Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56 (нормативтік құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51 енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының № 19. 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
31 наурыздағы № 56 (нормативтік
құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде
мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51
енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының
№ 19. 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми
жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім
беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабын басшылыққа алып, аудан әкімиятының ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысының 2 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
- «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін алушылар саны бұрыннан алып жүрген азаматтарды қоса есептегенде жыл сайын 13 адамнан аспайтын болып белгіленсін»
Тармақ 2
2. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысымен бекітілген Ережесінің 3 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
- «Әлеуметтік білім беру көмегі Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге, 5 педагогика, 5 медицина және 3 басқа мамандықтар бойынша оқу үшін беріледі».
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін қосымша алушы 6 (алты) студенттің 2007-2008 оқу жылына қаржысының есебін шығарып, бюджет жоспарына енгізуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін алуғаи үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Бисенғалиевтің қызметтен шығуына байланысты орнына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Медеуғалиев Тілекші Жағыпарқызы болып өзертілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп,алғаш ресми жариялағаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.