ұйымдардың желісін ұлғайту балаларды қосымша бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс бос уақытында іспен шұғылдану проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің санын азайтуға көмектеседі. Кәсіптік білім беруде: кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады; Жақсы аулында 450 орынды кәсіптік техучилище, басқа ауылдарда ОӨК филиалдары құрылады; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында компьютерлер саны 20 оқушыға 1 компьютерден келу арақатынасына дейін жеткізіледі; жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау (мақсатты келісімшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда), кәсіптік жолын өзі таңдауына, оның ішінде жеке ісін ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесі жасалады; техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады; 2005 жылдың соңына дейін аудан мектептерінің 75%-ын Интернетке қосуға; 2007 жылы мектептердегі компьютерлер санын 20 оқушыға 1 компьютер арақатынасына дейін жеткізуге; қазіргі заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзірлеуге және оқу процесіне енгізуге, жалпы білім беретін мектептік негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыруға және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыруға; Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім беру сапасы мониторингінің ұлттық жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Білім беру сапасын сыртқы және ішкі бағалаудың объективті құралдары жасалып, білім беру ұйымдарын кезең-кезеңімен дәрежелеу енгізілетін болады. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім беру жүйесінің тиімділігі туралы нақтылы ақпарат алуға, білім беруді дамыту стратегиясын жоспарлауға, жергілікті атқарушы органдардың, білімді басқару жергілікті органдарының оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыруға, білім беру процесіне қатысушыларды үздіксіз оқытуға негізделуін қамтамасыз етуге, жағымсыз нәтижелерді болдырмау жөнінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әрбір оқу жылының нәтижелері бойынша білім берудің жай-күйі туралы ұлттық баяндама жарияланатын болады. Екінші кезең (2008-2010 жылдар) Бағдарламаны толық ауқымда іске асыру, жинақталған тәжірибені, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталады. Балаларға үш жастан бастап міндетті білім беруге біртіндеп көшу есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары: 300 орындық 7 балабақша ашылады; білім беру ұйымдарының базасында 400 орындық 4 мектепке дейінгі шағын орталықтар құру; Бес жастағы балалардың 75 %-ы жақсартылған оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық-техникалық базасы бар «мектепалды» институтымен қамтылатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларын білім беруде қолдау жүйесі балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту есебінен құрылатын болады. Орта білім беру жүйесінде: 12 жылдық орта білім беруге көшу жүзеге асырылады; нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары әзірленеді; кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы жасалады; кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны өзгереді; техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының жеткілікті желісі құрылады және модельдері жетілдірілетін болады. Дамуында ауытқулар бар балалардың білім алуына, оларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау көрсетуге және олардың қоғам өміріне етене араласуына басқалармен тең жағдайлар жасалады, кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта іспен шұғылдану проблемалары шешіледі, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға жағдайлар жасалады. 2010 жылды соңына қарай мектептердегі компьютерлердің саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа жеткізілетін болады. Білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленетін болады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биік деңгейіне қол жеткізілетін болады. Жақсы ауданы білімді дамыту бағдарламасы бойынша, 2010 жылға дейінгі күтілген нәтижелерге еріседі, тәрбие және оқу сапасының деңгейі, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың жүйесі ұлғаяды, сондай-ақ 12 жылдық білімге көшу барысы бойынша мамандарды даярлау деңгейі жақсарып, білім мекемесінің материалдық-техникалық базасы бекиді.
