Құжат мәтініне өту

"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Өзге акт · № 29 · қабылданған 12.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2006-30-n-302/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 29 ·12.12.2007
12.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 29 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)

Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
12.12.2007
Көрсетілген редакция
12.04.2010 · қолданыстағы 36667_67650.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07L0004197
ЭКБ идентификаторы
36667
Редакция идентификаторы
36667_67650
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:40

0

"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4162 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 152 санында жарияланған) қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қызылорда облыстық мәслихатының

2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 29 шешіміне қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі

1 1. Жалпы ережелері

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және аурулардың белгілі түрлерімен науқастанатын жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында осы жекелеген санаттағы азаматтарға республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын облыс бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібі әзірленген.

2 2. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарына өтем алу құқығы

Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына емделуге және тексерілуге жол қаражат шығынын өтеуге "Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті) жолдаған азаматтардың алуға құқығы бар.

3 3. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті науқасқа және қажетті жағдайда науқасты алып баратын адамға (егер берілген жіберу құжатында оның қажеттілігі аталып өткен жағдайда) купелік вагонның бағасы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің жіберу құжаты болған жағдайда төленеді.
Жол қаражат шығыны науқасқа және қажетті жағдайда оны алып баратын адамға жылына бір рет (емдеу орнына дейін бару және қайту жолына) төленеді.

4 4. Қаржыландыру көздері

Науқастар емделуге және тексерілуге Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті тарапынан жіберілгенде жол қаражат шығындары облыстық бюджеттің қаржысы есебінен өтеледі.
Азаматтардың республика ішінде емделуге жол қаражат шығынын әлеуметтік көмек ретінде төлеу "Азаматтарды елді мекеннің шегінен тыс емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету" 253 016 000 бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

5 5. Жол қаражат шығындарын өтеу төлемі

Жол қаражат шығыны облыстық бюджеттің қаржысы есебінен Ұлттық Банкі берген лицензиясы бар мекемелер арқылы төленеді.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті алынған қаржыны төлем құжаттары арқылы науқастардың бет есеп шоттарына аударады.

6 6. Жауапкершілік

Тексерілуге немесе емделуге жіберілген азаматтар артық төлем жасалынуға жол берген жағдайларды жасырғанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қолданыстағы