«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы № 1567 санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы № 1567 санды қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін» және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 12 наурыздағы № 09 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы және 37 бабы 1-2 тармағын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1.«Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 30 желтоқсан 2005 жылғы №1567 санды қаулысына аудан орталығында мекеме, кәсіпорын, ұжымдар тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты 1 қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Ауыл, кенттік округ әкімдері және мекеме, көсіпорын, ұжым басшылары қоғамдық жұмысқа жіберілгендерді ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесінде көрсетілген жұмыстарға (№ 2 қосымша) жөне мақсатты топтарға (№ 3 қосымша) ақылы қоғамдық жұмыстарды тиімді пайдалансын.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Махамбетовке ауыл, кенттік округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын, ұжым басшыларына қоғамдық жұмысты Қазақстан Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Ережеге сай ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Ақылы қоғамдық жұмыста төленетін еңбек ақы Қазақстан Республикасында бекітілген төменгі еңбек ақы мөлшерінен кем болмасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан өкімінің орынбасары С. Жакаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің мемлекеттік тіркеу № 5-16-8 «Ауданда 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 30 желтоқсан 2005 жылғы қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы каулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.