Тарау 8. Жақсы ауданының білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР
Жақсы ауданының білім беруді дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту №№ Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 1.1 Мектепке дейінгі тәрбиелеудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын енгізу, сонымен катар сауықтыру, білім беру және коррекциялық бағдарламалармен қамтамасыз ету Оқу жоспарлары мен бағдарламалар Білім беру бөлімі Қыркүйек 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 1.2 Мектепке дейінгі дайындық пен бес жастың балаларын толық қамту Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдігі Білім беру бөлімі Тамыз 2006-2007 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 1.3. Балабақша мен семья арасындағы қарым-қатынасты балалардың толыққанды дамуы мен тәрбиеленуінің, олардың құқығының қорғалуының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және құқықтың мәдениетінің жоғарылату тарапынан қамтамасыз ету Оқу жоспарлары мен бағдарламалар Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 1.4 Мүмкіншіліктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнаулы бағдарламаларды енгізу Аудан әкімінің шешімі, оқу бөлімі бастығының бұйрығы Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдігі, білім беру бөлімі Қыркүйек 2006-2007 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 1.5. Мектепке дейінгі оқу-әдістемелік құралдар, ойыншықтар, ойнау жабдықтарын психологиялық-педагогикалық экспертизадан, тәжірибеден өткізу жүйесін құру Аудан әкімінің шешімі, оқу бөлімі бастығының бұйрығы Білім беру бөлімі Тамыз 2006-2007 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде, жергілікті бюджет 1.6. «Үздік мектепке дейінгі ұжым», «Балғын шақ» сияқты аудандық конкурстер ұйымдастыру және өткізу Оқу бөлімі бастығының бұйрығы Білім беру бөлімі Тамыз 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 1.7. Мектепке дейінгі мини-орталықтар ашу Новокиенка ауылы - 2007 ж. Жақсы ауылы - 2008 ж. Қима ауылы - 2009 ж. Запорожье ауылы - 2010 ж. Аудан әкімінің шешімі, оқу бөлімі бастығының бұйрығы Білім беру бөлімі 2007-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде, жергілікті бюджет 1.8. Балабақшалар ашу: Подгорное, Белағаш, Запорожье – 2006 Киевское,Чапаев. - 2007 ж. Новокиенка, Лозовое, Ишимка -2008 Беловод. Калининское - 2009 ж. Моховое, Кировск,Жаксы - 2010 ж. Аудан әкімінің шешімі, оқу бөлімі бастығының бұйрығы Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері 2007-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде, жергілікті бюджет 1.9. Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын жақсарту мен сауықтыруды ұйымдастыру және тегін медициналық байқаудан өткізуді қамтамасыз ету Аудан әкімінің шешімі, оқу бөлімі бастығының бұйрығы Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде, жергілікті бюджет
Тармақ 2
2. Жалпы орта білім. №№ Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 2.1. Білім беру бағдарламаларын игеру жағдайларын туғызу, мемлекеттік Оқу жоспарлары мен бағдарламалар Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.2. Еңбек базарындағы бітірушілердің кәсіптік біліктілік пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік тілде, ана тілінде және шет тілдерінде сөйлесу, білім алу, білім бағдарламасын меңгеруіне жағдай жасау Оқу жоспарлары мен бағдарламалары Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.3. Жалпы білім беретін мектептер үшін оқу-әдістемелік кешендер мен балама(нұсқаулық) оқулықтарды енгізуге қаржы қарастыру; Бастық шешімі Білім беру бөлімі 2007 жыл Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.4. Денсаулық сақтау мен ақпараттық технологияларды енгізу, оқу-әдістемелік кітапхана қорларын жетілдіру; Аудан әкімі, АББ бөлімі Білім беру бөлімі 2006-2010 ж.. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.5. Мұғалімдердің шығармашылық жұмысқа ынтасын арттыру, шығармашылық шеберлік пен біліктілігін көтеру; Аудан әкімі, АББ бөлімі бастығының бұйрығы Білім беру бөлімі 2006-2010 ж.. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.6 Мектептен тыс білім беру ұйымдарының жүйесін өркендету; Аудан әкімі, АББ бөлімінің бастығы Білім беру бөлімі 2006-2010 ж.. