Әкімдіктің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы«Халықты жұмыспен қамту туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-4 тармақтарына, 18-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкімдіктің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 27.06.2006 г. № 521 (Әкімдіктің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы)
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-35, 2006 жылғы 22 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 15 жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақыларын төлеуге жұмыс берушілердің шығындары ең төменгі жалақыдан 50 пайызы мөлшерінде жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттары есебінен алты айдан аса емес мерзімге өтеледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалардың жэне ата-аналардың қамқорлығысыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалардың, зейнет алдындағы тұлғалардың (жасы бойынша зейнетке шығуға екі жыл қалған), мүгедектердің, оралмандардың, сонымен қатар «жастар практикасына» жұмыска орналасқандардъщ жалақыларын төлеуге жұмыс берушілердің шығындары ең төменгі жалақы мөлшерінде жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттары есебінен алты айдан аса емес мерзімге өтеледі. Бюджет қаражаттарын аудару бойынша есептер жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі.»
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.