Қолданыстағы ред. 27.04.2007

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 27.04.2007 г. № 347 (Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы
7 шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз
етілген отбасыларына әлеуметтік көмек
көрсету туралы" қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сэйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелген, тіркеу № 2-7-25, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі № 40 (5302) "Атамекен" газетінде ресми жарияланған) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта «30000 теңгеден 70000 теңгеге дейінгі» деген сөздер «150000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.