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.7 Жалпы білім беретін мектептерде негізгі және жоғары басқыштағы сыныптарды біріктіруге жол бермеу; Аудан әкімі, АББ бөлімі Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджет 2.8 Ауданның әрбір мектептерінде жыл сайын мектептерді жаңа оқу жылына,жылу беру маусымына дайындау, оқу барысында жылу жүйесінің дұрыс сақталуын қамтамасыз ету; Аудан әкімінің шешімі Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.9. Әрбірінің орта білім алу құқығы мүмкіндігін бере отырып, мектеп жасындағы балаларды есепке алу. Аудан мектептерінің жалпы оқумен қамту бойынша қорын қаржымен қамтамасыз ету. Әскерге шақырылатын жастардың жалпы білімдік дайындығына ерекше көңіл бөлу. Аудан әкімінің шешімі Білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.10 Қоғамдық тамақтандыру бойынша жұмысты жақсарту, жағдайы төмен отбасылар үшін тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру Аудан әкімінің қаулысы Аудандық білім беру бөлімінің бастығы 2006-2010 ж . Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.11 Оралман балаларына оларды әлеуметтік ақтау мақсатында психологиялық педагогикалық көмек көрсету. АББ бөлімінің бұйрығы Аудандық білім беру бөлімінің бастығы 2006-2007 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 2.12 Шағын комплектілі мектептер үлгісін әзірлеу. Жаңа технологиялар мен оқыту формаларын ресми түрде қабылдауды енгізу бойынша байқау алаңын ұйымдастыру. 12 жылдық білім беру бойынша АББ Бөлімінің бұйрығы Аудандық білім беру бөлімінің бастығы 2006-2010 ж. Қосымша қаржы талап етілмейді 2.13 «Ең жақсы қазіргі ауыл мектебі» аудандық конкурсын өткізу АББ бөлімі бойынша бұйрық Аудандық білім беру бөлімінің бастығы 2006 ж. наурыз Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде Базалық профильдік мектептерге ШКМ-ден балаларды тасымалдауды ұйымдастыру; Әкімшілік қаулысы Ауыл округтары әкімдері 2008 – 2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 3. Ауылдық жерлерде білім беру қызметінің деңгейін көтеру № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 3.1 Ауыл мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарды дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу; Аудан әкімінің шешімі, АББ бөлімі бастығы Аудан әкімі, АББ бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 3.2 Ауыл мектептері мен ШК ұйымдардың педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау дайындықтарын қамтамасыз ету; Білім бастығының шешімі АББ бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде
Тармақ 4
4. Бастауыш және кәсіптік білім беру 4.1 Оқу-өндірістік комбинат, кәсіптік лицей: бастауыш және кәсіптік білдім беру мемлекеттік міндетті стандарттарды енгізу; АББ бөлімінің бұйрығы АББ бөлімі, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының жетекшілері Желтоқсан 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 4.2 Аудан бойынша тұрғындардың еңбек базарының сұраныстары мен қажеттіліктерінің мониторингінің нақты болжам механизмдерін құру Жастарға кәсіптік білім беру аймақтық бағдарламасы аудан әкімі АББ бөлімі Қараша 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, т.б қаржы көздері
Тармақ 5
5. Тәрбие жұмыстары мен қосымша білім беруді жетілдіру № п\п Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 5.1 Балалар мен жасөспірімдердің жұмыстылығы мен жазғы демалысын ұйымдастыру АББ бөлімінің бұйрығы аудан әкімі АББ бөлімі қаулысы мамыр 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 5.2 Жазғы демалыс кезінде кәсіптік білім беру оқу мекемелерінде оқитындар үшін уақытша жұмыс орындарын құру; АББ бөлімі АББ бөлімі маусым 2006-2010 ж. Жұмыс берушінің қаржысы 5.3 Аудандық жарыстар, сайыстар, байқаулар, олимпиадалар ұйымдастыру: оқушылардың ғылыми жарыстары; аудандық КТК-тары; «Ақбота», «Кенгуру» марафондары, жаратылыстану - математика, гуманитарлық бағыттағы олимпиадалар, аудандық слеттар, көркемөнерпаздар байқауы АББ бөлімінің бұйрығы АББ бөлімі наурыз2006-2010 ж Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 5.4 Қосымша білім беру мен мектептен тыс ұйымдардың жетекшілерімен семинар кеңестер өткізу: «Оқушылардың өздігінен білімдерін жетілдіру тәрбие технологиясын енгізу», «Оқу барысы жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар және оларды мектептен тыс мекемелерге енгізу» АББ бөлімінің бұйрығы АББ бөлімі Мамыр 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 5.5 Арнаулы жаппай ақпараттық ағартушылық және оқыту бағдарламалары, оның ішінде жастар мен балалардың ағартушылық құқықтары бойынша қаржыны қарастыру. есеп АББ бөлімі районная «Жақсы жаршысы» газеті Желтоқсан 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 5.6. Оқушылардың және тәрбиеленушілердің тұратын жерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру: аулалық клубтар, қосымша мектептен тыс ұйымдар: Музыкалық мектеп филиалы, ОӨК филиалы АББ бөлімінің бұйрығы АББ бөлімі Сәуір 2006-2010 ж. Қима ауылы-2006 ж., Жақсы ауылы - 2006 ж., Белағаш ауылы 2007 ж. 2006 ж. 2007 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде
