Қолданыстағы ред. 05.09.2007 (Редакция 38165_312769.kaz)

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы от 05.09.2007 г. № 218 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының 15.08.2007 жылғы №2108 сұраныс хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу 18.05.2006 ж. №7-4-21 «Орда жұлдызы» 8.06.2006 ж. № 23) қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған қаулымен бектілген № 1 қосымшадағы «Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің» тізбесіне Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Бөкей ордасы ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті инспекторы енгізілсін.