Қолданыстағы ред. 05.06.2006

«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы № 1567 санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 05.06.2006 г. № 335 («Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы № 1567 санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы № 1567 санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
«Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін»
және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 12 наурыздағы № 09 «Ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы негізінде
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы және 37 бабы 1-2
тармағын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1

1.«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы»
аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы №1567 санды қаулысына аудан
орталығында мекеме, кәсіпорын, ұжымдар тарапынан құрылыс жұмыстары
жүргізілуіне байланысты 1 қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

2

2. Ауыл, кенттік округ әкімдері және мекеме, көсіпорын, ұжым
басшылары қоғамдық жұмысқа жіберілгендерді ақылы қоғамдық жұмыстар
түрлерінің тізбесінде көрсетілген жұмыстарға (№ 2 қосымша) жөне мақсатты
топтарға (№ 3 қосымша) ақылы қоғамдық жұмыстарды тиімді пайдалансын.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы Н.Махамбетовке ауыл, кенттік округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын,
ұжым басшыларына қоғамдық жұмысты Қазақстан Үкіметінің 2001 жылғы
19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Ережеге сай ұйымдастыру
тапсырылсын.

4

4. Ақылы қоғамдық жұмыста төленетін еңбек ақы Қазақстан
Республикасында бекітілген төменгі еңбек ақы мөлшерінен кем болмасын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан өкімінің орынбасары
С. Жакаевқа жүктелсін.

6

6. Аудан әкімдігінің мемлекеттік тіркеу № 5-16-8 «Ауданда 2006 жылы
ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 30 желтоқсан 2005 жылғы
қаулысының күші жойылсын.

7

7. Осы каулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.