Тармақ 6
6. Білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 6.1 Статистикалық білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру. Біргеліктегі бұйрық АББ бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 6.2 Білім берудің ақпараттық жүйесін енгізу. Аудан әкімінің шешімі, АББ бөлімінің бұйрығы Аудан әкімі, қаржы және экономика, АББ бөлімдері 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 6.3 Аудандық білім беру ұйымдарының барлық қызмет түрлерінің нәтижелерін мониторингін өткізу мен әзірлеме мазмұнын қамтамасыз ету АББ бөлімінің бұйрығы Білім беру ұйымдарының жетекшілері тамыз-қыркүйек 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде
Тармақ 7
7. Білім беру жүйесінде қаржы-экономикалық механизмдерін дамытуды қамту № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 7.1 Білім беру ұйымдарының, педагог жүмысшылар, әкімшілік, қосалқы-оқу, қызметші персоналдар еңбекақыларын 30 пайызға көтеру Барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат шешімдері Білім беру және қаржы-экономика департаменттерінің бұйрықтары Аудан әкімі, қаржы және экономика, АББ бөлімдері қаңтар 2007 жыл Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 7.2 Барлық мемлекеттік жалпы білім беру мекемелеріндегі жалпы оқумен қамту қорларын қаржыландыру нормаларын қамтамасыз ету. Аудан әкімінің шешімі, АББ бөлімінің бұйрығы Аудан әкімі, қаржы және экономика, АББ бөлімдері 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 7.3 Дарынды, талантты оқушылар үшін ақшалай ынталандыруды белгілеу Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық білім беру бөлімі 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде
Тармақ 8
8. Білім беру ұйымдарының желілерін дамыту мен тұрақтандыру. № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 8.1 Мектепке дейінгі ұйымдарының желілерін, сауықтыру топтарын, шағын-орталықтарды дамытуды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық білім беру бөлімі Қаңтар 2006 -2010 жылдары Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 8.2 Тұрғындардың жергілікті жерлерде демалу мен бос уақытын өткізу орталықтары, (аула клубтары, жас станция техниктері, саз мектептерінің филиалдары) жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу тәсілдерін мектептен тыс жүйелерде дамытуды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аудандық білім беру бөлімі 2009-2010 жылдары Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде 8.3 Сауықтыру және басқа лагерлер жүйелерін дамыту және сақтау. (Қийма ауылы сауықтыру орталығы) Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық білім беру бөлімі маусым 2009 жыл Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 8.4 Мектеп жадындағы интернаттарында белгілі мамандықтармен оқыту және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. (Жақсы ауылы, Қийма ауылы) Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық білім беру бөлімі Қыркүйек 2008 жыл Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 8.5 Шағын жабдықталған мектептердің жүйелеріне қысқарту жасау. (Моховое ОМ- 79 оқушы) Аудан әкімінің шешімі Аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық білім беру бөлімі Қыркүйек 2006 жыл Қаражат қажет етілмейді
Тармақ 9
9. Кадрларды даярлау және біліктілігін көтеру. № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 9.1 Мектеп мұғалімдерін жаңа буынға оқулықтарды енгізуді даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, жалпы білім беру бөлімінің басшылары Маусым 2006-2010 ж Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 9.2 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау аймақтық университеті базасында педогогикалық кадрларды даярлауды ұйымдастыру. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, жалпы білім беру бөлімінің басшылары. Маусым 2006-2010 ж Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 9.3 Мектепке дейінгі тәрбие және балаларды оқыту мәселелері жөнінде мектеп жанындағы оқуды бастауыш сыныппен байланысы аудандық семинар-кеңес өткізу. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Білім беру бөлімінің бастығы, жалпы білім беру бөлімінің басшылары. қыркүйек 2006-2010 ж Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері. 9.4 Оқу өндірістік комбинаты, лицей,кәсіптік педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыру, даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, обл БКИ. Наурыз 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері.
