Қолданыстағы ред. 29.08.2007

Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56 (нормативтік құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51 енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының № 19. 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 29.08.2007 г. № 307 (Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56 (нормативтік құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51 енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының № 19. 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудан әкімиятының 2006 жылғы
31 наурыздағы № 56 (нормативтік
құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде
мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51
енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының
№ 19. 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми
жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім
беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабын басшылыққа алып, аудан әкімиятының ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысының 2 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
- «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін алушылар саны бұрыннан алып жүрген азаматтарды қоса есептегенде жыл сайын 13 адамнан аспайтын болып белгіленсін»

2

2. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысымен бекітілген Ережесінің 3 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
- «Әлеуметтік білім беру көмегі Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге, 5 педагогика, 5 медицина және 3 басқа мамандықтар бойынша оқу үшін беріледі».

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін қосымша алушы 6 (алты) студенттің 2007-2008 оқу жылына қаржысының есебін шығарып, бюджет жоспарына енгізуге ұсынсын.

4

4. Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін алуғаи үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Бисенғалиевтің қызметтен шығуына байланысты орнына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Медеуғалиев Тілекші Жағыпарқызы болып өзертілсін.

5

5. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп,алғаш ресми жариялағаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.