Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сэйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 444 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелген, тіркеу № 2-7-25, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі № 40 (5302) "Атамекен" газетінде ресми жарияланған) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта «30000 теңгеден 70000 теңгеге дейінгі» деген сөздер «150000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.