Қолданыстағы ред. 30.05.2008 (Редакция 40153_196189.kaz)

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік корғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қала әкімдігінің 2006 жылгы 29 наурыздағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 30.05.2008 г. № 1724 («Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік корғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қала әкімдігінің 2006 жылгы 29 наурыздағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

«Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерін
әлеуметтік корғау жөніндегі қосымша
шаралар туралы» қала әкімдігінің
2006 жылғы 29 наурыздағы № 326
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Бағаның өсуіне байланысты және Қазақстан Республикасының «Ұлы
Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген
адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»
Заңының 20 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қала әкімдігінің 2006 жылғы 29
наурыздағы № 326 қаулысына (2006 жылғы 24 сәуірде Қапшағай қалалық
әділет басқармасының мемлекеттік тізілімінде 2-2-29 нөмірімен тіркелген және
«Қапшағай» газетінің 2006 жылғы 5 мамырдағы 17 (251) нөмірінде
жарияланған) төмендегі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұнда берілсін:
«1» «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін әлеуметтік
қорғау мақсатында коммуналдық қызмет және тұрғын үй төлемақысын өтеу
үшін ай сайынғы төлемақы ретінде келесі мөлшерде жеңілдіктер белгіленсін:
электрмен қамтамасыз ету 45 киловатт, 1 кіші газ баллон көлемі 27 литр, суық су және ыстық сумен қамтамасыз ету, жылу жүйесі 18 шаршы метр, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 1 тонна көмір 7000 (жеті мың) теңге».

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.