Қолданыстағы ред. 15.03.2006

2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы от 15.03.2006 г. № 72 (2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы)

0

2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың нысаналы топтарына:

1

1) табысы аз адамдар;

2

2) 21 жасқа дейінгі жастар;

3

3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

4

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5

5) асырауында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6

6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7

7) мүгедектер;

8

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;

9

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10

10) оралмандар жатады.

2

2. Ауданның селолары мен селолық округтерінің әкімдері «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, халықтың нысаналы топтарына жататындарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қарастырсын.

3

3.
«Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

1

1) халықтың нысаналы топтарына жататындарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;

2

2)
халықтың нысаналы топтарына жататындардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Кәженовке жүктелсін.