Тармақ 10
10. Білім беру бөлімінің ақпараты. № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 10.1 Білім беру құрылымын ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау Есеп Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, жалпы білім беру бөлімінің басшылары 2006-2007 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері. 10.2 Аудан мектептерін интернет жүйесіне қосуды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету. Есеп Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, жалпы білім беру бөлімінің басшылары. 2006-2007 ж. Бюджетте қаралған қаржы көлемінде. 10.3 Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарын интернеттік ақпарат желісіне қосуды жүзеге асыру. Есеп Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы, мектепке дейінгі ұйым басшылары. 2006-2007 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері. 10.4 Педогогикалық қызметкерлерді білім беру ақпарат тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында дайындау мен қайта дайындауды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы,аудандық методикалық кабинет. Март 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері. 10.5 Білім берудің барлық деңгейлерінде жүйеленген пакеттер бағдарламасын оқушыларға сатып алу. Аудан әкімінің шешімі, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы,аудандық методикалық кабинет. Қыркүйек 2006-2010 ж. Жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде, басқа да қаржы көздері.. 10.6 Аудан мектептеріндегі компьютерлік парктерін кезең-кезеңмен жаңарту. Аудан әкімінің шешімі. Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы. 2006-2010 ж. Қосымша қаржы қажет етеді.
Тармақ 11
11. Білім беру ғимараттарында құрылыс, материалдық базаларды нығайту. № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуға жауапты Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері 11.1 Жаңа 900 орындық мектептің құрылысын іске қосуды қамтамасыз ету. Үкімет қаулысы Білім беру департаментінің директоры 2006-2008ж. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 11.2 Мамандандырылған мектеп жанындағы интернаттар мен кәсіптік лицейлер құрылысын жақсарту. Үкімет қаулысы Білім беру департаментінің директоры 2007-2008ж. Қосымша қаржы қажет етеді. 11.3 Жалпы білім беретін аудан мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету: Беловод ОМ, Запорожье ОМ Білім беру бөлімінің бұйрығы Білім беру бөлімінің бастығы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл Бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде 11.4 Аудандық оқу мекемелерінде ауылшаруашылық техникаларын, станоктар, жиһаздарды жыл сайын жаңартуды қамтамасыз ету: химия мен биология кабинеттеріне-20, физика кабинетіне-20, бастауыш сыныптарға-58, компьютерлер -8+1-4сынып. -5+1-17сынып. Білім беру бөлімінің бұйрығы Аудан әкімі, білім беру бөлімінің бастығы. 2006- 2010 ж Қосымша қаржыны қажет етеді. 11.5 Аудан мектептерінің оқушыларын уақытында оқулықтармен қамтамасыз ету және бұл үшін орталықтандырылған бюджет қаражатын қарастыру. Білім беру бөлімінің бұйрығы Аудандық білім беру бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі. 2006-2010 ж. Бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде 11.6 Жалпы білім беру мектептерін оқулық, ғылыми, методикалық әдеби, электронды оқулықтармен қамтамасыз ету шараларын қарастыру. Білім беру бөлімінің бұйрығы Білім беру бөлімінің бастығы 2006 жыл-2010 жыл Бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде 11.7 Мамандандырылған мектептер базасына шағын жабдықталған мектептер оқушыларын тасымалдау үшін тоғыз мектептік автобус сатып алу. Білім беру бөлімінің бұйрығы Білім беру бөлімінің бастығы тамыз 2008 жыл Қосымша қаржыны қажет етеді.