Қолданыстағы ред. 28.05.2007 - 01.01.2007 (Редакция 33560_327690.kaz)

Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.05.2007 г. № 38/1 (Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1, 4-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2007 жылдың 23 мамырдағы № 124 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-30-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсанда, «Шамшырақ» газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихатгың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандык бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 8 ақпандағы № 35/1 шешімімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-33 нѳмірмен тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда «Шамшырақ» № 13-14 газетінде жарияланған, ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
“1. Түлкібас ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1)кірістер - 2455437 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 444954 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3239 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 66926 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1940318 мың теңге;
2)шығындар - 2466769 мың теңге;
3)операциялық сальдо - -11332 мың теңге;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
6)бюджет тапшылығы - -11332 мьң теңге;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 11332 мың теңге”.

2

2) тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
“2. Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 12369 мың теңге соммасында белгіленсін, оның ішінде:
төтенше резерві - 2900 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві -9469 мың теңге”.
Аталған шешімнің 1,2,3 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.