Об утверждении инструкции по квотированию рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Тұрғындардың жұмыспен қамтылау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қантардағы «Мүгедектерді ақтаудың 2006 - 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» № 17 қаулысына сәйкес, мүгедектердің кәсіптік және еңбектік мәселелерін шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау мақсатында облыстық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қоса берілген нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру ұшін қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота бекітілсін.
Тармақ 3
3. «2005 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау мақсатында облыстық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша нұсқауды бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 153/5 қаулысы (МТН 12-6-03 2005 жылғы 24 маусым) жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын және нұсқауды жүзеге асыру бойынша жұмыста үйлестіру аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 6. Железин ауданы бойынша селолық округтердің кесімінде мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына КВОТА
Железин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «15» наурыз 2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша нұсқауды бекіту туралы» № 126/3 қаулысына қосымша Железин ауданы бойынша селолық округтердің кесімінде мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына КВОТА № Аумақтық бірліктің атауы Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер Мамандық Енгізу мерзімі 1. Железин селолық округі Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын «Көмек» № 1 Железин ЖОМ № 2 Железин ЖОМ № 3 Железин ЖОМ Күзетші Жұмысшы Аспаз Еден Жүүшы Мамыр Қыркүйек Қыркүйек 2. Еңбекші селолық округі «Жұмабек» шаруа қожалығы Жұмысшы Маусым Барлығы аудан бойынша: 5 адам
Басқа 7. 2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша НҰСҚАУ
Железин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «15» наурыз 2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша нұсқауды бекіту туралы» № 126/3 қаулысымен бекітілді 2006 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша НҰСҚАУ Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектірдің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа қабылдануына қолдау жасау мақсатында квоталанатын жұмыс орныдарының ең төменгі мөлшері белгіленеді.
Тармақ 2
2. Нұсқауда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: квоталандырылатын жұмыс орындары (квота) – кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы, жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердің жұмыс орындарындағы үлесі (бөлігі); жұмыс берүші – аудан аумағында қызметін атқаратын, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарынан басқалары), жеке тұлғалар;
Тарау 2. 2. Квоталар белгілеудің талаптары және реті
2. Квоталар белгілеудің талаптары және реті
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсыныстарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган – жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердің санын талдау негізінде, сұранысты және өлкеге қажетті жұмыс күшін болжамдау бойынша әзірлейді.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның ұсыныстарының негізінде аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және оны ендіру мерзімін белгілейді.
Тармақ 5
5. Қабылданған шешім туралы жұмыс берушілер хабарландырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес жыл сайын бір жылдан кем емес мерзімге барлық жұмыс онының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер бегіленген квотаға сәйкес мүгедекерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
Тармақ 8
8. Жұмыс орындарына орналастыру, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның жолдамасының негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің міндеттері мен жауаптылығы
3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің міндеттері мен жауаптылығы
Тармақ 9
9. Мүгедектер үшін белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның жолдамасының негізінде жұмыс берушілер азаматтарды жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер кәсіпорындарында, мекемелерде және ұймдарда белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес босаған жұмыс орындары немесе құрылған жұмыс орындары жөнінде үш күндік мерзімде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға ақпарат беруге міндетті.